Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

HTML тілі элементтері. Веб-сайт құру жолдары


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (422.9Kb) ] 15.11.2013, 22:23

3.       HTML тілі элементтері. Веб-сайт құру жолдары.

Web-беттің негізгі қызметі – қажетті ақпаратты іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Web-беттер түрінде дайындалып сақталған электрондық құжаттарға – мәліметтер, графиктер, фотосуреттер жатады. Электрондық құжаттың қарапайым құжаттан айырмашылығы – оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML арнайы тілі пайдаланылады және олар HTML форматында сақталады.

HTML (HyperText Markup Language-гипермәтіндік белгілеу тілі) – қатаң ережелері бар компьютерлік тіл. HTML тілінде құжаттың авторы өз мәтінін тегтер деп аталатын символдар көмегімен арнайы файлға – Web-бетке айналдырады. Web-беттің мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, бірақ барлығы да арнаулы HTML тілінде жазылғандықтан бұл құжаттардың кеңейтілмесі .htm немесе .html болып келеді.

HTML тіліндегі құжат – құжаттың негізгі мәтінінен және тегтерден тұрады. Бұл файлды құру үшін қарапайым мәтіндік редактор Блокнотты қолдансақ та болады.

Барлық тегтер «кіші» (<) символынан басталады да «үлкен» (>) символымен аяқталады. Бұл символдар жұбын бұрыштық жақшалар деп те атайды. Ашылған бұрыштық символдан кейін тегті анықтайтын өзекті сөздер орналасады. HTML тілінің тегтері құжаттың арнаулы бөлігіне ғана, мысалы, абзацқа ғана әсер етеді. Сондықтан да  ашылатын және жабылатынжұп тегтер қолданылады. Ашылатын тег құжаттың бөлігіне қандай да бір әсер береді, ал жабылатын тег осы әсерді доғарады. Жабылатын тегтер – «/» - символымен басталады.

HTML құжатының құрылымы:

1)барлық құжат <HTML> тегімен басталады да, </HTML> сәйкес тегімен аяқталады. Бұл тегтер жұбы – броузерге HTML құжаты екендігін хабарлайды;

2)HTML құжаты тақырыптар бөлімінен және құжаттың денесінен тұрады. Тақырыптар бөлімі <HEAD>  және </HEAD> - тегтерінен тұрады, мұнда құжат туралы мәлімет көрстеіледі;

3)<TITLE>  және </TITLE> тегтері тақырыптар бөлімінің ішінде орналасады және мұнда құжаттың арнайы тақырыбы орналасады;

4)Негізгі мәтін құжаттың денесінде көрсетіледі және ол <BODY>, </BODY> тегтерінің аралығында орналасады.

Осы төрт тег – HTML құжатының негізгі құрылымын білдіреді және бұл тегтер HTML тіліндегі барлық құжатта міндетті түрде көрсетіледі.

Мысалы:

1)Блокнот программасын жүктеңіз;

2)Шыққан сұхбаттық терезеде мына қатарларды теріңіз (1-сурет):

<HTML>

 <HEAD>

   <TITLE> Моя первая Web – страница </TITLE>

 <HEAD>

 <BODY>

    Это – моя первая Web-страница

 </BODY>

</HTML>

 

1-сурет. Блокнот программасының терезесі.

 

3)құрылған құжатты сақтаңыз (файл аты көрсетілетін қатарда 1.htm деп жазамыз) (2-сурет);

2-сурет. Құжатты сақтау терезесі.

 

4)сақталған файлды Internet Explorer броузерінің көмегімен ашатын болсақ 3-суреттегідей сұхбаттық терезе ашылады.

3-сурет. Internet Explorer броузерінің көмегімен ашылған Web-құжат.

 

5)HTML тілінде құжаттың ішкі тақырыбын алты түрлі тәсілмен беруге болады және олар <H1>, </H1>, <H6>, </H6> тегтерінің көмегімен жазылады;

6)<P> , </P> тегтері абзацтың басы және соңы екендігін білдіреді;

7)<HR> - тегі көлденең сызық сызады және ол парсыз тег болып табылады;

8)<BR /> - қатардың аяқталуы. Келесі қатар жаңа азат жолдан басталады;

9)<I>, </I> - мәтін курсивпен жазылады;

10)<STRONG>, </STRONG> немесе <B>, </B> - жартылай қалыңдатыла жазылған шрифт;

11)<SUB>, </SUB> - төменгі индекс;

12)<SUP>, </SUP> - жоғарғы индекс;

13)егер абзацсыз жаңа қатарға өту қажет болса <BR> тегі қолданылады;

14)<A HREF= "...”>, </A> тегтері гиперсілтеме орнату үшін қажет. Гиперсілтеме орнату барысында сілтеме жасалатын URL адрес көрсетіледі.  Егер сілтеме көрсетілген құжат басқа Web-бетте болса, атрибуттағы тырнақша ішінде міндетті түрде құжаттың URL адресі толық  көрсетілуі керек. Мұндай сілтеме сыртқы сілтеме деп аталады.

Егер сілтеме осы құжаттың басқа бетінде болса, бұл кезде сілтеме ішкі сілтеме құрылады;

15)Гипермәтіндік сілтемелер бет ішінде арнаулы орынды да көрсетеді. Ол үшін алдын-ала якорь енгізу керек. Бұл кезде  <A NAME= «...» ID= "…”>, </A> тегтері қолданылады. Берілген якорға сілтеме жасау үшін URL адрестің соңында якордың  атын құжат атынан «#» символы арқылы ажырата отырып көрсету керек.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin
Просмотров: 13984 | Загрузок: 2927 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]