Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

Физикалық және топологиялық жіктелуі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

29.03.2016, 23:51

Физикалық орта физикалық байланыс құралдары құрылатын негіз болып табылады.Физикалық ортадағы физикалық қосылу құралдары Физикалық деңгейді қамтамасыз етеді.Физикалық орта ретінде эфир, металлдар, оптикалық шыны және кварц кеңінен қолданылады.Ал физикалық деңгейде ақпараттарды жөнелтетін тасушы орналасады.Ақпараттарды жіберу ортасына тек  кабельдік қана емес, сонымен қатар сымсыз технологияларды да жатқызуға болады.Бірақ, физикалық кабельдер желілік коммуникацияда кең таралған тасушылар, ал сымсыз технология мүмкіндіктерінің арқасында бүкіләлемдік желілерді байланыстыруда дамып келе жатыр.Физикалық кабельдерге арналған физикалық деңгейде ақпарат берудің механикалық және электрлік (оптикалық) қасиеттері бар,оларға:
    разъемдер мен кабельдердің типтері
    разъемдегі байланыстың ажырауы
    0 мен1 мәндері үшін сигналдардың кодтау схемасы
Каналдық деңгей ортаға доступты тексереді және канал арқылы мәліметтің берілу процедурасын қадағалайды.Локальдық желіде каналдық деңгейдің протоколдары компьютерлермен, көпірлермен, коммутаторлармен және маршрутизаторлармен қолданылады.Компьютерлерде каналдық деңгейдің функциялары желілік адаптерлер мен олардың драйверлерінің күштерімен бірлесіп жұмыс істейді.
Байланыс кабельдері, байланыс линиялары, байланыс каналдары.
Желіде байланыс құру үшін келесі түсініктер қолданылады:
    байланыс кабельдері
    байланыс линиялары
    байланыс каналдары
Байланыс кабелі-бұл электротехникалық өндіріс фирмаларының ұзын өлшемді өнімі.Байланыс кабельдері және басқа элементтер (монтаж, крепеж, кожухи және т.б.) байланыс линияларын құрайды.Ғимараттың ішіне линия жүргізу өте жауапты іс.Линияның ұзындығы ондаған метрлерден он мыңдаған километрлерге дейін созылады.Кабельдерден қарағанда күрделілігі аздау басқа байланыс линияларының түріне мыналар жатады:траншеялар, құдықтар, муфталар, өзендер, көлдер, мұхиттар  арқылы өткізу және линияны  найзағайдан қорғау (қорғанудың басқа түрлерімен бірдей).Линияларды қорғау, эксплуатация, байланыс линияларын жөндеу жұмыстары өте қиын;байланыс линияларын өте жоғарғы қысым астында ұстау, профилактика (қарда, жаңбырда, желде, құдықтар мен траншеяларда, өзенде және теңіз түбінде).Линияны жүргізуге келісім алу кезінде, әсіресе қалада заңды сұрақтар қиындық туғызады.Байланыс линиясының кабельдерден айырмашылығы қандай?Кабельді байланыс линиясы деп атау-әлі дайын емес асфальтты жол деп атағанмен бірдей.Айырмашылығы шамамен осындай.Құрылып қойған линиялар арқылы ғана байланыс каналдары жүргізіледі.Линияны құрғаннан кейін  бірден жұмысқа беріле беретін болса, ал байланыс каналдары біртіндеп ендіріледі.Линия арқылы да байланыс беруге болады, бірақ мұндай қымбат құрылғымен жұмыс істеу өте тиімсіз.Сондықтан да каналқұру аппаратурасы қолданылады (немесе ертеректе оны линияны қатайту деп атаған).Екі сымнан тұратын электрлік байланыс бойынша тек бір абоненттік жұпқа ғана емес (немесе компьютерге), жүздеген немесе мыңдаған жұптарды байланыспен қамтамасыз етеді:қала аралық кабельде тек бір коаксальдық жұпта 0,3-3,4 КГц тондық жиіліктегі 10800 канал құрылуы мүмкін.Немесе өтімділігі 64 Кбит/с болатын тура осындай цифрлық каналдар құрылады.
Кабельдік байланыс бар болса, байланыс линиялары пайда болады, ал линиялар арқылы байланыс каналдары құрылады.Байланыс  линиялары мен байланыс каналдары байланыс түйінінде біріктіріледі.Линиялар, каналдар және түйіндер байланыстың бірінші желісін құрайды.
