Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

MS Access объектілері сұраныс, қалып және есеп


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (446.3Kb) ] 15.11.2013, 22:24

Тақырыбы: MS Access объектілері: сұраныс, қалып және есеп.

 

1. Сұраныс объектісі.

2. Қалып және есеп.

 

1.Сұраныс объектісі.

Сұраныстар арқылы бір және бірнеше байланысқан кестелерден берілгендерді анықталған шарт бойынша іріктеп алуға болады. Access-те сұраныс құрудың бірнеше тәсілдері бар. Олар сұраныс объектісінде Құру батырмасын басқанда пайда болатын Жаңа сұраныс терезесінде көрсетіледі (1-сурет).


1-сурет. Жаңа сұраныс терезесі.

 

Қарапайым сұраныс құру үшін:

1)Жаңа сұраныс терезесінде оның Қарапайым сұраныс (Простой запрос) түрін таңдап, ОК батырмасын шерткенде Қарапайым сұраныс құру сұхбаттық терезесі іске қосылады (2-сурет);

 


2-сурет. Қарапайым сұраныс құру терезесі.

 

2)Сұранысқа қажетті кесте аты белгілі болған соң Мүмкін өрістер (Доступные поля) қатарынан өзімізге қажетті өріс аттарын Таңдалған өрістер (Выбранные поля) өрісіне таңдаймызда ( «>» - бағыттауышы белгіленген өрісті ғана келесі бетке көшіреді, ал «>>» бағыттауышы барлық өрістерді көшіреді) Әрі қарай (Далее) батырмасын шертеміз (3-сурет);

 


3-сурет.Қарапайым сұранысқа қажетті кесте атын және

өрістерді таңдау сұхбаттық терезесі (1-қадам).

 

Егер сұранысқа екі немесе бірнеше кесте мәліметтері қажет болса, онда шебердің келесі қадамында толық немесе қорытынды параметрлердің (подробный (вывод каждого поля каждой записи), итоговый) бірі таңдалады (4-сурет).

 


4-сурет.Шебердің 2-ші қадамы.

 

3-ші қадамда сұранысқа атау беріледі және үнсіздік бойынша «Сұраныстың орындалу нәтижелерін ашу» қасиеті таңдалады (5-сурет).


5-сурет. Қарапайым сұраныс құру сұхбаттық терезесі – 3-ші қадам.

 

Сұраныстағы Құрастырушы (Конструктор) режімі негізгі режім болып табылады. Тіпті шебердің көмегімен құрылған сұраныстың өзіне қандай да бір өзгертулер, толықтырулар қажет болады. Қосымша барлық қызметтер, өзгерістер тек қана Құрастырушы режімінде орындалады.

Құрастырушы режімінде сұраныс құру мына екі тәсілдің бірі арқылы орындалады:

1)Деректер қоры базасында Сұраныс®Құру®Жаңа сұраныс (Запрос®Создать®Новый запрос) командасынан соң  Құрастырушы (Конструктор) қатарын таңдау. ОК батырмасынан соң төмендегідей екі сұхбаттық терезе шығады (6-сурет):

  

                                        а)                                                                                              ә)

6-сурет. Құрастырушы көмегімен құрылған сұраныс.

 

2)Сұраныс объектісі терезесіндегі Сұранысты құрастырушы режімінде құру (Создание запроса в режиме конструктора) қатарында тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз екі рет шерту арқылы жүктесек те болады.

9.4.6 (ә)-суретте қажетті кестені, сұранысты және кесте мен сұранысты бірге таңдап алуға мүмкіндік беретін бөлімдердінің қажеттісін белгілеп алған соң Қосу (Добавить) батырмасын басамыз. Таңдалынған кестелер 9.4.6 (а) – суреттің жоғарғы бөлігінде сұраныс жеберілген кестенің құрылымы бейнеленеді. Төменгі бөлігі бағандарға бөлінген. Оның әрбір бағаны болашақ кестенің бір-бір өрісіне сәйкестендірілген. Сұранысқа қажетті өрістерді тышқан көмегімен таңдап аламыз. Сол кезде бланкінің төменгі жағындағы бағандар автоматты түрде толтырылады. Сұраныстың құрылымын даярлап болған соң, оны жаңа атпен қайта сақтаймыз. Осылайша құрылған сұраныс- Таңдамаға сұраныс (Запрос на выборку) деп аталады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin
Просмотров: 6227 | Загрузок: 1639 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1  
MS Access тақырыбына презентация тауып беріңіздерші!!!

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]