Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.2.2019
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

В категории материалов: 127
Показано материалов: 121-127
Страницы: « 1 2 ... 11 12 13

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

WinRar және Backup программалары.

Дербес компьютерді пайдалану кезінде әртүрлі себептермен магниттік дискідегі ақпаратты жоғалтып немесе бүлдіріп алуымыз мүмкін және файлдардың көлемін кішірейтуге (сығуға) тура келеді. Осындай жағдайларда шығынды азайту үшін файлдардың архивтік көшірмесін алып, оларды тұрақты күйде жаңалап отыру керек.

Архивтеу дегенiмiз – алдын ала сығу жолымен файлдардың көшiрмесiн дискiде немесе дискетте (магниттi таспада) сақтау.

Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы.

Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге және т.б. істер атқаруға мүмкіндк береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты мүмкіндіктерімен айрықшаланады.

Информатика | Просмотров: 10737 | Загрузок: 893 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

ТақырыбыMS Word – мәтіндік редакторы.

 

1. Кестелердi құру.

2. Құжатқа графикалық объектiлер енгiзу.

3. Құжатты баспаға шығару.

 

1. Кестелердi құру.

 Word мәтіндік редакторы жұмыс кезiнде реттелген ақпаратты жиі пайдаланамыз. Осындай реттелген, ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады. Кез келген кесте қатарлар мен бағаналардан тұрады, оларға мәтiн немесе сурет орналастыруға болады.

Информатика | Просмотров: 2579 | Загрузок: 1786 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

Тұсаукесерді даярлау құралы – MS POWER POINT.

 

1.  MS Power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтері.

2. Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу. Презентация материалдарын баспаға шығару.

 

1. MS Power Point құжатының құрылымы және негізгі элементтері.

 

Microsoft PowerPoint – Microsoft Office-тiң құрамындағы презен­тация материалдарын дайындауға арналған программа. Бұл  программа  кодоскоптарға және 35 мм-лiк мөлдiр қабыр­шақтарға (пленка)  арналған  слайдтар,  қағазда  үлестiрiлетiн  материалдар, компьютер экранында анимациялық көрiнiстердi бейнелей алатын тұсаукесерлерді дайындау мүмкiндiгiн бередi. Microsoft PowerPoint программасында баяндама немесе мекеменiң ашылу салтанаты т.с.с әртүрлi материалдарды оның дыбыстық және мультимедиалық мүмкiндiктерiн пайдаланып жандандырып жiберуге болады.

Информатика | Просмотров: 31263 | Загрузок: 2272 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

ТақырыбыMS Excel – электрондық кестесі.

 

1.  Жұмыс кітабы парақтарын байланыстыру.

      2. MS Excel электрондық кестесінде аналитикалық геометрия есептерін шығару   жолдары.

3.  Мәлiметтерді сұрыптау және сүзгілеу.

 

1. Жұмыс кітабы парақтарын байланыстыру.

Жұмыс кітабы парақтарына түрлі тақырыптардан тұратын мәліметтер енгізіледі. Кейбір бағандарға енгізілген мәліметтер түрлі парақтарда қайталануы да мүмкін. Оларды бір парақтан екіншісіне алмастыру буфері арқылы көшіру қиын емес. Мұндай көшірудің екінші әдісі – парақтар арасында байланыс орнататын формуланы пайдалану. Оның жазылу форматы: <Парақ атауы>!<адрес>

Информатика | Просмотров: 5442 | Загрузок: 733 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

Тақырыбы: MS Access объектілері: сұраныс, қалып және есеп.

 

1. Сұраныс объектісі.

2. Қалып және есеп.

 

1.Сұраныс объектісі.

Сұраныстар арқылы бір және бірнеше байланысқан кестелерден берілгендерді анықталған шарт бойынша іріктеп алуға болады. Access-те сұраныс құрудың бірнеше тәсілдері бар. Олар сұраныс объектісінде Құру батырмасын басқанда пайда болатын Жаңа сұраныс терезесінде көрсетіледі (1-сурет).

Информатика | Просмотров: 8504 | Загрузок: 1806 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (1)

HTML тілі элементтері. Веб-сайт құру жолдары.

Web-беттің негізгі қызметі – қажетті ақпаратты іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Web-беттер түрінде дайындалып сақталған электрондық құжаттарға – мәліметтер, графиктер, фотосуреттер жатады. Электрондық құжаттың қарапайым құжаттан айырмашылығы – оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML арнайы тілі пайдаланылады және олар HTML форматында сақталады.

HTML (HyperText Markup Language-гипермәтіндік белгілеу тілі) – қатаң ережелері бар компьютерлік тіл. HTML тілінде құжаттың авторы өз мәтінін тегтер деп аталатын символдар көмегімен арнайы файлға – Web-бетке айналдырады. Web-беттің мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, бірақ барлығы да арнаулы HTML тілінде жазылғандықтан бұл құжаттардың кеңейтілмесі .htm немесе .html болып келеді.

Информатика | Просмотров: 23576 | Загрузок: 3351 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

ТақырыбыWindows жүйесіндегі Excel электрондық кестесі.

 

1. Microsoft Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымдары.

2. MS Excel кестесiнде мәліметтерді енгізу және форматтау.

3. MS Excel электрондық кестесінің функциялары.

4. Диаграммаларды өңдеу, көркемдеу және баспаға шығару жолдары.

 

1. Microsoft Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымдары.

Microsoft Excel – кесте iшiнде есептеу жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекi түрде бейнелейтiн, диаграммаларды тұрғызу, мәлiметтер базасын  құру, сан түрiнде берiлген мәлiметтер арқылы эксперименттер жүргiзу және т.б. мүмкiндiктер беретiн программалық кесте.

Информатика | Просмотров: 18452 | Загрузок: 2821 | Добавил: Admin | Дата: 15.11.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 101-110 111-120 121-127