Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

Функционалдық денгей түсінігі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

30.03.2016, 22:09

Хаттамалар (protocol) — бұл кейбір байланыстарды реттейтін процедуралар мен ережелер жиыны. Мысалға, бір мемлекет дипломаты екінші бір мемлекеттің дипло-матымен қатынасы тек хаттама түрінде жүргізіледі. Компьютерлік желіде байланыс ережелері осы мақсатта қызмет етеді.
Хаттама - бұл желіде біріктірілген бірнеше компьютерлердің бір-бірімен арақатынасы, техникалық процедуралар мен ережелер.
Хаттамаларға байланысты негізгі үш кезең:
1. Көптеген хаттамалар бар. Олардың барлығы байланысты жүзеге асыруға қатынасқанымен, олардың әрқайсысында өз мақсаттары, әртүрлі тапсырмалары, артықшылықтары мен шекеулері бар.
2. Хаттамалар OSI моделінің әртүрлі деңгейінде жұмыс істейді. Хаттамалардың қызметі жұмыс істеген деңгеймен анықталады. Егер мысалға, хаттама физикалық деңгейде жұмыс істесе, онда ол желілік адаптер тақшасы арқылы дестелердің өтуін және олардың желілік кабелге келіп түсуін қамтамасыздандырады.
3. Бірнеше хаттамалар ортақ қызмет ете алады. Бұл стек немесе хаттамалар жинағы деп аталады.
OSI моделінде барлық деңгейде орналасқан желі қызметі сияқты хаттамаларда стектер әртүрлі деңгейде бірігіп қызмет атқарады. Стекті хаттамалар деңгейі OSI моделінің деңгейіне сәйкес келеді. Хаттама жинағы стек мүмкіншілігі мен қызметін сипаттайды.
Хаттамалар қызметі
Желілік мәліметтерді жіберуге өз ережелері мен процедуралары немесе хаттамалары сәйкес келеді. Осылай анық әрекеттерді орындағанда қатан кезектілік сақталады.
Сонымен қатар, әрбір желілік компьютерде бірдей тізбекте орындалуы керек. Компьютер-жөнелткіште — бұл әрекет жоғарыдан төмен бағытта, ал компьютер-қабылдағышта төменнен жоғары қарай орындалады.
Компьютер-жөнелткіш
Компьютер-жөнелткіш хаттамаға сәйкесінше келесі әрекеттерді орындайды:
•    мәліметтерді хаттамалар жұмыс істей алатын, десте деп аталатын кішігірім блокқа бөледі;
•    компьютер-қабылдағыш мәліметтер оған арналған анықтау үшін дестеге мекен-жай ақпаратын қосады;
•    желілік адаптер тақшасы арқылы әрі қарай желілік кабелден өтетін мәліметтер дайындалады.
Компьютер-қабылдағыш
Компьютер -қабылдағыш хаттамаға сәйкес ocы әрекеттерді орындайды, бірақ керісінше:
-    желілік кабелден мәліметтер дестесін қабылдайды;
-    дестені компьютерге желілік адаптер тақшасы арқылы жібереді;
-    дестеден компьютер-жөнелткіш қосқан барлық қызметші ақпараттарды жояды;
-    бастапқы мәліметтер блогында біріктіру үшін дестеден буферге мәліметтерді көшіреді;
-    қосымша мәліметтер блогын қай пішімде қолданса, сол пішімде жібереді.
Желімен келіп түсетін мәліметтер, жіберілетін мәліметтер сәйкес болу үшін, компъютер-қабылдағыш және компьютер-жөнелткіш әрекеттері бір тәсілмен орындалады.
Егер мысалы, екі хаттама мәліметтерді екі түрлі дестеге салып және ақпарат қосса (дестелер тізбектілігі, синхронизация мен қателерді тексеру үшін), онда осы хаттамалардың біреуін қолданатын компьютер, екіншісін қолданатын компьютермен байланыса алмайды.
Маршрутталған және маршрутталмаған хаттамалар
80 жылдардың ортасына дейін көптеген жергілікті желілер жекеленген. Олар бір бөлімді немесе бір компанияға қызмет көрсетіп, үлкен жүйеге сирек бірігеді. Бірақ жергілікті желі жоғарғы даму деңгейіне жетіп, олардың коммерциялық ақпарат беру көлемі өсіп, жергілікті есептеуіш желі үлкен желі компонентіне айналды. Мәліметгерді бір жергілікті желіден басқа жергілікті желіге маршрутпен беру маршруттау деп аталады. Желілер арасыдағы мәліметтерді бірнеше маршрутпен жіберетін хаттамалар (routable) деп аталады. Маршрутталған хаттамалар бірнеше жергілікті желілерді ауқымды желіге біріктіргендіктен, олардың ролі өсуде.
Хаттама стектері
Хаттама стегі (protocol stack) — бұл хаттамалар "комбинациясы". Әрбір деңгей байланыс қызметін немесе оның жүйелігін басқару үшін әртүрлі хаттамаларды анықтайды. Әрбір деңгейдің ереже жинағы бар:
Қолданбалы деңгей    Сұратуды қабылдау немесе инициация
Өкімді деңгей    Дестеге шифрлейтін, бейнелейтін жөне пішімдейтін ақпараттарды қосу
Сеансты деңгей    Десте жіберілген уакыты көрсетілген трафик туралы ақпарат қосу
Транспортты деңгей    Қателерді өңдеу үшін ақпараттар қосу
Желілі деңгей    Жіберілетін десте тізбегінде десте орны туралы ақпарат пен мекен-жай ақпаратын қосу
Арналы деңгей    физикалық біріктіру арқылы жіберу үшін мәліметтерді дайындау және кателерді жөндеу үшін ақпараттар қосылады
Физикалық деңгей    Биттік ағым ретінде десте беру

