Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 17.7.2019
Главная » Файлы [ Добавить материал ]

Всего материалов в каталоге: 3146
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 314 315 »

Қазақтың ұстаздық ілімі


Жоспар:


1.Ұстаздық ілімнің ұзақ сонар тарихынан.
2.Заманауи ұстазға қойылар талап,артылар сенім,мамандық өзгешелігі. 3.Ұстазды жасынан бейімдеп, жеткілікті дайындап,ғұмырлық жетілдіру жолы.


Қазақ-өткенді қадірлеген,жаңаны байыптаған, болашақты болжап бағдарлаған дана халық .Ежелгі ескі заманнан бастап күні бүгінге дейін ғұмыр кешкен қазақ халқы: отбасы,әулет,ауыл,ата-ру,тайпа,топ,одақ,ұлт қатарлы қауымдастықтың сан түрін құрай отырып, елдікке жетіп, аты әйгілі (шамамен 16 империя орнатып) мемілекет құрып, Ұлы Дала кеңістігінде бес мыңнан астам уақыт тіршілік еткен көне,текті, байырғы қауым.

Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 402 | Загрузок: 0 | Добавил: Abaiagahobd | Дата: 29.01.2019 | Комментарии (0)

Заманауи ұстаздың атқарар міндеті,игерер қабылеті


Ел болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеу сияқты жауапкершілігі мол, ізгі де игілікті іс Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Бекет Өтетілеуов сынды ұлы ұстаздардан бастау алады.Осы ұлылардың ұлағатты істерін жалғастырушы ретіндегі бүгінгі заман талабына сай, жаңа тұрпатты мұғалім қандай болуы керек? Оған жүктелетін жауапкершілік пен қойылатын талап қандай? Кәсіптік деңгейіне арқау болатын кәсіп құрылымы (профессиограммасы) — жеке басының сапалық негізгі қасиеттері: мемлекеттің, әлеуметтік ортаның идеясын насиахттаушы; өз кәсібіне жан-тәнімен берілгендік; маман ісіне адалдық, ұжымшылдық, кәсіптік-педагогтік бағыттар Сапалық белгілер: мұғалімдік қызметке бейімділік, қабілеттілік, баланы сүю, байқағыштық, ұйымдастырушылық, орынды талап кою, ұстамдылык, әдептілік, сенім арту, бедел, мақсатты айқындау, ізгілік.

Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 343 | Загрузок: 0 | Добавил: Abaiagahobd | Дата: 07.01.2019 | Комментарии (0)

«Ұстаздық ілім»-ұлы мұра


      Қазақ-өткенді қадірлеген,жаңаны байыптаған, болашақты болжап бағдарлаған дана халық.Ежелгі ескі заманнан бастап күні бүгінге дейін ғұмыр кешкен қазақ халқы- отбасы,әулет,ауыл,ата-ру,тайпа,-топ,одақ,ұлт қатарлы қауымдастықтың сан түрін құрай отырып, елдікке жетіп, аты әйгілі (шамамен 16 империя орнатып) мемілекет құрып, Ұлы Дала кеңістігінде бес мыңнан астам уақыт тіршілік еткен көне,текті, байырғы қауым. Мемлекеттің шаңырағы бір де биіктеп,бір де шайқалып, скифтердің тұңғыш патшасы Торғытайдан бастап,қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейінгі уақыт кеңістігінде тасқын судай сапырылған сақ, ғұн, түркі,оғыз-қыпшақ ұрпақтары ұзақ сонар тауарихын найзаның ұшымен ғана емес,ақыл-парасат күшімен де,ұрпақ тәрбиелеу ісімен де,ұлағатты үлгі өнегелі сөзімен де, «кісі» болдыру амал-айласымен де, ақыл-кеңес үлгісімен де айшықтап,бізге сарқылмас ілім мұрасын мирас етті.

Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 239 | Загрузок: 0 | Добавил: Abaiagahobd | Дата: 23.12.2018 | Комментарии (0)

Үдерістің үлгісі

       Бұл модельде компьютерде жұмыс істейтін, кейде операциялық жүйені қамтитын барлық бағдарламалық құралдар бірқатар дәйекті процестерге немесе қысқаша айтқанда қарапайым процестерге дейін азаяды. Процедура жай орындалатын бағдарламаның мысалы болып табылады, оның ішінде нұсқаулық есептегішінің, регистрлердің және айнымалылардың ағымдағы мәндері. Концептуалды түрде, әр процестің өз виртуалды, орталық процессоры бар. Әрине, нақты процессорлар үнемі процестер арасында ауысады, бірақ жүйені түсіну үшін, процессордың бағдарламалар арасында ауысуын қадағалауға қарағанда, параллельді режимде жұмыс істейтін процестердің жиынтығы туралы ойлау оңайырақ.

