Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер [ Добавить материал ]

ХАЛЫҚ туралы мақал-мәтелдер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.12.2013, 00:37
ХАЛЫҚ СӨЗІ ҚАҺАРЛЫ

Аты — алаш, керегесі — ағаш.

Естімеген елде көп,
Есек мінген сартта көп.

Көлдің атын балық шығарады, балықтың атын халық шығарады.

Кім бай болам демейді, құдайы қаламайды, 
Кім би болам демейді, халқы қаламайды.

Қазақ байдың ұлы болма, халық байдың ұлы бол.

Казақ байыса қатын алады, 
Сарт байыса үй салады.

Қазақ қартайса түйе бағады, 
Қарақалпақ қартайса томар қазады.

Қазақ мал танымас, 
Сарт жай танымас.

Қазақтың айраны көп, 
Орыстың мейрамы көп.

Қазақтың екі өгізі ағып жатқан суды тоқтатыпты.

Казақтың "осы жер" дегені көш жер.

Қалмақ жүрген жерде салмақ бар.

Қалыптан безсең де халықтан безбе.

Қатардан ассаң да халықтан аспақ жоқ.

Орта жүзді камшы беріп дауға қой,
Кіші жүзді найза беріп жауға қой,
Ұлы жүзді қауға беріп малға қой.

Орыс бар жерде қоныс бар.

Өзбек өрістес ел, 
Қырғыз қоныстас ел, 
Қарақалпақ қарындас ел, 
Түрікпен тамырлас ел.

Сары орыс, қара орыс — бері орыс.

Сенің шешен болғаның шер халықтың арқасы, 
Сенің көсем болғаның ер халықтың арқасы.

Татарға тілмәш керек емес.

Ұлтың жамандаған у ішер.

Халқым — қазынам, қазаным, 
Туғаным — туырлығым.

Халық айтпайды,
халық айтса қалып айтпайды.

Халық аузына қакпақ қойып болмас.

Халық боламын десең — бесігіңді түзе.

Халық келіп-кеткенді сыйламайды, 
Қиышып қызмет еткенді сыйлайды.

Халық — қазы, еңбек — таразы.

Халық қаласа хан қайығын береді.

Халық қамын ойлаған халық ағасы — нар кісі. 
Қарын қамын ойлаған қара бастың қайғысы.

Халық қартаймайды.

Халық қаһары қамал бұзар.

Халық қорғамаған басынды, қалпақ қорғай алмайда.

Халық сөзі қаһарлы.

Халық сүйген, халқының қалпын сүйген.

Халық сүймес, халық сүйген — суға батпас, отқа күймес.

Халық сыны қатесіз.

Халықтан бөлінген қараң қалар.

Халықтан қайырымдылықты, қариядан байымдылықты үйрен.

Халық түзетпегенді қалып түзетпейді.

Халықты дана қосады,
Қатын мен ерді бала қосады.

Халықтың қамын ойласаң, қардарың соның ішінде.

Халықтың құшағы кең.

Халық ұйғарса хан түйесін сояды.

Шылаудың шұрайлысын балық жайлайды,
Жердің шұрайлысын халық жайлайды (Ғ.Мүсірепов).
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша мақал-мәтелдер | Добавил: Admin
Просмотров: 10139 | Загрузок: 96 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]