Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 15.11.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

В категории материалов: 126
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 ... 12 13 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Хаттамалар (protocol) — бұл кейбір байланыстарды реттейтін процедуралар мен ережелер жиыны. Мысалға, бір мемлекет дипломаты екінші бір мемлекеттің дипло-матымен қатынасы тек хаттама түрінде жүргізіледі. Компьютерлік желіде байланыс ережелері осы мақсатта қызмет етеді.
Хаттама - бұл желіде біріктірілген бірнеше компьютерлердің бір-бірімен арақатынасы, техникалық процедуралар мен ережелер.
Хаттамаларға байланысты негізгі үш кезең:
1. Көптеген хаттамалар бар. Олардың барлығы байланысты жүзеге асыруға қатынасқанымен, олардың әрқайсысында өз мақсаттары, әртүрлі тапсырмалары, артықшылықтары мен шекеулері бар.
2. Хаттамалар OSI моделінің әртүрлі деңгейінде жұмыс істейді. Хаттамалардың қызметі жұмыс істеген деңгеймен анықталады. Егер мысалға, хаттама физикалық деңгейде жұмыс істесе, онда ол желілік адаптер тақшасы арқылы дестелердің өтуін және олардың желілік кабелге келіп түсуін қамтамасыздандырады.
3. Бірнеше хаттамалар ортақ қызмет ете алады. Бұл стек немесе хаттамалар жинағы деп аталады.

Информатика | Просмотров: 1028 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.03.2016 | Комментарии (0)

Есептеуіш желілерде түрлі өндірушілердің аппаратты-бағдарламалық құралдарын пайдаланудағы айырмашылықтардан және бір өндірушінің осы құралдарының жеке түрленулеріндегі айырмашылықтардан өту үшін Стандарттар жөніндегі халықаралық ұйым (ISO) әртекті жүйелердің (компьютерлер, терминал, процестер, байланыс құралдары және т.б.) желілік өзара әрекеттесуі бойынша ұсыныстар тобын біріктіретін ашық жүйелердің өзара әрекеттесу моделін (OSI) әзірледі. «Ашық жүйелер» термині сәйкес ұсыныстар арқылы кез-келген екі жүйенің өзара әрекеттесу мүмкіндігін білдіреді.
OSI моделі бірыңғай архитектура шебінде желілік өзара әрекеттесу хаттамаларының (ережелер мен келісімдерінің) көп деңгейлік, төменнен жоғары сатылығын сипаттаудың құрылымдалған әдісі болып табылады. OSI моделінің шебінде екі ашық жүйелердің желілік өзара әрекеттесу деңгейлері көрсетілген. Модель желінің екі өзара әрекеттесетін абоненттерді тікелей қосуын ұйғармайды. Бұл жерде байланыстың желі ішіндегі желіні коммутациялаудың кез-келген әдістерін пайдалануы мүмкін.

Информатика | Просмотров: 2177 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 30.03.2016 | Комментарии (0)

Жаңа замандағы желілерде қолданылып жүрген кабельдердің бірнеше түрлері бар.Төменде ең көп қолданылып жүрген кабельдер жайлы жазылған.Мыстан жасалған кабельдердің түрлері электрлік кабельдерді құрайды.Олар телефон желісін жүргізуде және ЛВС-ті инсталляциялауда қолданылады.Ішкі құрылысы бойынша кабельдер қос ширатпа және коаксиалды деп бөлінеді.
«Қос ширатпа» типті кабель(twisted pair)
Қос ширатпа деп,екі өткізгіш біріктіріліп, бірнеше рет ширатылып бұралған тұтас кабельді айтамыз.Сымдарды ширатып бұрау кабель бойымен сигнал жіберген кезде болатын электрлік ақауларды азайтады.Ал экрандалған қос ширатпа кедергілердің болмауын одан да бірнеше есеге ұлғайтады.«Қос ширатпа» кабелі Ethernet, ARCNet и IBM Token Ring сияқты көптеген желілік технологияларда қолданылады.
Қос ширатпадағы кабельдер экрандалмаған (UTP – Unshielded Twisted Pair)  және экрандалған мыс кабельдерге бөлінеді.Соңғысы екіге бөлінеді:әр жұбы экрандалған және жалпы экрандалған (STP – Shielded Twisted Pair) және тек бір ғана ортақ экраны бар (FTP – Foiled Twisted Pair).Кабельдегі экранның бар болуы немесе жоқ болуы жіберілген ақпараттың қорғанысы туралы еш мәлімет бермейді, ол тек өзгеріске ұшырауының әртүрлілігін көрсетеді.

