Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 12.12.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

В категории материалов: 109
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 10 11 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Экологиялық факторлар және олардың классификациясы.  

Мақсаты: Студенттерге антропогенді факторлардың әсер ету заңдылықтары, Либихтың минимум заңы, Шелфордтың толеранттылық заңы, стенобионтты және эврибионтты организмдер, организмдердің тіршілігіндегі негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мәні, ортаның экологиялық сыйымдылығы жайлы білім беру  

Жоспары: 

1. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары:

а) абиотикалық факторлар;

ә) биотикалық факторлар;

б) антропогенді факторлар.

2. Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы.

3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары: Ю.Либихтың минимум заңы және  В.Шелфордтың толеранттық заңы.    

Экология | Просмотров: 265 | Загрузок: 0 | Дата: 25.09.2017 | Комментарии (0)

Жоспар 

 

1 Газды ионалмастыру матерялымен тазалау

2 Ионалмастыру тазалау қоңдырғылары

2.1 Үздіксіз жұмыс істейтін ионалмастырғыш қоңдырғылары

2.2 Пульсациялық сорбциондық бағана иониті

 

Химиялық өндіріс қоршаған орта үшін кері әсерін тигізсе де, оның өнімдерсіз практикалық тұрғада қоргаған ортаны қорғау мүмкін емес.Жалпы алғанда,химиялық өндіріс реагенттерді,коагулянттарды, флокулянттарды, сорбенттерді, ионалмастырғыш қарамайларды шығарады,оларынсыз ауыз суларын тазарту мүмкін емес.Газдарды тазалау үшін сіңіруші ерітінділер,активті көмірлер және де көптеген сорбенттер қолданылады. Жыл сайын ион алмастыру көбірек қолданыс табуда және оның масштабтары көбеюде.Өзімізге белгілі ассортименттің кеңеюі және де мамандардың тәжірбиесі кез келген технологиялық шешімдерді шешуге, бағалы компоненттерді түсіруге, компоненттерді концетрлеп және қоспаларды аналитикалық мақсаттарда бөліп алуға мүмкіндік береді. 

Экология | Просмотров: 938 | Загрузок: 0 | Дата: 10.10.2015 | Комментарии (0)

Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама әсер ететін өлі табиғат элементтері (космостық, геофизикалық, климаттық, кеңістік, уақытша, т.б.)
Автотрофтар - көмір қышқыл газы, су және минералдық тұздардан органикалык заттарды синтездейтін организмдер.
Адаптация - тірі организмдердің тіршілік жағдайларына бейімделі процесі, түр бойынша (генотиптік) бейімделушілік бірнеше ұрпақ бойынша жүріп, түр түзілу процесімен байланысты болатын және жеке (фенотиптік) адаптация 
Аменсализм - белгілі бір ортадағы организмдердің бір түрінің екінші түр тіршілігіне басымдылық көрсететін түр аралық қатынастар типі.
Атмосфера - Жердің немесе кез келген космостық дененің газды қабықшасы.
Антибиоз - организмдер арасындағы бір-біріне кері әсер ететін қарым - қатынастың түрі.

Экология | Просмотров: 1791 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 10.07.2015 | Комментарии (0)

топырақ

Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызы өте ерекше. Ең алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі. Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген. Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді.

Экология | Просмотров: 3398 | Загрузок: 0 | Дата: 10.03.2015 | Комментарии (0)

Қоршаған орта

Қоршаған орта проблемасы, оның қазіргі кең таралуы

Стокгольм конференциясынан (1972 ж.) бастау алады. БҰҰ шешіміне сәйкес жеке ұйым құрылған болатын, оған табиғат қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты әлемдік масштабта ұйымдастыру міндеті жүктелген еді. Бұл оған қоршаған ортаны қорғау саласындағы БҰҰ бағдарламасында ЮНЕП деп аталады. Осы орган тұрақты негізде жұмыс жасап жатыр, оның штаб пәтері Найроби (Кения) орналасқан.

