Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 29.4.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Физика,механика [ Добавить материал ]

В категории материалов: 160
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 15 16 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Күн сәулесінің Жер атмосферасымен өзара әсерлесуі. Күн радиациясының түрлері және оны өлшейтін аспаптар

Жоспар:

  1. Күн сәулесінің атмосферада жұтылуы және оған байланысты әрекеттесуі.
  2. Күн радиациясының түрлері және оны өлшейтін аспаптар
  3. Күн сәулесінің атмосферада жұтылуы және оған байланысты әрекеттесуі

Күн сәулесінің энергиясын Жер бетіне түсетін қарқындылығы атмосферадан тыс шеткі қабатпен салыстырғанда едәуір төмен, себебі оның атмосфералық қабаты арқылы өтетін жарықтық сәулелермен болатын бірқатар атмосферадағы үдерістердің әсерінен төмендейді.

Күн бетінің физикасын ұлғайтқыш оптикалық аспаптардың көмегімен бақылай отырып, оның бетіндегі күңгірт аймақтарды,күн дақтарын,күн алауларын және жарық шашатын аймақтарынбақылауға болады.

Физика,механика | Просмотров: 391 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 01.10.2016 | Комментарии (0)

Жоспар:

  1. Күн энергиясының шығу табиғаты.
  2. Күн сәулесінің таралуы оның сипаттамасы.
  3. Күн радиациясының спектрлік бөлінуі
  4. Күн жүйесі. Күн энергиясының табиғаты

Күн жүйесі – күннен, жұлдызды айналатын тоғыз планетадан тұрады. Күн жүйесінің планеталары өз кезегінде алып планеталарға, үлкен планеталарға, планеталардың серігіне және шағын денелерге бөлінеді. Сондай-ақ, күн жүйесіне түрлі мерзімділікпен кометалар жақындап тұрады.

Күн жүйесінде қазір 8 планета бар. Бұндай шешімді 2006 жылдың 24 тамызында Прагада өткен Халықаралық астрономиялық кеңестің 26-шы Ассамблееясында қабылданған.

Планеталардың арасында ғаламшардың ақыл-есті өкілдері тұратын жүйеде болуы тиісті тәртіп орнады.

Физика,механика | Просмотров: 746 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 01.10.2016 | Комментарии (0)

Биоэнергетика

Биомассаның энергиясы – бұл энергетикалық мақсатта биогаз және органикалық таза тыңайтқыштарды алумен, ауылшаруашылық қалдықтарын пайдаға асыру болып табылады. Қазақстанның ауыл шаруашылығында органикалық қалдықтардың жылдық шығымы шамамен 40 миллион тоннаны құрайды. Осы қалдықтарды биогазды технологиялар бойынша өңдеу шамамен 18 миллиард текше метр биогаз алуға мүмкіндік береді, бұл шартты отынның 14-15 млн. тоннасына эквивалентті. Осы ресурстарды жартылай пайдаға асыру ауылға және қашықтағы тұтынушыларға алыстан әкелінетін отынды орталықтан жеткізуге деген сұранысты азайтып, сондай-ақ жылу мақсатындағы электр энергиясының шығынын айтарлықтай азайтар еді [11,17,20,28].

Егер биогазды электр энергиясының өндірісі үшін пайдаланса, оның өзіндік құны кВт/сағ үшін бар болғаны 0,025-0,075 доллар, ал дәстүрлі көздерден алынатын электр энергиясы кВт/сағ үшін 0,1-0,15 доллар құрайды. Сөйтіп биогаз 2- 4 есе үнемдірек [27,41].

Физика,механика | Просмотров: 497 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 01.10.2016 | Комментарии (0)

Геотермалды энергетика

Қазақстанның геотермалды әлеуеті өте үлкен. Үңгіме сағасындағы көптеген арынды көздердегі судың температурасы 40-100°С. Олардың республика аумағындағы сұйытылған қоры шартты отынның 100 млрд. тоннасын құрайды, бұл елдің мұнай мен газының жинақты қорынан асып түседі.

Геотермалды көздердің көпшілігі негізінен Батыс Қазақстанда (75,9%), Оңтүстік Қазақстанда (15,6%) және Орталық Қазақстанда (5,3%) орналасқан [6, 9,11].

Орналасқан жері бойынша геотермалды сулар Іле ойпатында, Сырдария, Ертіс, Маңғышлақ-Үстірт, Шу-Сарысу, Келес және Зайсан артезиан бассейндерінде ашылған. Іле ойпаты аясында өнеркәсіптік болашағы бар, сонымен қатар Алматы және Жаркенттік артезиан бассейндерін атауға болады. Сол бассейндердің арынды, минералдануы төмен суларының температурасы 40-100 °С, бұл электр энергиясын өндіру мен жылумен жабдықтаудағы өзінің артықшылығын тағы бір рет көрсетеді. Бассейндердің қоры сәйкесінше 106,5 және 216 млрд. текше м, бұл шартты отынның, шамамен 1,8 млрд. тоннасына эквивалентті [8,48].

Физика,механика | Просмотров: 406 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 01.10.2016 | Комментарии (0)

Жел энергетикасы

Қазақстанның дәстүрлі жел энергиясы қондырғыларын пайдалану кезіндегі жел энергетикалық әлеуетін пайдаланудың техникалық мүмкіндігі 3 млрд. кВт/сағ. бағалануда.

Жоңғар қақпасындағы жел энергетикалық ресурстары барынша маңызды болып табылады (17000 кВт сағ/ш.м.). келешегі бар басқа аудандардан Ерейментау (Акмола обл.), Форт-Шевченко (Каспий теңізінің жағалауы), Қордай (Жамбыл обл.) және басқаларын атап кетуге болады.

