Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 20.2.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Еуразияшылдық:теория және практика [ Добавить материал ]

В категории материалов: 14
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Л.Н. ГУМИЛЕВ: 
ЭТНОГЕНЕЗДІҢ ПАССИОНАРЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ 

Жер бетінде әртүрлі замандарда өмір сүрген этностар мәңгі емес. Бұл мәселе туралы пікірталас көп. Немістің ұлы тарихшысы Ранке тарих ғылымында «халықтық рух» идеясын енгізіп, ұлтты, халықты «тарихи аренаға шығаратын уақыт» деп көрсеткен болатын. Ұлттың үнемі өзгеріске ұшырайтыны туралы идея кеңестік теорияда да бар, осыған сүйене отырып, кеңес өкіметі ұлтсыздандыру саясатын жүргізді. Алайда ұлт мәселесіне мұндай жауапсыздық пен жеңіл көзқараспен қараудың неге әкеп соқтырғаны тарихта белгілі жайт. Әлем халықтарының өзара байланыстылығы мен халықтарды «тарихи» және «тарихи емес» деп бөлетін евроцентризмге өмір бойы күрескен Л. Гумилев Еуразияның ерекше географиялық аймағы – Ұлы даланың тарихының Еуропа тарихынан әсте кем еместігін зерттеп қана қойған жоқ, жаңаша тұжырымдар жасап, тарихи ақиқатты жақындататын зерттеулер әдістерін жаңартып, этногенездің жаратылыстық ғылыми теориясын жасақтады.
Бұл зерттеулер 1965 жылы «Вестник Ленинградского университета» атты журналда «Ландшафт және этнос», «Тарихи география пәні туралы» деген мақалаларында жарияланды. 
1976 жылы жазылып аяқталған «Этногенез және жер биосферасы» атты еңбегін, 15 жылға дейін жариялауға тыйым салынды. 
1979 жылы бұл кітап қолжазба түрінде ВИНИТИ-ға тапсырылып, (депонирование) сақталды. Көп тиражбен басуға рұқсат етілмегендіктен, Л. Гумилевтің бұл еңбегімен танысуға қызығушылар саны толастамады. ВИНИТИ-ға 2 мыңнан аса тапсырыс түсті. Бұл ғалымның атағын дамытып, асқақтатты. Бірақ ғылыми орта мен оқырман арасында Л. Гумилевтің даңқы артқанмен, ресми билік оның себебін мойындамады. Тек Қайта құру кезеңінде ол кітап боп басылып шықты.
Кеңестік ғалымдар Гумилев тұжырымдарын қолдамады. Мұның басты себебі – Кеңес этнографтары этносты – әлеуметтік құбылыс деп қарастырса, Гумилев этностың табиғи құбылыс екендігін дәлелдеді.
Ұлт немесе халықтың бұрынғы анықтамасы бойынша, ортақ тілі, территориясы, ортақ тегі, экономикалық байланыстары, саяси бірлестігі және мәдени ерекшеліктері, діні, сана-сезімі сияқты белгілер негізге алынып, этногенез аяқталған процесс боп саналса, Гумилев этносты аяқталмаган процесс ретінде көрсетті.
Мысалы, батыстық тарихнама мен әлеуметтануға тән «өркениеттік әдіс» субъективтік фактордың маңызын арттырып, дін және мәдениетке көп көңіл бөлді. Ал маркстік формациялық әдіс экономикалық детерменизмге бой ұрып, субъективтік факторлардың рөлін төмендетті.
Еуразияшылдық:теория және практика | Просмотров: 6767 | Загрузок: 807 | Добавил: Admin | Дата: 18.02.2014 | Комментарии (0)

ӘЛЕМДІК ДАМУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТ

 ДОКТРИНАСЫ ЖӘНЕ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫ

 

1.Еуразиядағы кең көлемдегі қарым-қатынастар.

2.Қазақстан Республикасының сыртқы саясат доктринасы және еуразияшылдық идеясы.