Экология | Просмотров: 1769 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 20.01.2015 | Комментарии (0)

Халықаралық ынтымақтастықтың тарихы

Халықаралық табиғат қорғау ынтымақтастығының тарихы

Халықаралық табиғат қорғау ынтымақтастығының тарихы әлемдегі жануарлар әлемін сақтау және пайдалануды реттеу жөніндегі келісімді жасаудан басталған. Бұдан 127 жыл бұрын 1875 жылы Австро – Венгрия және Италия құстарды қорғау декларациясына қол қойған. 1882 жылы бірнеше Европа мемлекеттері Париж қаласында ауыл шаруашылығына пайдалы құстарды қорғау жөніндегі бірінші конвенцияға қол қойды. Халықаралық келісім көбінесе балық, кит және теңіз жануарларын қорғау үшін жасалады. Солтүстік мұхиттағы балық аулауды реттеу жөніндегі тәртібі 1882 жылы жасалып, қазіргі таңда осы сала бойынша 70-тен астам келісімдер бар. 

Экология | Просмотров: 850 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 20.01.2015 | Комментарии (0)

Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастықтың формалары 

Халықаралық ынтымақтастықтың келесі формаларын бөліп көрсетуге болады:Парламентаралық ынтымақтастық, мемлекет арасындағы экологиялық проблемаларды шешуді қамтамасыз жасауға бағытталған, бұнда заңдылық қызметін үйлестіреді. Осында экологиялық заңдар модельдерін жасау қарастырылған, бірақ ұсыныс ретінде. Жекеленген мемлекеттердің атқарушы құрылымдарын, өзара қарым – қатынасын ұйымдастыру, БҰҰ қамқорлығымен жүзеге асатын экологиялық бағдарламалар бағытын реттеп отырады. Конвенциялық (арнаулы мәселе жөніндегі халықаралық шарт) жекеленген территориялармен обьектілердің нақты экологиялық проблемасын шешуге біркелкі тәсілдер.

Экология | Просмотров: 1342 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 20.01.2015 | Комментарии (0)

халықаралық қарым-қатынас

Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-қатынас

 

Қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық қарым-қатынас.Әлемдік экологиялық проблемалардың негізі – процестер мен құбылыстардың халықаралық деңгейге шығуында жатыр, бұнда адамзат цивилизациясының тіршілігінің негізгі әрететін қозғап өтіп, өзінің шешімін шешуге бүкіләлемдік қауымдастық қатысуын қажет етеді. Осы жерде атап көрсету қажет, кейбір табиғи ресурстардың халықаралық ерекше статуста екенін әлемдік мұхит ресурстары, ауа атмосферасы, Антарктида, ғарыш. Бұл жерде барлық күшті біріктіре отырып, оларды, ұтымды, тиімді, жоспарлы, табиғаттың тепе – теңдігіне экологиялық зиян әкелмейтіндей, қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру жолдары мен әдістерін шешуге жұмылдыру керегіне баса көңіл аударуға проблемасы қойылып отыр.

Экология | Просмотров: 1248 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 20.01.2015 | Комментарии (0)

Стокгольм 1972

Қоршаған орта туралы БҰҰ-ның бірінші конференциясы

 

Қоршаған орта туралы БҰҰ-ның бірінші конференциясының декларациясы (Стокгольм, 1972). БҰҰ –ның Адамды қоршаған орта мәселелері бойынша алғашқы коференциясы Стокгольм қаласында 1972 жылы өтті. Бұл коференция барысында маңызды 3 халықаралық бағдарламалар, 7 үкім және 26 принцип қабылданды. Бағдарламалар: 1. M&B – Адам және Биосфера; 2. GKP – Бүкіләлемдік климатық бағдарлама; 3. GBGP – Бүкіләлемдік биосфера-геосфералық бағдарлама. Конференция декларациясында басты назар қазіргі қоғамның барлық шаруашылық, өндірістік, ғылыми – техникалық бағыттарын эколоияландыру мәселесіне ауысқан болатын. 

Экология | Просмотров: 5729 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 20.01.2015 | Комментарии (0)

Экология құқығы түсінігі, экологиялық құқықтық қатынас және қайнар көздері ҚР-ның экологиялық құқығы — айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың мәні — бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы. Экологиялық қатынастар дегеніміз — бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз. Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз — айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз. 

Экология | Просмотров: 3723 | Загрузок: 0 | Дата: 10.11.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 ... 91-100 101-109