Кабельдер типтері және құрылымдалған кабельдік жүйелер.Ақпаратты жіберу ортасы ретінде әртүрлі кабельдер қолданылады:коаксальды кабель, экрандалған және экрандалмаған қос ширатпа негізінде жасалған кабель, оптикалы-талшықты кабель.Қысқа қашықтыққа (100 м-ге дейін) мәліметтер берудің ең кең тараған түрі экрандалмаған қос ширатпа.Ол локальдық желінің барлық жаңа стандарттары мен технологияларына қосылған және өтімділік жылдамдығы 100Мб/с (5 категориядағы кабельдерде).Оптикалы-талшықтыкабель локальды желімен қатар бүкіләлемдік магистральды білім беру желісінде де қолданылады.Оптикалы-талшықты кабель каналдан ақпаратты өте үлкен жылдамдықта (бірнеше Гб/с дейін)  және өте алысқа (аралық сигналды күшейтпей-ақ бірнеше ондаған километрлерге) жібере алады.Есептеуіш желілерде ақпараттарды жөнелту үшін әртүрлі жиіліктегі электромагниттік толқындар – КВ, УКВ, СВЧ қолданылады.Бірақ әзірге радиобайланыс тек кабель жүргізу мүмкін болмай қалған жағдай да ғана қолданылып отыр, мысалы, ғимараттарда.Бұл электромагниттік сәулелендірудің негізінде жасалған желілік технологияның сенімсіздігінен туындайды.Ақпарат берудің бұл ортасы әлемдік канал құру кезінде кеңірек қолданылады-осының негізінде СВЧ диапазоны аумағында жұмыс істейтін спутниктік байланыс каналдары, радиоканалдар құрылған.
Кабельдік жүйені, яғни желінің түпнұсқасын тұрыс орнату өте маңызды.Соңғы жылдары мұндай сенімді негіз ретінде құрылымдалған кабельдік жүйелер жиі қолданылып жүр. Құрылымдалған кабельдік жүйелер (Structured Cabling System – SCS)-бұл коммутациялық элементтер жиыны (кабель, разъем, коннектор,кросстық тақташалар және шкафтар), сонымен қатар олардың бірлесіп қолданылуының әдіс-тәсілдері.Бұл бізге қалыпты әрі жеңіл таралатын, есептеуіш желілерде қолданылатын байланыс құрылымдарын құруға мүмкіндік береді.
Құрылымдалған кабельдік жүйелердің қасиеттері.
-Әмбебаптығы. Құрылымдалған кабельдік жүйелер жүйелі ұйымдасқан болса, локальды есептеуіш желідегі компьютерлік ақпараттарды жіберудің бірден бір ортасы бола алады.
-Қызмет мерзімінің ұлғайтылуы.Жақсы құрылымдалған кабельдік жүйенің ескіру уақыты 8-10 жыл болуы мүмкін.
-Жаңа тұтынушылар қосылған кезде және олардың орнын ауыстырған жағдайдағы құнының төмендетілуі.Кабельдік жүйенің құны көбінесе кабельдің бағасымен емес, онымен жүргізілген жұмыстың бағасымен бағаланады.
-Желіні оңай кеңейтудің мүмкіндіктері.Құрылымдалған кабельдік жүйе модульдік болып табылады.Сондықтан оны жеңіл өсіруге болады, аз қаражатпен коммуникациялық жүйелердің жаңа талаптарына сай жаңа құрылғыларға көшуге болады.
-Қызметтің сенімді жолымен қамтамасыз ету.Құрылымдалған кабельдік жүйе қызмет етуді және іздеуді жеңілдетеді.
-Сенімділік.Құрылымдалған кабельдік жүйе өте сенімді, себебі әдетте оның барлық компоненттерін және техникалық қамсыздандыруын бір өндірістік фирма жасайды.
Кабельдік жүйелер
Кабельдердің екі үлкен класы бар:электрлік және оптикалық.Олардың айырмашылығы сигналды жіберу тәсілінде.Оптикалы-талшықты жүйенің ерекшелігі-кбельдің қымбаттығы (мыс кабельдермен салыстырғанда),сонымен қатар мамандандырылған орнатылатын элементтер (розетка,разъем, қосқыштар және т.б.).Шын мәнінде желінің құндылығы оптикалы-талшықты желідегі құрылғылардың құнымен өлшенеді.Оптикалы-талшықты желілер горизонтальды жоғары жылдамдықты каналдар үшін қолданылады, ал қазіргі кезде вертикальды байланыс каналдарында да жиі қолданылып жүр (этаж аралық байланыстарда).Оптикалы-талшықты кабельдер болашақта мыстан жасалған кабельдерге өте күшті бәсекелестік тудыра алады.Себебі мыс кабельдердің бағасы төмендемейді, өйткені оны жасау үшін таза мыс керек, ал жер қойнауындағы мыстың қоры оптикалы-талшықты кабель жасалатын кварцтық құмның қорынан әлдеқайда төмен.
Ресейдегі оптикалы-талшықты кабельді ұсынушылар- Mohawk/CDT, Lucent Technologies және AMP.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin | Теги: информатика, реферат, Физикалық және топологиялық жіктелу, желі
Просмотров: 317 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]