Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

Компьютерлік желілер топологиялары


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

29.03.2016, 23:48

Кез-келген компьютерлік желіні құру үшін маңызды есептерді шешуден бастау керек:
•    Құрылатын желінің мақсатын анықтау;
•    Желінің топологиясын анықтау;
•    Желіге тасымалдау ортасын және рұқсат әдісін таңдау;
•    Желілік аппараттық және программалық қамтамасыз етуді таңдау;
•    Басқаруды ұйымдастыруды таңдау.
Компьютерлік желіні құру кезіндегі мақсат -  оны құру кезіндегі негізін салушы тапсырма болып табылады. Берілген тапсырманы дұрыс шешу тек қана құрылатын желінің нәтижелігіне әсер ете қоймайды, сонымен қатар аппараттық және программалық қамтамасыз ету желісін алудың мақсатқа лайықтылығының экономикалық есептеуін жүргізуге мүмкіндік береді.
Желінің топологиясын таңдау, оның ішіндегі қажетті есептеу және информациялық процестердің мақсаты мен мінезіне қатысты орындалады. Қазіргі уақытта желілік конфигурацияның екі негізгі түрі қарастырылады:
•    Хабарды кең тарататын (широковещательный)
•    Біртіндеп тарататын (последовательный).
Хабарды кең тарататын желіде әрбір дербес компьютер кез-келген компьютермен қандай да бір шектеулерсіз мәлімет алмаса алады деп ұйғарады. Берілген кластың негізгі топологиялық үлгісі – «ортақ шина» (bus) топологиясы.
 
1    сурет. «Шина» топологиясы

Топологияның бұл типі компьютерлік желінің логикалық және программалық структурасын оңайлатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, желіге қосылған компьютерлердің біреуінің істен шығуы,желінің жұмысқа қабілеттігін бұзбауы,желінің сенімділігін арттырады. Алайда кабельдік шинаның бұзылуы мұндай желідегі ақауды іздеуді қиындатады.
«Ортақ шина» топологиясы бар желіде мәлімет алмасуды ұйымдастыру мәліметті селекциялау әдісі арқылы жүзеге асырылады. Берілген топологияның нақты желілерде қолданылуының мысалы ретінде «Квант-С» және Ethernet (АҚШ) желілерін қарастыруға болады.
Біртіндеп тарататын конфигурацияда әрбір компьютер желіде тек қана бір компьютермен мәлімет алмасу жүргізеді. Берілген  кластың топологиясының үлгілерінің бірі болып «сақина» (ring) топологиясы саналады. «Сақина» топологиясы жоғары өткізгіштік қасиетті, желідегі энергия жұмсалуының аздығын және қарапайым басқару әдісін қамтамасыз етеді.

 

2    сурет. «Сақина» топологиясы
3    
Қарастырылған топологияның кемшілігіне алмасу процесі кезіндегі өте көп уақыт жоғалтуды жатқызуға болады, өйткені мәлімет бір компьютерден екінші компьютерге эстафета түрінде беріледі және мәліметті маршрутизациялау әдісімен жүзеге асырылады. Мұндай топология үлгісі келесі отандық және шетелдік желілерде қолданылады: «Руслан», «Ива-3», «Курьер», Token Ring (АҚШ).  
Біртіндеп тарататын конфигурацияның тағы бір түрі – «жұлдызша» (star). "Жұлдызша" топологиясында кабель сегмент көмегімен барлық компьютерлер концентратормен (hub) аталынған орталық компонентке қосылады.
 
4 сурет. «Жұлдызша» топологиясы
Берілген топологиялы компьютерлік желілердің құрылымы оңай және кабельдің бұзылуы кезінде желінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Алайда мұндай желіге «шина» немесе «сақина» желілеріне қарағанда байланыс сымдары көбірек жұмсалады. топология «Мифир-3» және lolaNet2, Arcnet (АҚШ) желілерінде қолданылады.
Құрастырылған топологиялар
Қазіргі уақытта шина, жұлдызша және сақиналы принциптермен құрастырылған желіні құрастыратын топологиялар жиі пайдаланылады.
Жұлдызша-шина. Жұлдызша-шина (star-bus) - бұл "шина" мен '"жұлдызша" топологияларының комбинациясы. Көбінесе ол былай болады: "жұлдызша" топологиялы бірнеше желілерді магистралды сызықты шина көмегімен біріктіріледі.

 

5 сурет. Жұлдызша-шина топологиясы
Мұндай жағдайда бір компьютердің істен шығуы желіге ешқандай әсерін тигізбейді, басқа компьютерлер сол қалпы бір-бірімен әрекеттеседі. Ал, концентратордың бұзылуы, оған қосылған компьютерлер мен концентраторлардың тоқтауына әкеледі.
Жұлдызша-сақина. Жұлдызша сақина (star-ring) - жұлдызша-шинаға ұқсайды. Екі топологияда да компьютерлер шина немесе сақина құрастыратын концентраторларға қосылған. Айырмашылығы жұлдызша-шинада концентраторлар магистралды сызықты шинамен біріктірілген, ал жұлдызша-сақинада басты концентратор негізінде, олар жұлдызша құрады.
 
6 сурет. Жұлдызша-сақина топологиясы


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin | Теги: желі, информатика, реферат, Компьютерлік желілер топологиялары
Просмотров: 525 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]