Информатика | Просмотров: 116 | Загрузок: 0 | Дата: 23.11.2018 | Комментарии (0)

Қобдабай Қабдыразақұлы

Имандылыққа баулу қазақ ілімі
«Адамзатты басқа бүкіл тіршілік иелерінен ажыратып тұрған нәрсе –руханият». Өнерге, білімге құштарлық, ғылымға талпыну, ата-ана алдында парызды түсіну, ерікті еңбексүйгіштік, туған топырақ – Жер Ананы, ана тілді қастерлеу, Отанды сүю сияқты тек азаматқа лайықты ізгі сипаттар әрбір кісінің руханиат белгілері болып табылады. Руханиат адамның бүкіл жан дүниесін, оның дүние танымын, білім деңгейін, ұлттық қадір – қасиет, құндылық-тарды меңгеру биіктігін, жалпы адамдық мінез-құлық, іс-әрекеттері мен қоғамға үйлесімділігін қамтитын игі қасиеттер жиынтығы. Осы тұрғыдан алып қарасаңыз қазақта мынандай рухани құндылықтар қалыптасқан;-имани дәстүр;-ұлттық имани сана;имани ұлттық ұғым: имани ұлттық тәрбиелеу ілім.

Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 864 | Загрузок: 0 | Добавил: hovdavai | Дата: 27.05.2018 | Комментарии (0)

Тақырыбы: «Достық қымбат өмірде» тәрбие сағаты

Күні:

Мақсаты:

а) оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, орны, достықтың шынайы белгісі туралы айтып түсіндіру;

ә) берілген сұраққа толық жауап беруге үйрету;

б) Оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, тату, мейірімді болуға тәрбиелеу, әр балаға өз досының жақсы жақтарын үлгі тұтып, сол жақсы қасиеттерін өз бойына сіңіре білуге үйрету.

Түрі: ситуациалық жағдайлар

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, түрлі-түсті қағаздар, плакат, слайд

Тәрбие сағаты | Просмотров: 1047 | Загрузок: 0 | Дата: 11.02.2018 | Комментарии (0)

Экологиялық факторлар және олардың классификациясы.  

Мақсаты: Студенттерге антропогенді факторлардың әсер ету заңдылықтары, Либихтың минимум заңы, Шелфордтың толеранттылық заңы, стенобионтты және эврибионтты организмдер, организмдердің тіршілігіндегі негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мәні, ортаның экологиялық сыйымдылығы жайлы білім беру  

Жоспары: 

1. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары:

а) абиотикалық факторлар;

ә) биотикалық факторлар;

б) антропогенді факторлар.

2. Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы.

3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары: Ю.Либихтың минимум заңы және  В.Шелфордтың толеранттық заңы.    

Экология | Просмотров: 1930 | Загрузок: 0 | Дата: 25.09.2017 | Комментарии (0)

                              Тақырыбы: «Озық ойлы оқушы»

Мақсаты:     Оқушының негізгі пәндерден алған білімдерін тереңдету. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа жетелеу, ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Жастарды елін, жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу. 
Білімді, дарынды, озық болуға жетелеу және пәндерге деген қызығушылығын ояту, шығармашылыққа жетелеу.
Түрі:   Сайыс
Көрнекілігі:  Интерактивті тақта, слайдтар
Өту барысы:    Жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 
Кіріспе сөз. Сайысқа қатысушыларды таныстыру.

Ашық сабақтар | Просмотров: 2266 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 25.12.2016 | Комментарии (0)

Сынып сағатының  тақырыбы: "Жол тәртібін жадыңда ұста!»
Сабақтың мақсаты:
1) оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту;
2) жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру;
3) оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.

Білімділік: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс – жүзінде асыра білуге үйрету.
Дамытушылық: Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.

Ашық сабақтар | Просмотров: 4535 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 25.12.2016 | Комментарии (0)

                                    Маңғыстау облысы
                                                                                            Бейнеу ауданы
                                                                                            Манашы орта мектебі
                                                                                            Биология пәні мұғалімі
                                                                                            Ильясова Анар

 «Қазақша би»  Орындайтын: Қайырбекова Сандуғаш
Сабақтың тақырыбы: Іздегенде табылатын  қасыңнан...
Мақсаты: Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып, олардың достық қарым - қатынасын нығайту. 
Тәрбиелілігі: Оқушыларды шынайылыққа, адамгершілікке, әдемілікке, қарапайым болуға тәрбиелеу. Достық сезімі өмірде олардың бірін-бірі қажетсінуінен, құрмет тұтуынан, шынайы тілектестік пен өзіндей көріп сенуінен, біріне бірі тірек, медет болуынан, қам-қайғысыз кезде ғана емес, әсіресе қиын-қыстау күндерде іркілместен қасынан табылудан, есепсіз жомарттықтан көрінетінін ұғындыру.

Ашық сабақтар | Просмотров: 1731 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 25.12.2016 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 ... 3131-3140 3141-3146