Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

MS Excel – электрондық кестесі


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (126.1Kb) ] 15.11.2013, 22:25

Тақырыбы: MS Excel – электрондық кестесі.

 

1.  Жұмыс кітабы парақтарын байланыстыру.

      2. MS Excel электрондық кестесінде аналитикалық геометрия есептерін шығару   жолдары.

3.  Мәлiметтерді сұрыптау және сүзгілеу.

 

1. Жұмыс кітабы парақтарын байланыстыру.

Жұмыс кітабы парақтарына түрлі тақырыптардан тұратын мәліметтер енгізіледі. Кейбір бағандарға енгізілген мәліметтер түрлі парақтарда қайталануы да мүмкін. Оларды бір парақтан екіншісіне алмастыру буфері арқылы көшіру қиын емес. Мұндай көшірудің екінші әдісі – парақтар арасында байланыс орнататын формуланы пайдалану. Оның жазылу форматы: <Парақ атауы>!<адрес>

Мұндағы:

<Парақ атауы> - қайталанатын жолдық немесе бағандық мәліметтерді көшіру үшін пайдаланатын бастапқы жұмыс парағының атауы;

! – сол параққа сілтеме белгісі;

<адрес> - бастапқы парақтан мәндері көшірілетін ұяшық немесе ұяшықтар блогына сілтеме (соңғы парақта формула енгізілетін ұяшықты алдын-ала таңдап алу керек).

Мысалы: Математика, физика, информатика пәндеріне арналған электрондық емтихан тізбесін құрып, оларды байланыстырғаннан соң шығатын кестені көрсетейік. Ол үшін: 

1)1-суреттегідей кестені толтырып, оны Матем.xls деген атпен сақтайық;

 

1-сурет. Беттер арасындағы байланыс.

 

2)Әр парақтың атын пән атына байланысты ауыстырамыз;

3)Соңғы бетте (қорытынды) байланысты жүзеге асыру үшін – осы беттегі D4 ұяшығына  =матем!D4, E4 ұяшығына =физика!D4, ал F4 ұяшығына  =информатика!D4 сілтемелерін енгіземіз;

4)егер кез-келген ұяшықтағы бағаны өзгертсек, автоматты түрде Қорытынды бетте сол өзгеріс сипатталады.

 

2. MS Excel электрондық кестесінде аналитикалық геометрия есептерін шығару жолдары.

 

Мына шартпен берілген эллипсоидтың жоғарғы бетін тұрғызайық:

хÎ[-3; 3], yÎ[-2; 2] диапазон аралығында  D=0,5 қадаммен екі айнымалы да өзгереді.

2)Ол үшін:

2.1)х айнымалысын А1 ұяшығына, ал А2 ұяшығына аргументтің сол жақ мәнін (-3) енгіземіз;

2.2)А3 ұяшығында қадамды қосқандағы мәнді енгіземіз, яғни =A2+$K$2 формуласын енгіземіз және осы формуланы А14 ұяшығына дейін толтырамыз;

2.3) у айнымалысының мәнін В1 ұяшығына енгіземіз және С1 ұяшығында қадамды қосқаннан кейінгі мәнді есептейміз, яғни =B1+$K$2 формуласын енгіземіз, оны J1 ұяшығына дейін созамыз;

2.4)z айнымалысының мәнін есептеу үшін В2 ұяшығын екпінді жасағаннан соң Функция шеберін шақырып, оның екінші қадамында «Категория» өрісінен «Математикалық» типін таңдаймыз. Функция өрісінен «Корень» функциясын таңдаймыз және шыққан сұхбаттық терезеге түбір асты айнамылысының бірініш мәнін есептеуге қажетті формуланы енгіземіз, яғни: =КОРЕНЬ(1-$A2^2/9-B$1^2/4), бұдан соң ОК батырмасын шертеміз. В2 ұяшығында #ЧИСЛО! мәні шығады, өйткені х=-3 және у=-2 нүктелерінде тұрғызылатын эллипсоид жоқ;

2.5) Нәтижеде 2-суреттегідей мәндер кестесін аламыз:

 

2-сурет.Эллипсоид функциясын есептеу кестесі.

 

3)Берілген функцияның диаграммасын тұрғызу үшін Диаграмма шеберін шақырамыз. Содан соң:

3.1)1 қадамда диаграммы типін – «Поверхность», ал көрінісін – «Проволочная (прозрачная) поверхность» деп аламыз;

3.2)2 қадамда «Диапазон данных» өрісінде тышқан нұсқағышының көмегімен B2:J14 аралығын көрсетеміз, ал «Подписи оси Х» өрісінде х айнымалысының мәндер аралығын көрсетеміз: А2:А14. у айнымалысының мәндерін «Ряд» өрісінде бейнелейміз, яғни «Ряд 1» жазбасын белгілеп алғаннан соң «Имя» өрісін ағымды етеміз де у айнымалысының бірінші мәнін (-2) енгіземіз. Дәл осылай «Ряд 9» жазбасына дейін қайталаймыз. Қажетті жазбалар орындалып болғаннан соң «Далее» батырмасын шертеміз;

3.3)3 қадамда диаграмма тақырыбын және осьтерін енгіземіз;

3.4)4 қадамда диаграмманың орналасу орнын анықтаймыз. Диаграмма көрінісі 3-суретте берілген.

3-сурет. Эллипсоид диаграммасы.

 

3. Мәлiметтерді сұрыптау және сүзгілеу.

 

Мәлiметтер базасымен атқарылатын негiзгi жұмыс оның қүрамынан айрықша белгiлерiне қарай мәлiметтердi iздеу болып табылады. Жазбалар саны неғүрлым көп болған сайын мәлiметтi iздеу қиындай бередi. Excel бұл қиындықты шешудi мәлiметтердi сұрыптау арқылы орындау мүмкiндiгiн бередi.

Деректер®Фильтр (Данные®Фильтр) командасын орындау арқылы қажеттi жазбаларды басқалардан бөлiп алуға, екшеп терiп алуға болады. Екшеп терiп алуды автоматты түрде Автофильтр командасының, ал жәй әрекеттер арқылы (қолмен) Кеңейтiлген фильтр (Расширенный фильтр) командасының көмегiмен орындауға болады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin
Просмотров: 4288 | Загрузок: 656 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]