 

            1. Еуразиядағы кең көлемдегі қарым-қатынастар. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық - 2000 жылғы 10 қазанда Астана қаласында халықаралық экономикалық ұйым ретінде Кедендік Одаққа қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған ЕурАзЭҚ құру туралы шартқа сәйкес құрылды. ЕурАзЭҚ бастауы 1994 жылы Чолпан ата қаласында (Қырғызстан) Орталық Азия Одағы шеңберінде өткен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекет басшыларының кездесуінде Біртұтас Экономикалық кеңістікті құру туралы қабылданған шешіммен байланысты.

ТМД шеңберінде Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қалыптасуы Достастық елдерінің ықпалдастықтың жаңа деңгейіне ұмтылатындығын көрсетті. Сонымен қатар ТМД-ның ішкі мәселелері де ықпалдастықтың жаңа деңгейін қажет етті.

 Бұл ұйымға Қазақстан, Белоруссия, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Армения, Молдова республикалары мүше, ал Украина бақылаушы мемлекет болып табылады. ЕурАзЭҚ құру негізіне «Кедендік Одақты және Біртұтас Экономикалық кеңістікті тиімді қалыптастыру» мақсатында қалыптастырылған сауда-экономикалық ынтымақтастық тұжырымы алынды. Мемлекетаралық Кеңес, Интеграциялық Комитет, Парламентаралық Ассамблея және Қоғамдастықтың Соты ЕурАзЭҚ-тың басқару органдары болып белгіленді.

 2003 жылы мамыр айында БҰҰ ЕурАзЭҚ-ты халықаралық ұйым ретінде мойындады. ЕурАзЭҚ-тың 2003 жылдың 27 сәуірде Душанбе қаласында өткен Мемлекетаралық Кеңесінде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтағы іс ахуалы және интеграциялық ынтымақтастықты жеделдету жөніндегі ұсыныстар туралы» баяндамасы тыңдалды. Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы келесі қадам – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ). Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт 1992 жылы ТМД шеңберінде Достастық елдерінің ұжымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әскери-саяси ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылғандығы белгілі. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа ресми  түрде 1992 жылы 15 мамырда Ташкент қаласында қол қойылды. Келісімге ТМД-ның алты мемлекеті: Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан  қол қойды. Кейіннен Белоруссия қосылды. Ұйымның жоғарғы органы – Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі. Сонымен бірге, өкілетті өкілдерден тұратын Тұрақты Кеңес, Сыртқы істер министрлері кеңесі, Қорғаныс министрлері кеңесі, Қауіпсіздік кеңестер хатшылық комитеті, ұйымның бас хатшысы, ұйым хатшылығы қызмет жасайды.

Тәуелсіз Қазақстан кеңестік жүйеден кейінгі кеңістікте орналасқан елдермен ТМД, ЕурАзЭҚ ұйымдары шеңберінде экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды қалыптастырды. Бүгінгі күні бұл ұйымдар шеңберіндегі қарым-қатынастың басым бағыттарының бірі көші-қон мәселесін шешу болып отыр. Ал аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруда ҰҚШҰ-ның маңызы зор.  