Әртүрлі өндірушілер шығаратын құрылғылардың әрекеттестік ережелерін сипаттайтын стек төменгі деңгей OSI моделінің деңгейіне ұқсас болады. Ал, жоғарғы деңгей қосымша интерпритациясы мен байланыс сеанстарын өткізу үшін ережелерді сипаттайды. Деңгей неғұрлым жоғарлаған сайын, соғұрлым олардың шешетін тапсырмалары мен осы тапсырмаларға байланысты хаттамалар күрделігіне түседі.
Байластыру
Байластыру деп аталатын процесс желіні жеткілікті иілгіштікпен баптайды, яғни жағдай қажеттілігіне байланысты желілік адаптер тақшасымен хаттамаларды байланыстыру. Мысалы, IPX/SPX пен TCP/IP хаттамалар екі стегі бір желілік адаптер тақшасына байланыстырылуы мүмкін. Егер компьютерде бірнеше желілік адаптер тақшасы болса, онда хаттамалар стегі бір немесе бірнеше желілік адаптер тақшасына байланысады.
Хаттамаларды орындайтын операциялы жүйе байланыстыру тәртібін кезектілік анықтайды.
Егер бір желілік адаптер тақшасына бірнеше хаттамалар қосылса, онда байланыстыру тәртібін кезектілік анықтайды, осыдан бірігуді құру әрекеті кезінде хаттамалар колданылады. Әдетте операциялық жүйе мен хаттамаларды орнату үшін байланыстыру орнатылады. Мысалы, егер TCP/IP байланыстыру тізімінде бірінші хаттама болса, онда байланыс құру әрекеті кезінде осы хаттама қолданылады. Егер әрекет сәтсіз болса, онда компьютер - байластыру тізіміндегі келесі хаттамамен байланыс құруға әрекеттенеді.
Байластыру (binding) желілік. адаптер такшасына хаттамалар стегін құрумен шектелмейді. Хаттамалар стегі өз деңгейінен жоғары, әрі төмен компоненттерімен байланыстырылуы қажет. TCP/IP жоғарыда - сеанс деңгей NetBIOS, ал төменде - желілік адаптер тақша драйверіне байланыстырылады.
Стандартты стектер
Компьютерлік өндірісте хаттамалардың стандарты моделі ретінде бірнеше стектер жасалған. Солардың ең бастысы:
-    ISO/OSI хаттамалар жинағы;
-    IBM System Network Architecture (SNA);
•    Digital DEC net™;
•    Novell NetWare;
•    Apple Apple Talk®;
-    TCP/IP, интернет хаттамалар жинағы.
Бұл стек хаттамалары өз деңгейлерінен өзгеше жұмыс орындайды. Желідегі коммуникациялы тапсырмалар хаттамаларды үш түрге бөледі:
-    қолданбалы,
-    транспортты;
-    желілік.
Бұл типтердің орналасуы OSI моделіне сәйкес келеді.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin | Теги: реферат, информатика, Функционалдық деңгей түсінігі, желі
Просмотров: 328 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]