Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 27.6.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » География [ Добавить материал ]

В категории материалов: 48
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 4 5 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Әлеуметтік желі

Әлеуметтік желілер - ермектері бірдей адамдардың Интернетте бірігетін қоғамдастық сайттары. Осы сайттарда адамдар жедел түрде мәліметтер алмасады және достар табады. Бірақ осы сайттар арқылы тек қатынасып қана қоймай, адамдар музыка, видео іздеуі де мүмкін.
Әлеуметтік желілерде адамдар өзі жайлы мәлімет тастап қалдыра алады (туған күні, оқыған мектебі, университеті, ермектері және т.б.), басқа қатынасушылар осы мәліметтерді пайдаланып сол адамды таба алады.
Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап кең таралған, осы жылы бірінші әлеуметтік желі - Classmates.com (Сыныптастар) сайт ашылды. 2003-2004 жж. MySpace, Facebook жобалары шықты.
Сауда ұжымдары әлеуметтік желілерге үлкен қызығушылық көрсетті. Осындай жобалар бірнеше миллиондық аудиторияны тартты әрі олардың жарнамасы қатты әсер жасады.

География | Просмотров: 11394 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 21.05.2015 | Комментарии (0)

Түркия

Жағрафиялық орны, табиғат жағдайы. Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азияда, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эгей теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізісулары шайып жатыр. Жағрафиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия құрлықтың тоғысқан жерінде орналасқандығы. Боспор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа құрлықтын жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның нышаны сияқты.

География | Просмотров: 1217 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 21.05.2015 | Комментарии (0)

Табиғат

Табиғат – бәрiмiздiң  ортақ  үйiмiз. Қазiргi кезде табиғат бiзден үлкен көмек күтуде. Өз туған ауылымыздың, ауданымыздың, қаламыздың экологиялық жағда­йын сауықтыру үшiн жердi дұрыс пайдаланып, жасыл желек өсiмдiктердi молайтып, суымызды ластамай табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза күйiнде болашақ ұрпаққа  табыс ету – бiздiң парызымыз.Елiмiздiң экологиялық жағдайын қалыпты ұстап, табиғат байлығын сақтау және оны молайту тек бүгiнгi күннiң қажеттiлiгiнен туындамайды, ол ертеңгi күннiң проблемаларына да жауап бередi. 

География | Просмотров: 7928 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 27.01.2015 | Комментарии (0)

Жер асты сулары — Жер бетінің төменгі қабаттарындағы тау жыныстарының арасында қатты, сұйық және газ күйінде тараған сулар. Бұл су өткізгіш тау жыныстарында кездесетін түйіршік және кесек шөгінділер қуыстары, қатты жыныстардың жарықшақтары, утас пен доломиттердің қарсты куыстары бойынша жылжып отырады. Жер асты сулары қысымсыз грунт сулары мен қысымды артезиан суларына бөлінеді, ал минералдығы бойынша — ащы су, минералды су және тұщы су болып үшке бөлінеді. Соңғы екі судың практикалық маңызы халық шаруашылығында аса зор.

География | Просмотров: 3639 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 23.01.2015 | Комментарии (0)

 Қышқыл жаңбыр

 Қышқыл жаңбыр


          Күкірт диоксиді мен азот оксидтерінің жуылуы күкірт жөне азотқышқылдарының түзілуіне әсер етеді. Бұл үлкен территориялардағы табиғи ортаның жалпы қышқылдануына, айтарлықтай экологиялық өзгерістерге алып келді. Түзілген қышқылда р және олардың қосылыстары жауған жауын- шашынның құрамында, қардың, жер бетіндегі су айдындарында және топырақтың құрамында кездесіп экожүйелерге жағымсыз әсер етуде. Күкірт диоксиді және азот оксидтерімен болатын қышқыл жаңбырлар орман биоценоздарына үлкен зиян әкелуде. Қышқыл жаңбырлардан жалпақ жапырақ ты ормандарға қарағанда қылқан жапырақты ормандар қатты зардап шегеді.

География | Просмотров: 2938 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 20.01.2015 | Комментарии (0)

Жердің шөлейттенуі және тозуы

Жердің шөлейттенуі және тозуы


                Қазақстанның көп бөлігі қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66%-і түрлі деңгейде шөлейттену процестеріне бейім. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егістік эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кіріс шамамен 300 миллиард теңгені құрайды.Қазақстан үшін елеулі ішкі қатерді білдіретін жердің шөлейттенуі мен тозу проблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткізуі нәтижесінде біртіндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкін.

География | Просмотров: 1032 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 20.01.2015 | Комментарии (0)

Биоәртүрлілікті сақтау   

Биоәртүрлілікті сақтау


               Қазақстанның экожүйесі Орталық Азияда және тұтастай алғанда континентте биологиялық әртүрлілік бірегейлігімен ерекшелінеді.Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жоғалуы генетикалық деңгейдегі әртүрлілікті жоғалтуға және экожүйелердегі тиісті өзгерістерге әкеледі. Биоәртүрлілікті іc жүзінде жоғалтудың негізгі себебі өмір сүру ортасының жойылуы және тозуы, ең бастысы, ормандарды жою, топырақтың эрозиясы, ішкі және теңіз су айдындарының ластануы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тым көп тұтыну болып табылады. 

География | Просмотров: 1395 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 20.01.2015 | Комментарии (0)

Озон

 

Озон қабатының бұзылуы


            Жердің озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер тіршілігі үшін ықтимал қатер болып табылады.1973 жылдан бергі байқаулар Қазақстанның үстіндегі озон қабатының қалыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсетті.Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды реттеу жөніндегі шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейімен салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына ықпал етті.Біздің ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келісімдерге 1998 жылы қосылды. Қазіргі уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

География | Просмотров: 719 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 20.01.2015 | Комментарии (0)

Испания (ис. Espaṅa), Испания патшалығы – Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Жер көлемі 505,9 мың км2.. Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қалалары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Халқы 46,1 млн. (2011). Негізінен, испандар, католондар (5 млн-нан астам), галисилер (3 млн.), баскилер (2 млн-нан астам), т.б. Қала халқы 76,79%. Ресми тілі – испан тілі. Автономиялық құрылымдарда католон, баски, галиси, т.б. тілдер қолданылады. Ел 17 автономиялық құрылымдардан тұрады. Халқы, негізінен, католик дінін ұстанады. 

География | Просмотров: 1949 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 13.01.2015 | Комментарии (0)

Жылан (лат. Serpentes) - бауырымен жорғалаушылар класы қабыршақтылар отрядының бір тармағы.

Мазмұны 

1 Толығырақ

2 Жылан жайлы аңыздар

3 Уының емдік қасиеттері

4 Тағы қараңыз

5 Дереккөздер

География | Просмотров: 2342 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 01.12.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-48