Қазақстан тек Орталық Азия аймағында ғана емес, Еуразия аймағында да ықпалдастыққа ұмтылуда. Әсіресе, Шанхай ынтымақтастық ұйымының алатын орны ерекше. Ол бүгінгі күні қол жеткізген нәтижелерімен ерекшеленеді. Олар: аумақтық мәселені шешу; лаңкестікке қарсы күрестегі жетістіктер; әскери саладағы тығыз ынтымақтастық; басқа халықаралық ұйымдармен байланыс орнату; экономикалық ынтымақтастықты тереңдету жолындағы нақты жобалар. 1996 жылы 26 сәуірде Шанхайда бес мемлекет – Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан «Шекара аймағында әскери салада сенімді бекіту туралы келісім шартқа» қол қойып, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының негізін қалады. Сол кезде ұйым «Шанхай бестігі» деп аталғанымен, кейін 2001 жылғы саммитте «Шанхай бестігіне» Өзбекстанның қабылдануымен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы деп аталды. Саммиттен кейін «Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының құру туралы» Декларация жарияланды. Сонымен бірге «Лаңкестік, сепаратизм және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясы» деп аталатын тағы бір маңызды құжат қабылданды. Сөйтіп, аймақтық саясатта алғаш рет лаңкестік, сепаратизм және экстремизм ұғымдарына анықтама берілді. Бір қызығы, бұл құжат АҚШ-тағы 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасына 3 ай қалған уақытта қабылданған еді. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы әскери одақ емес, ол аймақтық қауіпсіздік саласындағы ықпалдастықпен қатар, экономика саласындағы  ықпалдастыққа ұмтылатын ұйым болып табылады.

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (Азия кеңесі, АӨСШКАӨСШК құру туралы идеяны ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев 1992 жылы 5-ші қазандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынды. Ұйымның негізгі мақсаты Азия аймағындағы бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты көп жақты қарым-қатынастарды орнату және осы мәселелерді шешу барысында ынтымақтастықты нығайту.

       І Саммитте екі маңызды құжатқа: Алматы актісі мен АӨСШК Терроризмді жою және өркениеттер арасындағы диалогқа қолдау көрсету туралы Декларацияға қол қойылды. Осы құжаттар негізінде АӨСШК Азиядағы дау-жанжалдар мен қақтығыстарды реттеу мақсатындағы форумға айналды.

2004 жылы қазан айындағы АӨСШК мүше елдерінің ІІ кездесуінде Сенім шаралар каталогы қабылданды. Бұл әскери-саяси, экономикалық, гуманитарлық және басқа салалардағы шаралар жиынтығынан тұрды. АӨСШК-ке мүше мемлекеттер басшыларының шешімімен Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылы БҰҰ 47-сессиясында кеңесті құру туралы идеясын қолдау ретінде 5 қазан Азия кеңесі күні болып жарияланды. АӨСШК аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторына айналды.


Еуразияшылдық:теория және практика | Просмотров: 1532 | Загрузок: 73 | Добавил: Admin | Дата: 09.02.2014 | Комментарии (0)

ТМД ЕЛДЕРІНІҢ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨЗАРА

ЫНТЫМАҚТАСУ ҮДЕРІСІНДЕГІ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ

ИДЕЯСЫНЫҢ ОРНЫ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ 

 

1. ТМД елдерінің саяси-экономикалық өзара ынтымақтасу үдерісіндегі еуразияшылдық идясының орны және маңызы.

2. Қазақстан Республикасы  Президентінің Еуразия доктринасының жаңа кезеңі.

 

1. ТМД елдерінің саяси-экономикалық өзара ынтымақтасу үдерісіндегі еуразияшылдық идясының орны және маңызы. ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығы еуразиялықтың теориялық және практикалық дамуының жаңа кезеңі болды. Бірақ та 2000-шы жылдардың алдында бағыт бірмәнді болмады. 1999 жылдың қазан айында («Тәуелсіз газеттің» бас редакторы В.Т. Третьяковқа берген сұхбатында)  Н.Ә. Назарбаев бұрынғыша «көптеген посткеңестік мемлекеттер үшін жергілікті міндеттерінің жалпы немесе жақын геосаяси және экономикалық кеңістік контексінде өздерінің тарихи болашақтарын жүйелі көруден басым екендігін көрсетеді. Шындығында көбі Ресейдің бағытына тәуелді, сондықтан Қазақстан оны «бос, әлсіз және тұрақсыз емес, аяғына нық тұрған түрінде көргісі келеді. Бұл үшін ең жақсы жол – халықты ұйымдастыра алатын елдің зиялы күштерін, парасатты және табанды лидерлерін біріктіру. Еліміздің басшысы мен Ресей халқының көрегендігіне, оның сондай лидерлерді ұсына алатын қабілетіне сенемін» деді.   

