Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 27.3.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер [ Добавить материал ]

В категории материалов: 47
Показано материалов: 21-30
Страницы: « 1 2 3 4 5 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
ЕР ЖІГІТТІҢ ЕКІ СӨЙЛЕГЕНІ - ӨЛГЕНІ

Азынаған айғырды үйірде көр,
Адамсыған жігітті үйінде көр.

Ай толғанын білмес,
Жігіт болғанын білмес.

Ақ серке қой бастайды,
Ақын жігіт той бастайды.

Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,
Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.

Атты арбада көр,
Жігітті ордада көр.

Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық.

Бай болайын деген жігіт айырбасшыл келеді,
Адам болайын деген жігіт қарындасшыл келеді.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 3756 | Загрузок: 104 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ЖОЛҒА ШЫҚҚАН ЖОЛДАН ТАБЫЛАР

Айналыс та болса жол жақсы,
Ақсақ та болса қыз жақсы.

Алыс жол атты сынайды,
Ауыр жол ерді сынайды.

Алыс жолға шығар болсаң, алдымен жолдасынды сайла.
Жаудың аддын алар болсаң, алдымен қолбасынды сайла.

Алыс жүрсең де жолмен жүр.

Алыс сапар алғашқы кадамнан басталады.

Арқан бойы соқпақтың тұсау бойы төтелігі бар.

Атар таңға жүрсең де батар күнге жүрме.

Ауыздың қайда екенін қол біледі,
Ауылдың қайда екенін жол біледі.

Ауыр жол атанды сынайды,
Ауыр іс адамды сынайды.

Ащы мен тұщыны татқан білер,
Алыс пенен жақынды жортқан білер.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 5474 | Загрузок: 68 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ЖЕРІ БАЙДЫҢ ЕЛІ БАЙ 

Әуелі тәңірі жерге береді, 

Жерге берсе елге береді, 
Елге берсе ерге береді. 

"Барар жерің Балкан тау, ол да біздің көрген тау". 


Бидай қырда, күріш Сырда, 

Жемістердің ғажабы Жетісуда. 

Бұрын қонған қоныс алады, 

Кейін қонған өріс алады. 

Еділ ел болып келгенге су болады едірейіп келгенге у болады. 


Екпесең жер қысырайды, 

Күтпесең көл қысырайды. 
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 5787 | Загрузок: 102 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ДҰШПАН ДОС АРАСЫНАН ШЫҒАДЫ.

Алға да бас, кейін де шегін — 
айламен үз жаудың белін.

Алдыңдағы ауды көрмесең де ұзақтағы жауды көре біл.

Алты аласы, бес бересі жоқ.

Алысқан жауға арқаңды көрсетпе.

Алысты жақындататын — ат, 
Жақынды алыстататын — жат.

Аңдысқан жау алмай қоймас.

Әйел адам сырынды алса, 
Дұшпан үштен бірін алады.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 1502 | Загрузок: 84 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ЖАМАН АДАМ ТӨРШІЛ

Айыратын жаман бар, 
Қосатын жаран бар.

Алты жаман бір болса бір жақсыны иеді.

Арбадан үркіп жаман ат ер салдырмас жал бітсе.
Қасына қоңсы қондырмас қас жаманға әл бітсе (Есет би).

Баласын мақтар бас жаман, 
Қатынын мақтар қас жаман.

Алыстағы дұшпаннан
аңдып жүрген дос жаман (Үмбетей).

Барын ішпейтін сараң бар, 
Жасырып ішетін арам бар.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 13158 | Загрузок: 95 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ЖАҚСЫ АДАМ АЛЫСТЫ ЖАҚЫН ЕТЕР

Айдынды жақсы аймен тең,
Жомарт жігіт баймен тең.

Шешен жігіт дүрмен тең,
Имансыз көңіл кірмен тең (Шал ақын).

Аққу — құстың төресі жалғыз жатып оттамас. 
Қас жақсының белгісі қара сөзді қоштамас.

Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ, 
Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.

Аласаны атқа санама, 
Жақсыны жатқа санама.

Асыл адамға өлім жоқ.

Асылдың сынығы, айдынның тұнығы.

Асыл масыл емес.

Асыл туған адамның алтын жетпес нарқы бар. 
Жақсы менен жаманның аспан мен жердей парқы бар.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 15211 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕМЕРСІҢ

Еңбегі аздың өнбегі аз.

Еңбегі ештің күні кеш, тұзы сор.

Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.

Еңбегі көптің өнбегі көп.

Еңбегімен ер сыйлы, 
Өнбегімен жер сыйлы.

Еңбегіне қарай — құрмет, 
Жасына қарай — ізет.

Еңбегіне қарай өнбегі.

Еңбегіне қарай табысы, 
Ерлігіне қарай дабысы.

Еңбегінен ел таныр.

Еңбегің болмаса елге өкпелеме, 
Ықтасының болмаса желге өкпелеме.

Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады. 
Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 52554 | Загрузок: 65 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ДОС - АЖАРЫҢ, ЖОЛДАС БАЗАРЫҢ.

Дос — ажарың, жолдас — базарың.
Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.

Айрылғысы келген дос аяулыңды сұрайды.
Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды.

Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.

Айтулы достың малы бір,
кемедегінің жаны бір.

Алыстағы досыңа    
ат берсең де жарасар —
үйіне мініп барсын деп.    
Жақындағы досыңа
хат берсең де жарасар —    
ұмытса есіне алсын деп.

Ауыр сөз айтқан дос емес.

Босқа бергенше досқа бер.

Бір пайдадан кешкен мың кісімен дос болады.

Дәмді болса - достық қымбат, 
Мәнді болса - жастық қымбат.

Дос — ажарың, жолдас — базарың.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 678 | Загрузок: 105 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ДОС - АЖАРЫҢ, ЖОЛДАС БАЗАРЫҢ.

Дос — ажарың, жолдас — базарың.
Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.

Айрылғысы келген дос аяулыңды сұрайды.
Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды.

Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.

Айтулы достың малы бір,
кемедегінің жаны бір.

Алыстағы досыңа    
ат берсең де жарасар —
үйіне мініп барсын деп.    
Жақындағы досыңа
хат берсең де жарасар —    
ұмытса есіне алсын деп.

Ауыр сөз айтқан дос емес.

Босқа бергенше досқа бер.

Бір пайдадан кешкен мың кісімен дос болады.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 12806 | Загрузок: 112 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (2)

ГҮЛ ЖЕРДІҢ КӨРКІ

Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.

Әр гүлдің исі басқа,
Әр жердің жынысы басқа.

Бір гүл толып ашылады,
Бір гүл солып ашылады.

Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас.

Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса.

Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар.

Гүл қайда болса көбелек сонда.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 3277 | Загрузок: 95 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-47