Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 29.4.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер [ Добавить материал ]

В категории материалов: 47
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 4 5 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
ЫРЫС АЛДЫ ЫНТЫМАҚ

Адам ұйымшыл, мал үйіршіл.

Ажыраған бірін-бірі іздейді.

Айдын, айдын, айдын көл асарлап төксең суалмас (Абай).

Айрылған азады, косылған озады.

Ақсақтың аяғы жетпесе де таяғы жетеді.

Апалы-сіңлілі тату болса үйді гүлстан етеді.

Ақ түйенің қарны ақтарылды.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 17121 | Загрузок: 94 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (2)

ХАЛЫҚ СӨЗІ ҚАҺАРЛЫ

Аты — алаш, керегесі — ағаш.

Естімеген елде көп,
Есек мінген сартта көп.

Көлдің атын балық шығарады, балықтың атын халық шығарады.

Кім бай болам демейді, құдайы қаламайды, 
Кім би болам демейді, халқы қаламайды.

Қазақ байдың ұлы болма, халық байдың ұлы бол.

Казақ байыса қатын алады, 
Сарт байыса үй салады.

Қазақ қартайса түйе бағады, 
Қарақалпақ қартайса томар қазады.

Қазақ мал танымас, 
Сарт жай танымас.

Қазақтың айраны көп, 
Орыстың мейрамы көп.

Қазақтың екі өгізі ағып жатқан суды тоқтатыпты.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 11842 | Загрузок: 107 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ҮЙ ТУРАЛЫ

Туған үйдің түтіні жылы,
Туған ананың күтімі жылы.

Түздегі май ішеді,
Үйдегі зәр ішеді. 

Түтін шыққан үй жылы,
 Төскейлей шыққан күн жылы.

Үй баласымен базарлы,
қонағымен ажарлы.

Үй болған соң: белбау да керек, желбау да керек. 

Үй болған соң шыны-аяқ сылдырламай тұрмайды.

 Үйге келгенде үйдей өкпенді айтпа.

 Үйге кірген жыланды да басына ақ құйып шығарады.

 Үйге ұт кірді —егіншінің көкейіне құт кірді. 

"Үйде — атан, түзде — бурамын". 
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 1985 | Загрузок: 103 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ТІЛ - АҚЫЛДЫҢ ӨЛШЕМІ

Адам тілі тас жарады,
тас жармаса бас жарады.

Аз айтып сұйылтып,
көп айтып қойылтары жоқ.

Ақынның тілі қылыштан өткір,
                                қылдан нәзік.

Ана тілім - дана тілім.

Ат жүйрігі азаптан құтқарады,
Тіл жүйрігі мазақтан құтқарады.

Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.

Ат жүйрігі асқа,
Тіл жүйрігі басқа.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 22915 | Загрузок: 112 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ТУҒАН ЖЕР

Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Ата қоныс — алтын мекен.

Атамекен — анаң екен,
Қысылғаңда панаң екен.

Атамекен туған жер:
кір-қоңыңды жуған жер, 
кіндігіңді кескен жер,
кісі болып өскен жер.

Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары.

Әркімнің өз жері — ұжмақ.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 15440 | Загрузок: 100 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ТАУЛЫ ЖЕРДІҢ ҚЫРАНЫ КӨП

Асқар тау алыстан көрінеді.

Асқар таудай алып бол,
Әппақ күндей жарық бол.

Асқар таудың айбыны қарыменен (Орынбай ақын).

Асқар таудың басына балапан ұшып шыға алмас
(Абыл).

Асқар таудың өлгені — басын мұнар шалғаны. 
Көктегі бұлттың өлгені — аса алмай таудың қалғаны. 
Ай мен күннің өлгені — еңкейіп барып батқаны. 
Айдын шалқар өлгені — мұз болып тастай қатқаны.

Асқар таудың сәні жоқ көк майса белі болмаса. 
Өзен, судың сәні жоқ аймақты елі болмаса (Дулат).
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 3842 | Загрузок: 101 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

Ағынмен су зораяр.

Ағын су арнасын табады.

Ағын су бал татыр,
Ақ шабағы май татыр.

Ағын су жолын табады, 
Ақ адам оңын табады.

Ақ қар көп болса — ақ нан көп.

Ақпаса су бұзылады.

Алпыс күн тасыған су алты күнде қайтар.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 18100 | Загрузок: 96 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

САБЫР - АҚЫЛ СЕРІГІ

Боларыңда болмасаң
болған елдің атын жек (Көшімбек би).

Болмастай іске болаттай бол.

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

Бір жылға қоян шарық.

Бір қолың ұрысшы болса,
екінші қолың арашашы болсын (Қазыбек би).

Бір метр мұз бір күнде қатпайды.

Бір оқты бұлан көтереді, 
Бір оқты ұлан көтереді.

Ебетейсіз асыққан сүрінер.

Жазымыштан озымыш жоқ.

Жарау кісі байқап сөйлейді,
Қарау кісі жан-жағын жайпап сөйлейді.

Жатқан тастың астына су бармайды.

Жеңілдігі қаңбақтай, ширақтығы жаңғақтай.

Жеңілдік жарға жығады.

Жеңіл желек жел шақырып тұрады.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 7379 | Загрузок: 93 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ӨМІР МЕН ӨЛІМ

Көңіл жақсы болғаны – 

өмір жақсы болғаны.


Өтпейтін өмір жоқ, 

Сынбайтын темір жоқ.


Өзен ағысын бөгеуге болады, 

өмір ағысын бөгеуге болмайды.

Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 2728 | Загрузок: 111 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ОТАН ТУРАЛЫ

Алтын ұяң — Отан қымбат,
Құт-берекең — атаң қымбат, 
Аймалайтын — анаң қымбат, 
Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).

Бұлбұл гүлзарын сүйеді, 
Адал адам Отанын сүйеді. 
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 33095 | Загрузок: 95 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-47