Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 15.11.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

В категории материалов: 126
Показано материалов: 111-120
Страницы: « 1 2 ... 10 11 12 13 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Компьютерлiк вирустар.

Компьютерлiк вирустар дегенiмiз – компьютерлiк жүйедегi және желiдегi әртүрлi объектiлерге залалын тигiзуге бейiм программалар.

Вирустар компьютермен жұмыс iстеу кезiнде көптеген қолайсыз жағдайлардың туындауына әсер етедi. Олар:

- Бiрқатар программалардың жұмыс iстеу жылдамдығы кемидi;

- Файлдардың дискiде алатын орны (әсiресе бiрден орындалатын файлдардың) ұлғайып кетедi;

- Бұрын болмаған файлдар өз-өзiнен пайда болады;

- Кәдiмгi жұмыс iстеу режимiмен салыстырғанда жедел жадыдағы жұмыс iстеу аймағының көлемi азаяды;

- Кенеттен әртүрлi бейнелiк және дыбыстық эффектiлер пайда болады және т.б.

Информатика | Просмотров: 14333 | Загрузок: 991 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

 Компьютерде ақпаратты бейнелеу

 

Компьютер (ағылшынша: computer – «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) – есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болған болатын. Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы және электронды компьютер түсініктерінің мағынасы ажыратылып көрсетіледі.

Информатика | Просмотров: 5767 | Загрузок: 3027 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

Есептеу техникасының даму тарихы. Информатиканың геометриялық түсінігі

 

Есептеу техникасының даму тарихы ерте кезден-ақ басталды: XVII ғасырдың 40-жылдарында Б.Паскаль – сандарды қоса алатын механикалық құрылғыны ойлап тапты; XVIII ғасырда В.Лейбниц сандарды қоса және көбейте алатын құрылғы жасап шығарды; XIX ғасырда Ч.Бэббидж механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді; XX ғасырдың 30-шы жылдарының соңында Америкада қосу, азайту элементтері, электрондық жад, механикалық компонент енгізілген ЭЕМ құрастырылып шықты. Алғашқы ЭЕМ-ді құру және оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон фон Нейман дайындап шықты. Мұнда өңделетін ақпарат пен өңдеу программасын сандық түрде дайындау, деректер мен программаны машинаның жадында орналастыру тәсілдері қарастырылған.

Информатика | Просмотров: 19195 | Загрузок: 966 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (1)

1.      Информатика пәні. Ақпарат ұғымы

"Ақпарат” термині латынның «INFORMATION»  - түсіндіру, баяндау, білу деген сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез- келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.

Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.

Информатика | Просмотров: 35921 | Загрузок: 1378 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

Интерпретаторлар және компиляторлар

 

Жоғары дәрежелі тілде программа қүрастыру, әрине, ыңғайлы. Мәтінді редакторда тердің, командаларды есепті шешу алгоритміне сөйкес жаздың — болды. Бірақ программаның бастапқы мәтіні — олі толық жараімды программа емес, бұл тек жұмысқа «қосуға» мүмкін емес арнайы командалардың (программалау тілі операторларының) жиынтығы, өйткені оларды процессор орындай алмайды. Сондықтан программалаудың кез-келген тілінде жазылған программаларды алдымен процессор тіліне аударады, яғни машиналық кодқа айналдырады.

Әртүрлі программалау тілдерінің арасында айтарлықтай  елеулі айырмашылықтардың болуына қарамастан олардың  барлығында негізгі операцияларды жүзеге асырудың ұқсас  құралдары бар. Бұдан басқа әртүрлі программалау тілдерін  пайдаланғанда жұмыс істеу қиындығының түрліше  болатындағына қарамастан кез келген программаны жасауда  кез келген типтегі программалау тілін пайдалануға болады.

Информатика | Просмотров: 2746 | Загрузок: 699 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

Интернеттің негізгі түсініктері және Internet Explorer.

Модем немесе алыста орналасқан север кемегімен жүзеге асатын аймақтық тармақталған желілер функциясьш жергілікті желілер құрамына енгізе отырып, сыртқы коммуникация технологияларының төміндегідей мүмкіндіктерін пайдалануға болады:

- электрондық пошта арқылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту;

-  Интернетпан байланысу.

Интернет дегініміз - дүниенің әр түішіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен мәліметтер қоймасы, бейнелер және дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл байланыстыратын ен ауқымды желі түрі. Өз көлемін жылдам ұлғайта отырып (шамамен жылына 200%), ол біздің емірімізде күннен күнге өте елеулі рөл атқарып келеді.

Қазіргі кезде Интернеттің ең негізгі функцияларына электрондық пошта қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мәселемш айналысатын топтардың немесе зертеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.

Информатика | Просмотров: 5454 | Загрузок: 1717 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

Тақырыбы: Деректер қорын басқару жүйесі.

 

1. Деректор қорының негізгі түсініктері.

2. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу негіздері.

3. Кестелер және оларды құру.

 

1. Деректор қорының негізгі түсініктері.

Ақпаратты сақтау- компьютердің ең маңызды функцияларының бірі. Оның ең көп тараған құралы деректер қоры (ДҚ) болып табылады. ДҚ-берілген құрылымдағы ақпараттардан тұратын арнайы форматтағы файл. ДҚ-да сақталатын берілгендер кесте түрінде дайындалады.

Информатика | Просмотров: 16603 | Загрузок: 3802 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

Дербес компьютердің бөліктері және олардың мақсаты

 

 

Информатика | Просмотров: 1309 | Загрузок: 426 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

Тақырыбы: Программалауға кіріспе. Алгоритмдер (типтері, қасиеті, бейнелеу әдістері). Алгоритмдік құрылымдар. Программалауды үйрететін тілдерді шолу, жалпы бағыттағы программалау тілдері. Деректердің ақпараттық құрылымдары туралы жалпы мағлұмат. Есепті тиімділеу. Программаларды өңдеу және тестілеу әдістері. Модульдік және құрылымдық программалаудың концепциясы. Объектіге бағыталған программаларды шолу.

 

1. Алгоритм ұғымы, қасиеттері

Туғаннан бастап баланы тәрбиелеу, оларды әртүрлi ережелердi сақтауды,  ертеңгiсiн жуыну, киiну, шешiну, тамақ iшу, сабаққа бару, жолдан өту .т.б. меңгерудi және қатаң орындауды талап етемiз. Одан әрi бала-бақшада және мектепте тәрбиеленудiң күн тәртiбi болады. Оларды оқыту белгiлi ретпен өтедi. Ал барлық мүмкiн болатын ойындар ереже бойынша ұйымдастырылады. Демек кез-келген iс-әрекеттер анықталған жарлық бойынша жүзеге асады, яғни анықталған алгоритм бойынша орындалады.

Информатика | Просмотров: 44060 | Загрузок: 2937 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

WinRar және Backup программалары.

Дербес компьютерді пайдалану кезінде әртүрлі себептермен магниттік дискідегі ақпаратты жоғалтып немесе бүлдіріп алуымыз мүмкін және файлдардың көлемін кішірейтуге (сығуға) тура келеді. Осындай жағдайларда шығынды азайту үшін файлдардың архивтік көшірмесін алып, оларды тұрақты күйде жаңалап отыру керек.

Архивтеу дегенiмiз – алдын ала сығу жолымен файлдардың көшiрмесiн дискiде немесе дискетте (магниттi таспада) сақтау.

Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы.

Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге және т.б. істер атқаруға мүмкіндк береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты мүмкіндіктерімен айрықшаланады.

Информатика | Просмотров: 10031 | Загрузок: 888 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 91-100 101-110 111-120 121-126