Статистикалық деректер бойынша, Қазақстандағы жаңғыртылатын ресурстар мен энергия көздерінің теоретиялық потенциалы жылына шамамен 1820 млрд. кВт/сағ құрайды, бұл республиканың барлық отын-энергетикалық ресурстарын пайдалану көлемінен 25 есе асып түседі, ал экономикалық әлеует 110 млрд. кВт/сағ. деп бағаланып отыр, бұл ҚР энергоресурстарды жылдық ішкі тұтынудан 1,5 есе көп [31,32,33].

Физика,механика | Просмотров: 478 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 01.10.2016 | Комментарии (0)

Күн энергетикасы

Жыл сайын Жер Күннен шамамен 1,6х1018 кВт/с энергия алады, бұл энергияны тұтынудың қазіргі деңгейіне қарағанда 10 мың есе көп. Және күннің Жердегі энергетикалық балансында энергияның басқа барлық көздерінің қосынды үлесінен 5 мың есеге артады, басқаша айтсақ жер үшін күн энергиясының әлеуеті жылына шартты отынның 123х1012 т құрайды.Сонымен қатарЖерде пайдаланатын энергияның барлық түрі жылу энергиясына трансформацияланады, бұл энергия өндірісінде түсетін күн радиациясының 5% тең келетін қайтымсыз өзгерістерге әкеп соғуы мүмкін.

Физика,механика | Просмотров: 471 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 01.10.2016 | Комментарии (0)

Жоспар :

  1. Қазақстандағы жаңғырылатын энергия көздерінің күй-жағдайлары мен болашағы .
  2. Қазақстандағы энергетикалық сектордың көрсеткіштері

ХХI ғасыр тоғысында адамзат экономика тұрғысынан алғанда, қалпына келмейтін энергия көздерінен (көмір, мұнай, газ және т.б..) энергия шығару өндірісіне ғана қатысты болмайтын күрделі мәселеге келіп тірелді.

Ол табиғаттағы динамикалық тепе-теңдікті бұзатын және соған назар аударуды қажет ететін экологиялық қиындықтармен байланысты.

Әрине, термоядролық реакторлардың көмегімен энергияны өндіруге үміт те бар. Бірақ қазіргі кезде бұл мүмкіндік тіпті демонстрациялық термоядролық реакторлардың жоқтығынан іс жүзінде жүзеге асуы мүмкін де емес. Сонымен қатар,термоядролық реакторлар радиобелсенді қалдықтардан толығымен тазарған жоқ. Ал осындай қалдықтарды өңдеу мен көму мәселесі толғымен шешілген жоқ.

Физика,механика | Просмотров: 730 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 01.10.2016 | Комментарии (0)

Мәтін есептер және оны шешу туралы

Мәтін есептер өмірдегі әрқилы оқиғаларды математикалық тәуелділік түрінде тұжырымдайтындықтан оқушылардың игерген білімін өмірмен ұштастырып, қажеттілікке жаратуға дағдыланумен қатар,  логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге зор ықпал ететіндіктен, олардың математикалық дарынын жетілдіріп, ой өрісін кеңейтуде маңызды орын иеленеді.

Мәтін есептерді мазмұнына қарай: іс әрекеттік тәуелділік есептері,  сандық тәуелділік есептері деп екі топқа бөлуге болады.

  1. Іс әрекеттік тәуел
  2. ділік есептеріне:

  Әр түрлі қозғалысқа байланысты есептер, жұмыс, өнім, кіріс, шығысқа байланысты экономикалық мағаналы есептер,  әр түрлі қоспалар жасау, құйу, таразылыу сияқты өлшеу есептерін жатқызуға болады.

Физика,механика | Просмотров: 765 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.01.2016 | Комментарии (0)

Сызықтық  Диофант теңдеу  шешу

             және a, b қатар нольге тең болмайтын (кемінде біреуі нольден өзгеше) жағдайда     (1) теңдеуінің бүтін шешімін табу есебі сызықтық Диофант теңдеу шешу деп аталады.

         Ең әуелі Сызықтық Диофант теңдеудің (кемінде бір) бүтін шешімі болуының қажетті шартын анықтайық. Немесе (1) теңдеуінің бүтін шешімі болу үшін қандай шарт орындалуы қажет екеніне тоқталайық.

         a, b сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін d деп белгілейік. . Бұдан   болатындықтан  болуы шарт. Олай болса с-саны d-ге бөлінбесе (еселік болмаса) теңдеуінің бүтін шешімі болуы мүмкін емес. 

Физика,механика | Просмотров: 982 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.01.2016 | Комментарии (0)

Жай және құрама сандар

 

Теорема 1Кез келген құрама санды жай сандардың көбейтіндісіне бір мәнді жіктеуге болады.

Дәлелдеме:   m  құрама саны анықтама бойынша       1 < m1; m< m,   түрінде жазылады.                      m; m2-лерде құрама сан бар болса ол тағы өзі және бірден өзге екі санның көбейтіндісі түрінде жазылатын болады. Осы амалды қайталау арқылы барлық көбейткіштерді жай сан түріне келтіре аламыз.

m-саны шектеулі бүтін сан болғандықтан көбейткіштерге жіктеу амалы шектеусіз жалғасу мүмкін емес екені түсінікті. Жай көбейткішке жіктеу нәтижесінде m саны жай сандардың дәрежелерінің көбейтіндісі түрінде жазылатын болады.

Физика,механика | Просмотров: 2025 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 05.01.2016 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 ... 141-150 151-160