Еуразияшылдық:теория және практика | Просмотров: 2020 | Загрузок: 113 | Добавил: Admin | Дата: 09.02.2014 | Комментарии (0)

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н. Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ

ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

    1. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы.
    2. Президенттің 1997 жылғы Жолдауындағы Еуразияшылдық идеясы

 

1.ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы. Еуразиялық жоба - 1990-шы жылдардың бірінші жартысындағы мемлекет басшысының тұжырымдамалық ілімі, егеменді Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік стратегиясының маңызды бөлігі. Президент «халықаралық бірлестіктер тәжірибесін ұзақ зерттеп, ТМД елдеріндегі жағдайды жете талдап»  «ықпалдасу үдерісін жылдамдату керек»  деген қорытынды жасады. Алғаш рет Еуразиялық бастама елбасының 1994 жылы 22 наурызда Ұлыбританияға ресми түрде барған сапары кезінде тезистік түрде айтылды. Президент Н.Ә. Назарбаев «Chatһam House» аталатын Королеваның  халықаралық қатынастар институтында сөз сөйлеп бұрынғы кеңестік   кеңістіктің дамуында екі баста бой көрсетіп отырғанын көрсетті: бір жағынан – ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру, екінші жағынан – ықпалдасудың қажеттілігі. Мемлекет мүддесін, аймақтың тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсат болды. Лондонда бірінші рет мемлекетаралық бірлестік – «Еуро-Азиаттық одақтың» аты ұсынылды.

Еуразияшылдық:теория және практика | Просмотров: 4310 | Загрузок: 109 | Добавил: Admin | Дата: 09.02.2014 | Комментарии (0)

О. СҮЛЕЙМЕНОВ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫ

 

1. О. Сүлейменовтың «АЗ И Я»  еңбегіндегі еуразияшылдық идеялары.

2. Көшпенділер мәдениетінің ерекшелігі.

 

1. О. Сүлейменовтың «АЗ И Я»  еңбегіндегі еуразияшылдық идеялары. Олжас Сүлейменов- көрнекті мемлекет әрі қоғам қайраткері, ірі дипломат әрі саясаткер, әлемдік тұлға, ұлттардың дәнекері, белгілі ақын. Ол 1936 жылы  8 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.  Қазақ мемлекеттік университетінің геология факультетін 1950 жылы бітірген.  Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының аударма бөлімінде оқыған. Олжас Сүлейменов «Казахстанская правда» газетінде  бөлім меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясында сценарийлік-редакция алқасының бас редакторы болып қызмет істеген. 1983-1991 жж. Қазақстан жазушылары Одағы басқармасының бірінші хатшысы, Қаз КСР-і Жоғары кеңесінің Х, ХІ шақыртылымдарының депутаты,  КСРО Халық депутаты болған.

1990 жылы ядролық апатқа қарсы «Семей-Невада» қозғалысын құрып, Семей полигонының жабылуына зор үлес қосты. 1995 Италияда, 1996 жылдан Грекия Республикасы мен Мальта республикасында Өкілетті және Төтенше елшісі болды.

Еуразияшылдық:теория және практика | Просмотров: 6634 | Загрузок: 82 | Добавил: Admin | Дата: 09.02.2014 | Комментарии (0)

Л.Н. ГУМИЛЕВТІҢ ТҮРКІ КӨШПЕЛІ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

МЕН  ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

 

 

1.      Л. Н. Гумилев еңбектеріндегі түркі халқы тарихының зерттелуі.

2.      Л. Н. Гумилевтің еуразияшылдық идеясын қалыптастыруға

қосқан үлесі.

 

    1. Л. Н. Гумилев еңбектеріндегі түркі халқы тарихының зерттелуі.

