Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

Архиваторлар.WinRar және Backup программалары


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (270.1Kb) ] 15.11.2013, 22:28

WinRar және Backup программалары.

Дербес компьютерді пайдалану кезінде әртүрлі себептермен магниттік дискідегі ақпаратты жоғалтып немесе бүлдіріп алуымыз мүмкін және файлдардың көлемін кішірейтуге (сығуға) тура келеді. Осындай жағдайларда шығынды азайту үшін файлдардың архивтік көшірмесін алып, оларды тұрақты күйде жаңалап отыру керек.

Архивтеу дегенiмiз – алдын ала сығу жолымен файлдардың көшiрмесiн дискiде немесе дискетте (магниттi таспада) сақтау.

Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы.

Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге және т.б. істер атқаруға мүмкіндк береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырғандағы файлды қысу деңгейі сияқты мүмкіндіктерімен айрықшаланады.

Кең таралған архиваторлар тобына ARJ, RAR, PKZIP, WinRar, WinZip, Backup және т.б. архивтеу программалары жатады.

Windows операциялық жүйесінде WinRar және WinZip архиваторлар кең тараған. WinRar архивтік программасының жұмысын қарастырайық, себебі .rar кеңейтілмесімен  архивтелген файлдар Интернет желісінде кеңінен қолданылады.

Программаны жүктеген кезде программаның бейкоммерциялық қолданылуы тіркеусіз жүзеге асатыны, бірақ міндетті түрде Сіздің келісіміңізді қажет етеді, сондықтан шыққан сұхбаттық терезеде «Установить» командасын бассаңыз болғаны, программа үнсіздік бойынша ұсынылған дискіде орнатылады (1-сурет).

Келесі сұхбаттық терезеде программаға қатысты байланысқан типтегі  кеңейтілмелерді және қажетті интерфейстерді белгілеуді сұрайтын сұхбатты терезе шығады. ОК батырмасын шерткеннен соң WinRar программасы орнатылған бума аты және өзіңізге қажетті Анықтама алуға мүмкіндік беретін сұхбаттық терезе шығады. Бұл терезеде Готово батырмасын шерткеннен соң Сіздің компьютеріңізде WinRar программасы орнатылады (2-сурет).


1-сурет.WinRar архивтік программасын орнату терезесі.

 

      

2-сурет. Архивтеу программасын орнату барысы.

 

Жұмыс үстелінде орналасқан LEK-1-kz.doc файлын осы программа көмегімен архивтеуді қарастырайық.:

1)Жұмыс үстеліндегі LEK-1-kz.doc файлын белгілеп, тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз. Шыққан сұхбаттық терезеде «Добавить в архив» немесе «Добавить в архив «LEK-1-kz.rar» » командаларының бірін таңдаймыз (3-сурет).


3-сурет. LEK-1-kz.doc файлын архивтеу.

 

2)Келесі сұхбаттық терезеде архивтік файлдың аты және қажетті параметрлері таңдалады (4-сурет).


4-сурет.Архивтік файлдың аты және қажетті параметрлері

 

3) ОК батырмасын шерткеннен соң архивтеу программасының орындалу барысының сұхбаттық терезесі шығады (5-сурет).


5-сурет. Архивтеу программасының орындалу барысы.

4) Жұмыс үстелінде архивтелген программаның таңбашасы шығады (6-сурет).

 


6-сурет. Жұмыс үстеліндегі архивтелген файл.

 

Қатты дискідегі мәліметтердің көшірмесін алу үшін Backup программасы қолданылады. Бұл программа операциялық жүйенi бастапқы орнату кезiнде қондырылмауы мүмкiн. Мұндай жағдайда оны орнату керек.

Бұл программа ақпараттың резервтi көшiрмесiн құру және бұрын көшiрiлiп қойылған ақпараттарды қалпына келтiру мақсатында да қолданылады. Программаны iске қосу үшiн  Бас мәзірде: Программалар®Стандартты®Қызмет программалары (Служебные программы) ®Backup (Архивация данных) қатарын таңдаймыз.

Программа iске қосылғаннан кейiн архивтеу, қалпына келтiру, файлдарды салыстыруға арналған үш астарлы беттен түратын Backup программасының терезесi ашылады (7-сурет). Әрбiр астарлы беттiң негiзгi бөлiгi Сiлтеуiш программасы терезесiнiң көрiнiсi сияқты болады және жоғарыда айтылған мақсатқа қолданылады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin
Просмотров: 6349 | Загрузок: 759 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]