Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

Кабельдердің типтері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

29.03.2016, 23:54

Жаңа замандағы желілерде қолданылып жүрген кабельдердің бірнеше түрлері бар.Төменде ең көп қолданылып жүрген кабельдер жайлы жазылған.Мыстан жасалған кабельдердің түрлері электрлік кабельдерді құрайды.Олар телефон желісін жүргізуде және ЛВС-ті инсталляциялауда қолданылады.Ішкі құрылысы бойынша кабельдер қос ширатпа және коаксиалды деп бөлінеді.
«Қос ширатпа» типті кабель(twisted pair)
Қос ширатпа деп,екі өткізгіш біріктіріліп, бірнеше рет ширатылып бұралған тұтас кабельді айтамыз.Сымдарды ширатып бұрау кабель бойымен сигнал жіберген кезде болатын электрлік ақауларды азайтады.Ал экрандалған қос ширатпа кедергілердің болмауын одан да бірнеше есеге ұлғайтады.«Қос ширатпа» кабелі Ethernet, ARCNet и IBM Token Ring сияқты көптеген желілік технологияларда қолданылады.
Қос ширатпадағы кабельдер экрандалмаған (UTP – Unshielded Twisted Pair)  және экрандалған мыс кабельдерге бөлінеді.Соңғысы екіге бөлінеді:әр жұбы экрандалған және жалпы экрандалған (STP – Shielded Twisted Pair) және тек бір ғана ортақ экраны бар (FTP – Foiled Twisted Pair).Кабельдегі экранның бар болуы немесе жоқ болуы жіберілген ақпараттың қорғанысы туралы еш мәлімет бермейді, ол тек өзгеріске ұшырауының әртүрлілігін көрсетеді.Экрандалмаған кабельдерде экранның болмауы кабельдерді майысқақ және өзгеріске төзімді етеді.Сонымен қатар оларэксплуатация үшін  экрандалған кабельдер сияқты құнды жерлестіру контурын талап етпейді.Экрандалмаған кабельдерді ғимаратттардың ішінде жүргізген дұрыс, ал экрандалған кабедерді көбінесе ерекше эксплуатация жағдайлары бар жерлерде қолданады, мысалы электромагниттік сәулеленуі өте жоғары жерлерде.Кабельдер категориясы бойынша 6.1 кестесіндегідей жіктеледі.Кабельдердің жіктелуі олар арқылы жіберілетін сигналдардың максималды жиіліктеріне негізделген.
6.1 кесте
Категориясы    Сигналдың берілу жиілгі, (МГц)
3    16
4    20
5    100
5+    300
6    200
7    600

                                           

Коаксальды кабельдер.
Коаксиалды кабельдер радио және телевизиялық аппаратураларда қолданылады. Коаксиалды кабельдер ақпаратты 10Мбит/с жылдамдықпен 185-500 метр қашықтыққа жібере алады.Олар қалыңдығына  қарай қалың және жұқа болып бөлінеді.Коаксиалды кабельдердің типтері 6.2 кестесінде берілген.
                                                                                                                         6.2. кесте
Типтері    Атауы,қарсыласу мәні
RG-8 и RG-11    Thicknet, 50 Ом
RG-58/U    Thinnet, 50 Ом, жалпылай орталық мыс өткізгіш
RG-58 А/U    Thinnet, 50 Ом, орталық өткізгіш
RG-59    Broadband/Cable television (көпсиымдылықты және кабельдік телевидение), 75 Ом
RG-59 /U    Broadband/Cable television (көп сиымдылықты және кабельдік телевидение), 50 Ом
RG-62    ARCNet, 93 Ом

Thinnet кабелі RG-58 ретінде танымал болған, мәліметтерді танымалдаудың физикалық түрінде кеңінен қолданылады.Желілер қосымша құрылғы сұрамайды және өте қарапайым, әрі арзан. (Thin Ethernet) жұқа коаксиалды кабелі қалың кабельге қарағанда  ақпаратты қысқа қашықтыққа ғана жібере алады.Бірақ жұқа кабельмен қосылу үшін СР-50  типтегі  BNC разъем стандарттары қолданылады және ол барлық ЛВС офистарға стандарт болып табылады. Төменде сипатталатын Ethernet 10Base2 технологиясында да қолданылады.
Қалың коаксиалды кабель (Thick Ethernet) кедергілерге қарсылығы өте жоғары, механикалық сапалы, бірақ кабельді орнату кезінде ЛВС-ке қосылу үшін  арнайы қажеттіліктерді талап етеді.Ол жұқа кабельмен салыстырғанда біршама қымбат,және майысқақ емес. Төменде сипатталатын  Ethernet 10Base5 технологиясында қолданылады..ARCNet желісі әдетте RG-62 А/U кабелін қолданады.
                                                 