Лев Николаевич Гумилев (1912 -1992 жж.) – ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы. Оның Еуразия тарихы, түркі және славян, Азия және Еуропа халықтарының тарихы жөніндегі еңбектері зерттеу нысанасы- Еуразия аймағы мемлекеттерінің, халықтарының, мәдениеті мен тілінің тарихы болып табылатын шын мәніндегі «еуразиятану» ғылымындағы пәнаралық бағытты дамытты. Бұл жағынан алғанда, Л. Н. Гумилев тек еуразияшыл ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, түркология мен славистиканы жақындастырған шығыстану мен ресейтанудың арасындағы ғылыми шыңды бағындырған еуразиятанушы-зерттеуші.

Еуразияшылдық:теория және практика | Просмотров: 7693 | Загрузок: 77 | Добавил: Admin | Дата: 09.02.2014 | Комментарии (0)

 Г.В. ВЕРНАДСКИЙДІҢ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫ.

Н.С. ТРУБЕЦКОЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫ ҚАЛЫПТАСУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

 

1. Г. В. Вернадскийдің еуразияшылдық идеясы.

2. Н.С. Трубецкой және оның еуразияшылдық идеясы қалыптасуына қосқан үлесі.

 

1. Г. В. Вернадскийдің еуразияшылдық идеясы. Вернадский Георгий Владимирович1888-1973 жж. – белгілі орыс және американ тарихшысы, атақты ғалым В. И. Вернадскийдің ұлы. Мәскеу №5 гимназиясында оқыған. 1905 жылы Мәскеу университетіне түскен. Алайда 1905 ж. революциясы басталған кезде ол оқуын тастап, Германиядағы Фрайбург және Берлин университеттерінде оқуын жалғастырған.

1910 ж. Мәскеу университетіне қайтып келіп, ұстаздық қызмет атқарған. Бірақ 1911 жылы «Кассо ісі» бойынша Мәскеу университетінен шығып, Санкт-Петерборға кетеді. 7 жыл бойы Петербор университетінде дәріс оқып, «Русское массонство в царствование Екатерины ІІ» атты магистрлік диссертация қорғаған. Азамат соғыс жылдарында (1917-1920 жж.) Пермь, Киевке, Симферопольде оқытушы болған.

1920 жылы эмиграцияға кетіп, Константинополь, Афина, Прага, Карлова университетінде орыс заң факультетінде оқытушы қызметін атқарған.

1927 жылы Йель университетіне АҚШ-қа (Нью-ХейвенКоннектикут штаты) шақыртылады. 1946 жылы осы университет Ресей тарихы профессоры атағы беріледі. 1956 ж. зейнеткерлікке шыққан.

Еңбектері:

«Русское массонство в царствование Екатерины ІІ»;

«Очерк истории права Русского государства ХҮІІІ-ХІХ вв.» Прага: Пламя, 1924;

«Русская история», М.: «Аграф», 1996;

«Древняя Русь»;

«Россия в средние века Тверь», Тверь-М.: «Леан», «Аграф», 1997

«Русская историография»;

«Московское царство»;

«Монголы и Русь. Тверь-М. : «Леан»; Аграф», 1997.

2. Н.С. Трубецкой және оның еуразияшылдық идеясы қалыптасуына қосқан үлесі. Трубецкой Николай Сергеевич – 1890-1938 жж.- шетел орыстарының әмбаба ойшылдарының бірі, ірі лингвист, филолог, тарихшы, саясаттанушы.

Еуразияшылдық:теория және практика | Просмотров: 3328 | Загрузок: 112 | Добавил: Admin | Дата: 09.02.2014 | Комментарии (0)

Н. Я. ДАНИЛЕВСКИЙ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫ.

П.И. САВИЦКИЙДІҢ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚҚА ҚАТЫСТЫ

ТАРИХИ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

1. Н. Я. Данилевский еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы.

2.П.И. Савицкийдің еуразияшылдыққа қатысты тарихи тұжырымдамасы.