Информатика | Просмотров: 4495 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 29.03.2016 | Комментарии (0)

Физикалық орта физикалық байланыс құралдары құрылатын негіз болып табылады.Физикалық ортадағы физикалық қосылу құралдары Физикалық деңгейді қамтамасыз етеді.Физикалық орта ретінде эфир, металлдар, оптикалық шыны және кварц кеңінен қолданылады.Ал физикалық деңгейде ақпараттарды жөнелтетін тасушы орналасады.Ақпараттарды жіберу ортасына тек  кабельдік қана емес, сонымен қатар сымсыз технологияларды да жатқызуға болады.Бірақ, физикалық кабельдер желілік коммуникацияда кең таралған тасушылар, ал сымсыз технология мүмкіндіктерінің арқасында бүкіләлемдік желілерді байланыстыруда дамып келе жатыр.Физикалық кабельдерге арналған физикалық деңгейде ақпарат берудің механикалық және электрлік (оптикалық) қасиеттері бар,оларға:
    разъемдер мен кабельдердің типтері
    разъемдегі байланыстың ажырауы
    0 мен1 мәндері үшін сигналдардың кодтау схемасы

Информатика | Просмотров: 882 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 29.03.2016 | Комментарии (0)

Кез-келген компьютерлік желіні құру үшін маңызды есептерді шешуден бастау керек:
•    Құрылатын желінің мақсатын анықтау;
•    Желінің топологиясын анықтау;
•    Желіге тасымалдау ортасын және рұқсат әдісін таңдау;
•    Желілік аппараттық және программалық қамтамасыз етуді таңдау;
•    Басқаруды ұйымдастыруды таңдау.
Компьютерлік желіні құру кезіндегі мақсат -  оны құру кезіндегі негізін салушы тапсырма болып табылады. Берілген тапсырманы дұрыс шешу тек қана құрылатын желінің нәтижелігіне әсер ете қоймайды, сонымен қатар аппараттық және программалық қамтамасыз ету желісін алудың мақсатқа лайықтылығының экономикалық есептеуін жүргізуге мүмкіндік береді.
Желінің топологиясын таңдау, оның ішіндегі қажетті есептеу және информациялық процестердің мақсаты мен мінезіне қатысты орындалады. 

Информатика | Просмотров: 2454 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 29.03.2016 | Комментарии (0)

Жергілікті желі - компьютерлердi бiрiктiру үшiн қолданылады. Компьютерлiк желiлер компьютерлерден басқа да желiлiк құрылғылардан тұрады. Бұл құрылғы желi арқылы жiберуге арналған ақпаратты түрлендiруге мүмкiндiк бередi. 
Ақпарат - желiлер арқылы берiлетiн сигналдарғa түрлендiрiледi (кодтау процесi), осыдан кейiн сигнал қайта түрлендiрiледi (декодтау процесi). 
Компьютерлер, жергiлiктi желiге желiлiк тақша деп аталатын интерфейстiк блок - желiлiк адаптер арқылы қосылады. 
Желiлiк адаптер – компьютердің байланыс желiсiмен сәйкестендірiлуiн қамтамасыз ететін  құрылғы. 
Кең таралған адаптерлерге: Ethernet, Token Ring жене ArcNett типтерi жатады. Адаптердiң әр типi деректердi тара¬ту жене желiмен қатынасудың нақты бiр технологиясына сейкес келедi. 
Ақпарат байланыс тораптары арқылы сандық түрде берiледi. 
Байланыс желiсiнiң сымды жене сымсыз түрлерi бар. 
Желiлік құрылғыларға - концентратор мен коммутаторлар жатады. Олар дерек алмасу сапасын жақсартады жене дepeктepдi таратудың әр түрлi стандартын қолданатын желiнiң әр түрлi бөлiктерін бiрiктiредi.

