Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 28.3.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Жұмбақтар мен жаңылтпаштар [ Добавить материал ]

В категории материалов: 28
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Бiрi – ағаш кесу құралы,

Бiрi – шырынды бал бұлағы.   (Ара)

 

Бiрiнен кисең бөрiктi,

Бiрiнен тiгiп,

Киерсiң киiм көрiктi.   (Қамқа)

 

Санасаң,

Бiр үйде төртеуi бар.

Қаласаң,

Ауызды өртейтiн нәр.   (Бұрыш)

 

Жел соқса,

Жайқалып толқиды.

Ел оқыса,

Тұла бойың балқиды.   (Өлең)

 

Бiрi – ыдысқа керек,

Бiрi – жүрiске керек.   (Аяқ)

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар | Просмотров: 2108 | Загрузок: 101 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

Алға жайып тұз-дәмiн,

Келтiредi үй сәнiн.

Ол халқымның ақ жаны,

Жақсы дәстүр маржаны,

Кеңпейiл де арайлы,

Осы жерден тарайды.   (Дастархан)

 

Күрең қызыл түсi бар,

Тағамдардың асылы.

Қуат берер күшi бар.   (Таба нан)

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар | Просмотров: 5604 | Загрузок: 107 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

Таба алмай оң менен солыңды,

Адассаң қапылыста.

Дәл сiлтер көрсетiп жолынды,

Шығысқа,

Батысқа.    (Компас)

 

Қос әйнектен қарасаң,

Көз алдыңда тұрады.

Алыстағы орасан.    (Дүрбi)

 

Бiр құлаштай сабы бар,

Бунақтары тағы бар.

Басы ұқсас қайыққа,

Жолықтырар ойыққа,

Қос танабы тартылған,

Ұзына бойы ән тұнған.    (Домбыра)

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар | Просмотров: 3685 | Загрузок: 105 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

Өзi алып кемедей,

Дауылдан ықпайды.

Су шашып,

Телегей

Мұхиттан шықпайды.   (Кит)

 

Басы доғал,

Мұрты бар.

Аузы апандай,

Ұрты бар.

Түрi китке ұқсайды.   (Жайын)

 

Iлгегi бар дәу ұзын,

Керiп ашса ауызын,

Сәуле шашып тiстерi,

Судың кезген тереңiн,

Шақырады корегiн.    (Қармақшы балық)

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар | Просмотров: 1249 | Загрузок: 108 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

Күндiз жанбайды,

Түнде маздайды.   (Шырағдан)

 

Шеңбердiң үш тағанын,

Қаракөлдiң табанын.

Қызыл сиыр жалап тұр,

Терлеп, буы тарап тұр.   (Қазан; Жалын)

 

Қып-қызыл кезiнде,

Бет қаритын жапырақ,

Табы қайтқан кезiнде,

Сұп-сұр майда топырақ.   (Шоқ пен Күл)

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар | Просмотров: 1863 | Загрузок: 113 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

Маған да , саған да,

Жақын туыс – бес адам.

Үш әрiптен тұратын,

Оңға оқы, солға оқы,

Өзгермейдi еш одан,

Бәрi де өз жұратың,

Айтады кәне: кiм атын?   (Ата; Ана; Апа; Аға; Iнi)

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар | Просмотров: 4079 | Загрузок: 85 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

Айдында жүзедi,

Тiрi күмiс сүзедi.   (Балықшы)

 

Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртiбiн нұсқаған.

Өмiрiңдi күзеткен,

Ысқырығы күштi адам.   (Полиция қызметкері)

 

Өнерге тән жаратқан,

Көкiрегi кең аспан.

Барша жұртты қаратқан,

Бейнегер кiм тым асқан?  (Қылқалам шеберi)

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар | Просмотров: 5068 | Загрузок: 94 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

Ұқсайтын шеңберге

Қабырғасы жиылып, керiледi.

Жиқазы мол кең бөлме,

Төбесiнен жұлдыздар көрiнедi.   (Киiз үй)

 

Көзi көп қабырға,

Бiлiнбес жамауы.

Тұмсығын шатырға

Тығады сабауы,

Байланар ақырға,

Бұйдалы танауы.   (Киiз үй)

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар | Просмотров: 1591 | Загрузок: 103 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

Адамның сәнi,

Онсыз жоқ мәнi.   (Киiм)

 

Дорбаға тығып, бас бағын,

Байлай салдым қос жағын.   (Тымақ)

 

Қыста,

Шығарда тысқа,

Құлағы салпақ,

Құйрығы жалпақ,

Төбесi жайпақ,

Түктi маңдайы тайпақ,

Iшi мамық байпақ.

Қара орманды қаптадым,

Сөйтiп жан сақтадым.    (Тымақ)

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар | Просмотров: 7791 | Загрузок: 106 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

Төңкерсең күмбез сынды,

Шалқайтсаң құдық сынды.

Жиегiнде қос құлағы бар,

Тiк көтерген үш бұтағы бар.   (Қазан)

 

Сыртын отқа қақтайды,

Одан басқа жақпайды.   (Қазан)

 

Құлағы бар қалқиған,

Аузы бар аңқиған.

Шығып алып ерте-кеш,

Төрт аяққа талтиған,

Қыздырады жалынға

Дәу қарынын қампиған.  (Қазан)

Жұмбақтар мен жаңылтпаштар | Просмотров: 2703 | Загрузок: 97 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-28