 

  1. Н. Я. Данилевский еңбектеріндегі еуразияшылдық идеясы.

Николай Яковлевич Данилевский (1822 ж. Оберце с. Ливенск уезінде, Орлов губерниясында дүниеге келген.  1885 жылы қайтыс болған) — орыс әлеуметтанушысы, мәдениеттанушысы, публицист және геосаясаткер, алғашқылардың бірі болып тарихқа деген өркениетті көзқарастың негізін салды, панславизм идеологы.

Негізгі идеялары:

  • Жалпыадамзаттық өркениетті сынау.
  • Дін, мәдениет (ғылым, өнер, техника), саясат, қоғамдық-экономикалық  өмір секілді  4 негізден тұратын: мәдени-тарихи түрлер тұжырымдамасы.
  • Мәдени-тарихи түрлер және өркениеттер этнографиялық материалға қарсы тұрады.

     Құрметті генералдың баласы Данилевский Александровск лицейінде тәрбиеленді. Сондан кейін Санкт- Петербург университетінде білім алып, жаратылыстану факультетінің ерікті тыңдаушысы болды. Ботаникамен айналыса жүріп, Фурьенің социалистік жүйесін зерттеді.

            Данилевскийдің негізгі еңбегі «Россия и Европа», «Заря» журналында жарияланды.

«Дарвинизм» еңбегінде Дарвиннің теориясын сынап, оның негізсіздігін дәлелдейді.

«Россия и Европа» еңбегінде Данилевский Ресей тарихын Еуропа елдерімен үздіксіз байланыста қарайды. Ол тарихи тәжірибеге сүйене отырып, Батыстың саяси, мәдени экспансиясынан сақтану қажет деп шешті. Данилевскийдің пікірінше, саяси тепе-теңдік әрқашан Рессейге қарсы бір-бірімен уағдаласқан Еуропа мемлекеттері үшін өте тиімді. Ресей қауіпсіздігінің кепілі Еуропа мемлекеттерінің бытыраңқылығы мен өзара келісімге келе алмауы болып табылады. Осы еңбегінде ХІХ ғасырда тарихнамада үстем болған еуропоорталықтық көзқарасты сынады. «Мәдени-тарихи түрлер» ұғымы - Данилевский ілімінің негізі. Ол тарих жүзіндегі негізгі мәдени-тарихи түрлерді былайша бөлді: 1)египеттік, 2)қытайлық, 3)ассирия-вавилон-финикиялық немесе халдей немесе ежелгі - семиттік, 4)үнділік, 5)ирандық, 6)яһудилік 7)гректік, 8)римдік, 9)жаңа-семиттік немесе аравий және 10)герман-романдық немесе европалық, ал сонымен  қатар өз дамуын жетілдіріп үлгермеген мексикандық және перуандық.

Еуразияшылдық:теория және практика | Просмотров: 3861 | Загрузок: 64 | Добавил: Admin | Дата: 09.02.2014 | Комментарии (0)

ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ АЛАШ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ

ЕУРАЗИЯШЫЛЫҚ ІЛІМГЕ ҚАТЫСТЫ КӨЗҚАРАСТАРЫ

           

1.      Алаш зиялыларының ұлт мүддесіне қатысты қызметтері.

2.      Алаш идеясы – ұлттық идея.

 

1.      Алаш зиялыларының ұлт мүддесіне қатысты қызметтері. 1917

жылы Ресейде патша өкіметінің құлатылуын Қазақ Елі азаттық ретінде қабылдады. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі – ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар: 1) Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегі билік және сот туралы; 6) Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; 7) Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және білім туралы; 10) Жер мәселесі. 