Информатика | Просмотров: 2235 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 29.03.2016 | Комментарии (0)

Желілердің архитектурасы
Желілердің архитектурасы желідегі негізгі элементтерді анықтайды, оның ортақ логикалық ұйымын, техникамен, программамен қамтамасыз етуін  сипаттайды, кодтау әдістерін суреттейді. Сонымен қатар архитектура жұмыс жасау принципін және қолданушының интерфейсін анықтайды.
Берілген курсте архитектураның үш түрі қаралады:
    терминал – негізгі компьютер архитектурасы; 
    клиент – сервер архитектурасы; 
    бір рангті архитектура.
Терминал – негізгі компьютер архитектурасы.
Терминал – негізгі компьютер архитектурасы (terminal – host computer architecture) – бұл  мәліметтердің барлық өңделуі бір немесе топталған негізгі компьютерлерде жүзеге асырылатын ақпараттық желі концепциясы.

Информатика | Просмотров: 2432 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 29.03.2016 | Комментарии (0)

Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің  және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға  және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
    Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.
Компьютерлік желілер құрылымы бойынша жергілікті, аймақты және аумақты болып бөлінеді.
    Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.

Информатика | Просмотров: 2636 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 29.03.2016 | Комментарии (0)

Компьютерлік желілер пәнінен глоссарий

 

Адаптер – сыртқы құрылғы мен шина арасындағы мәлеметтерді стандартты алмасу жергілікті басқару функциясын атқарады.
Антенна - электромагниттік толқындарды қабылдау және таратуға арналған құрылғы.
Арна (Channel) –  сигналдарды жіберуге арналған физикалық немесе логикалық жол. Компьютерлік желі аясында көбінесе коммуникациялық және дисктік деген каналдың екі түрі жиі кездеседі. Коомуникациялық арна деп сөйлеу, мәліметтер немесе видео бейнелер жүретін маршруттарды атайды. Мәлімет жіберудің қазіргі технологиялары бір физикалық арнаның ішінде бірнеше коммуникациялық арналары ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Аутентификация – бұл сол қолданушы индивидуум болып  табылатынына сенім алу.
Желі – деректер алмасуын қамтамасыз ететін арнайы аппаратураның көмегімен қосылған компьютерлер тобы.

Информатика | Просмотров: 3969 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 29.03.2016 | Комментарии (0)

Компьютерлік желілер, түрлері
 
Қазіргі заманғы өндіріс ақпаратты жоғары жылдамдықта өңдеуді, оны өңдеу және берудің тиімді формаларын қажет етеді. Осы мақсатта компьютерлік желілер құрылады.
Желі–мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілегн компьютерлердің жиынтығы.
Есептеу желісі–бір-бірімен байланысқан желі элементтері арасында мәліметтер жеткізуге арналған программалық және аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесі. Программалық құрауыш операциялық жүйе мен желілік қолданбалардан тұрады.
Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар: жұмыс станциялары; желі серверлері; қатынастық тораптар.
Желі абоненттері–ақпаратты өңдеу немесе қолданатын нысандар.
Желі абоненттері жекелеген ЭЕМ-дер, ЭЕМ комплекстері, өндіріс роботтары, станоктар және т.б болуы мүмкін. Кез-келген желі абоненті станцияға қосылады.

Информатика | Просмотров: 1279 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 18.02.2016 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 ... 111-120 121-126