Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 29.6.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақ тілі [ Добавить материал ]

В категории материалов: 135
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 13 14 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Әріп—дыбыстың графикалық таңбасы. Әріп дыбысты белгілегенімен, әріп пен дыбыстың арасында табиғи байланыс жоқ. Әріп — шартты таңба. Әліпбиде қанша әріп болуы тілдегі дыбыстың санына байланысты. Бірақ дыбыс пен әріп саны бірдей бола бермейді. Е, ю, я әріптері екі дыбысты, ал ъ — қатаңдықты, ь — жіңішкелікті белгілейді. Қазіргіқазақ тілінде 37 дыбыс, 42 әріп бар. Бұл 1940 жылы кирилл графикасына көшуге орай қазақ әліпбиінің негізінде бекітілді. Әріптің баспахана ісіне бейімделген баспа түрі және қолмен жазуға бейімделген жазба түрі болады. Әріп қағаз не жазуға келетін затқа жазу құралымен түсірілетін таңба болғандықтан, оны көзбен көруге болады. Әріпте құбылмалық қасиет жоқ, ол тұрақты, бірақ ғалымдардың өзара келісімімен оны өзгертуге болады. Қазақ жазуының тарихында мұндай өзгертулер болған

Қазақ тілі | Просмотров: 1046 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Қос нүкте (:) - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Көп нүкте сөйлемнің синтаксистік ерекшеліктері мен мағынасына баыланысты қойылады. Қос нүктенің сөйлемдегі басты қызметі - сөйлем мүшелерінің арасындағы түрлі қарым-қатынастарды көрсету.
Қойылу жағдайлары

Қос нүкте мынадай жағдайларда қойылады:
Бірыңғай мүшелердің алдынан жалпылауыш сөздер немесе жалпылауыш мәнді сөздер келетін болса, жалпылауыш сөздерден соң қос нүкте қойылады.
Жалғаулықсыз салаласқан жай сөйлемдердің алдыңғысының мағынасы соңғы жай сөйлемдер арқылы айқындалып тұратын болса, мұндай жай сөйлемдердің арасына қос нүкте қойылады.

Қазақ тілі | Просмотров: 1454 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Ғылыми грамматика орыс. научная грамматика — ғылыми-теориялык ой-пікірдің соңғы жетістіктеріне сай жасалған грамматика

Қазақ тілі | Просмотров: 827 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.

Қазақ тілі | Просмотров: 2267 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Тырнақша (" «») - жазуда пайдалынатын тыныс белгілерінің бірі. Тырнақша кідіріске, интонацияға немесе сөйлемнің құрылысына байланысты емес. Тырнақшаның мағынасы да, қызметі де алуан түрлі. Ол бірде тырнақшаға алынған сөздің немесе сөйлемнің өзге біреудікі екендігін білдірсе, енді бірде оның өзі тура мағынасында қолданылмай, басқа бір мағынада қолданылып тұрғандығын, болмаса заттар мен нәрселердің шартты атаулары екендігін білідіреді. Сонымен, тырнақша, негізінен, мағынаға байланысты қойылатын белгі.

Қазақ тілі | Просмотров: 1072 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Тыныс белгілері (не пунктуация) - тіл білімінде жазуға тән шартты белгілер жүйесі.[1]
Мазмұны  [жасыру] 
1 Қасиеттері
2 Сөйлемдегі орналасуы
2.1 Сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне орай
2.2 Сөйлемнің мағынасына орай
2.3 Сөйлемнің интонациясына орай
3 Дереккөздер
Қасиеттері

Тыныс белгілері айтайын деген ойды нақтылы, дәл түсінікті етіп жеткізу үшін, сондай-ақ баяндалмақшы пікірді ала-құла етпей, айқын білдіру үшін қолданылады. Бұл - тыныс белгілерінің басты қасиеті.
Тыныс белгілері сөздер тіркесі мен сөйлемдерді айтқанда, немесе оқығанда тілде байқалатын кідірісті де, дауыста аңғарылатын әркелкі құбылысты да білдіреді. Бұл - тыныс белгілерінің қосымша қасиеті.
Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс қолдана білудің үлкен мәні бар.