Оптикалы-талшықты кабель
Оптикалы-талшықты кабель(Fiber Optic Cable)  алысқа ақпаратты  өте үлкен жылдамдықпен жібереді.Және олар тыңдау құрылғыларына жарамсыз.Оптикалы-талшықты кабельмен ақпарат жөнелту үшін жарық қолданылады.Жарық өткізгіш қызметін атқарып тұрған талшық ақпаратты алысқа әрі үлкен жылдамдықпен жіберуге көмектеседі, бірақ ол өте қымбат және онымен жұмыс істеу өте ауыр.Оптикалы-талшықты кабель жуандығы бірнеше микрон ғана болатын орталық шыны жіпшеден тұрады.Оның сырты жалпылай шынымен жабылған.Мұның бәрі сыртқы қоғаныс қабатының ішінде орналасады.Оптикалы-талшықты линиялар өте сезімтал.Мұнда жарық көзі ретінде жарық диодтары қолданылады (LED - Light Emitting Diode), ал ақпарат жарықтың интенсивтілігінң өзгеруі арқылы кодталады.Кабельдің қабылдайтын ұшында детектор желілік импульстарды электрлік сигналдарға айналдырады.Оптоталшықты кабельдердің екі түрі бар:бір модтық және көпмодтық.Бірмодтықтардың диаметрі кішкентай ,қымбат және ақпаратты жіберу қашықтығы жоғары.Жарық импульстары бір бағытта қозғала алатындықтан оптоталшықты кабельдер базасындағы желілердің әр сегмент үшін кіретін және шығатын кабельдері болуы керек.Оптоталшықты кабельдер арнайы коннекторлерді және жоғары квалификациялық орнатуды талап етеді.
Өткізгішсіз технологиялар.    
Мәліметтерді өткізгішсіз жіберудің әдістері (Radio Waves)  өте ыңғайлы және ақпарат жіберуде теңдессіз құрал болып табылады.Өткізгішсіз технология сигналдың типі бойынша, жиілік бойынша (үлкен жиілік үлкен жылдамдықты білдіреді), және жіберу қашықтығы бойынша ажыратылады.Мұндағы бөгеттер мен бағасы да үлкен роль атқарады.Өткізгішсіз технологияның үш түрін бөліп қарастыруға болады:
    радиобайланыс;
    микротолқынды диапазондағы байланыс;
    инфрақызыл байланыс;
                                                      Радиобайланыс
Радиобайланыс технологиясы мәліметтерді радиожиілік арқылы жіберіледі де, алшақтығы жағынан мүлдем шектелмейді.Ол географиялық ара-қашықтығы  өте үлкен локальдық желілерді байланыстыру үшін қолданылады..Радиобайланыс өте қымбат тұрады, атмосфералық және электрондық жағдайларға сезімтал келеді.Оны бұзу оңай, сондықтан қауіпсіздік деңгейін жоғарылату үшін шифрлауды қажет етеді.
Микротолқынды диапазондағы байланыс
Микротолқынды диапазондағы байланыс (Microwaves) арқылы  мәлімет алмасуда өте үлкен жиіліктер қолданылады, және оларды қысқа қашықтықта да, үлкен қашықтықта да қолдануға болады.Бұл байланыстың шектеулі жері жіберуші мен қабылдаушы тікелей байланыс зонасында болуы керек.Бұл физикалық ақпарат тасушыларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда пайдаланылады.Микротолқынды диапазондағы байланыс арқылы ақпарат жөнелтуде спутникті қолдану өте қымбат болуы мүмкін.
Инфрақызыл байланыс
Инфрақызыл технология (Infrared transmission) өте үлкен жиіліктің негізінде жұмыс жасайды.Оның жиілігін көрінетін жарықтың жиілігімен салыстыруға болады.Оны ара-қашықтығы жақын жерге екіжақты немесе кеңтаралған байланысты орнату үшін қолдануға болады..Инфрақызыл байланыста әдетте қабылдаушыға инфрақызыл толқындарды беру үшін жарық диодтары(LED – Light Emitting Diode)  қолданылады.Инфрақызыл ақпарат жіберу ара-қашықтығы бойынша шектелген, сондықтан ол тек офистік ғимараттарда ғана қолданылады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin | Теги: информатика, реферат, Кабельдердің типтері, желі
Просмотров: 1136 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]