Еуразияшылдық:теория және практика | Просмотров: 4206 | Загрузок: 86 | Добавил: Admin | Дата: 09.02.2014 | Комментарии (0)

ХІХ Ғ. СОҢЫ МЕН ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ

 (Ш. УӘЛИХАНОВ, А. ҚҰНАНБАЕВ, Ы. АЛТЫНСАРИН)

ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ЕУРАЗИЯШЫЛДЫҚ ИДЕЯСЫ

 

  1. Абай Құнанбайұлы еңбектеріндегі қазақ идеясы.
  2. Шоқан мен Ыбырайдың қазақ мәдениетінде алатын орны.

 

  1. Абай Құнанбайұлы еңбектерінің тарихи маңызы. Абай Шортанбай,

Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөже сынды дәлмар шешендерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Құнанбай қажы тереңдігімен өз ортасында ғана емес, шетелдік саяхатшылардың да назарына іліккен; Құнанбай қажы "Ескітам" деген қоныстан медресе салдырып, өзінің және туыстарының балаларын окытқан. Абай сегіз жасында өуелі сол "Ескітам" медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабит-ханнан оқыған. Әкесі онын зеректігін байқағаннан кейін, 10 жасқа толған соң Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда 3 жыл окыған, Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы "Приходская школаға" да қосымша түсіп, онда 3 ай орысша оқиды. Бұл тұста М.О. Әуезовтің "Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал жөне ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір окып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кі-тапка қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек бола-ды. Сонымен дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып білу Абайға өзге балалардан анағүрлым оңай тиген. Көп уақытын алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытын Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. ...Оқуға кірген соң-ак, тез есейіп, ілім қуған кісінің калпына оңай түсіп кеткен. Оқыған кітаптың көбіне сынмен карай білетін, сезімді окушы бола бастаған. Өзінің әбден сүйіп, тандап оқыған ірі акындары болады. ... Сол бала күнінде жаттаған кейбір өлеңдері ұлғайып, көрілікке жеткен уақытына шейін есінен шықпаған, ұмы-тылмаған" деген тұжырымы болашақ ұлы ақынның калып-тасу кезеңін айғақтайды. Абай бір жағынан шығыс классиктері Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Науаи, Физули, Жәми, тағы басқаларды оқыса, екінші жаганан А.С. Пушкин, А.И. Герцен, М.Е. Салтыков-Щедрин, Н.А. Некрасов, М.Ю. Лермонтов, Л.Н. Толстой, И.А. Крылов, Ф.М. Достоевский, И.С. Тургенов, Н.Г.Чернышевский мұраларын оқып, терең таныс болған, Батыс әдебиетінен Гете, Дж. Байрон сияқты ақындарды оқып, түрлі ғылым салалары бойынша зертгеулер жүргізілді. Есейген шағында, осы өзі оқыған философ, ақын, ғалымдармен тең дәрежеде пікір таластырып, олардың ішінен ірі ақындардың туындыларын қазақ тіліне аударған. Аударған өлеңдері көркемдік жағынан негізгі нұсқасымен тең түсіп, кейде асып та жатады. Құнанбай Абайдың өзге балаларынан ерекше зеректігін ерте сезіп, оны әрі карай оқытпай кайтарып алып, ел ісіне араласуға баулиды. Сөйтіп 13 жастағы Абай әке ықпалымен әкімшілік-билік жүмыстарына араласады. Ол әке касында болған жылдарда қазақ даласындағы әлеуметтік өмір қайшылықтарын жан-жақты тани түседі. Патша үкметінің отаршылдық саясаты мен парақор орыс әкімдерінің, жергілікті жарамсақ болыстар әрекеттерінің халық тағдырына кеселді, зияндылығын айқын түсініп, соған карсы батыл қимылдар жасаған. Алайда оның тамыры тереңде жатқанын, отарлау жүйесінің бел алып, елдің кұрсауда қалғанын сезіп күйзелген. Патша үкіметінің отаршылдық саясатынан туындаған елді бөлшектеу шараларына қарсы шыққан.

Еуразияшылдық:теория және практика | Просмотров: 2670 | Загрузок: 100 | Добавил: Admin | Дата: 09.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-14