Қазақ тілі | Просмотров: 2829 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөздердің байланысу тәсілдері орыс. способы связи слов – сөйлемнің, сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің синтаксистік байланысқа түсу жолдары. Сөйлемдегі сөздердіңсинтаксистік байланысқа түсуінің екі түрлі жолы бар:
Аналитикалық тәсіл – сөйлемдегі сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация және шылаулар арқылы байланысуы.
Мысалы, Тамаша өмір, шаттық жыр, қала, дала, ой мен қыр (Жамбыл);
Синтетикалық тәсіл – сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы.
Мысалы, Жаздың көркі енеді жыл құсымен. Жайраңдасып жас күлер құрбысымен (Абай). Салаластық қатынастағы сөз тіркестері аналитикалық тәсілмен, сабақтастық қатынастағы сөз тіркестері әрі аналитикалық, әрі синтетикалық тәсілдермен байланысады

Қазақ тілі | Просмотров: 1282 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөздердің байланысу формалары орыс. формы (типы) связи слов — сөз бен сөзді байланыстыруға дәнекер болатын тәсілдер негізінде туып, қалыптасқан синтаксистік байланыс жүйесі. Сөздердің байланысу формалары сөздердің байланысу тәсілдері негізінде жасалады. Байланысу тәсілдерінің қалыптасқан үлгілері Сөздердің байланысу формаларын жасайды. Демек, сөздердің байланысу тәсілдері Сөздердің байланысу формаларын жасаудың алғы шарты болып табылады. Сол себепті Сөздердің байланысу формаларың сөздердің байланысу тәсілдерімен шатастырмау керек. Сөздердің байланысу формаларына (типтеріне) қиысу, қабысу, менгеру, матасу, жанасу сияқты синтаксистік байланыс түрлері жатады. Бұлардын ішінде қабысу мен жанасу сөздерінің орын тәртібі тәсіліне, менгеру мен матасу қосымша тәсіліне, атап айтқанда. Септік жалғауы мен тәуелдік жалғауына негізделген. Ал қиысудың өзіндік ерекшелігі бар: қиысу синтаксистік құрылымның (сөйлемнің) бірінші сынары өзінің семантикасы мен грамматикалық мағынасы арқылы екінші сөзбен жақтық формалар арқылы байланысқа түсіп, субъектілік-предикаттық қатынастын түрін жасайды. Қиысу өзге мүшелердің емес, тек бастауыш пен баяндауыштық арасындағы байланыс түрі болып табылады

Қазақ тілі | Просмотров: 953 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөздердің орын тәртібі орыс. порядок слов — сөйлем мүшелерінің сөйлемде орналасу реті. Қазақ тіліндегі Сөздердің орын тәртібі типологиялық тұрғыда оның жалғамалы құрылымдық көрсеткіштерінің бірі. Сөздердің орын тәртібінің сөйлемнің жасалуында зор мәні бар. Оның тұрақты және жылжымалы типтері бар. Мысалы: орын тәртібі тұрақты болатындарға жалғаусыз қабыса байланысатың сөйлем мүшелерін, орын тәртібі жылжымалы болатындарға жалғаулар арқылы қиыса, менгеріле байланысатын сөйлем мүшелерін жатқызуға болады. Сөздердің орын тәртібі синтаксистік байланыстардың басты түрінің бірі ретінде сөйлемдегі сөздердің қызметін анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы ереже бойынша баяндауыш сөйлемнің соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш анықтайтын сөзінен, толықтауыш пен пысықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты сөйлем мүшелерінің қалыпты орнынан жылжып отыруы заңды құбылыс болып табылады.

Қазақ тілі | Просмотров: 1092 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

Сөзжасам орыс. словообразование – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады.
Сөзжасамның тәсілдері:

Қазақ тілі | Просмотров: 3012 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.04.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 ... 121-130 131-135