Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 21.2.2017
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер [ Добавить материал ]

В категории материалов: 47
Показано материалов: 31-40
Страницы: « 1 2 3 4 5 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
БІЛЕГІҢЕ СЕНБЕ, БІЛІМІҢЕ СЕН.

Кітап - алтын қазына.

Кітап алтын сандық:
іші толған қазына, құт,
оқы, оқы, ойыңа тұт. 

Кітап - білім бұлағы,
Білім - өнер шырағы.

Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.

Кітап көзі жұмыққа арзан,
          көзі ашыққа маржан.

Кітап - қаймақ, білім - оймақ.

Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 10496 | Загрузок: 86 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

БИ БОЛМАСАҢ БОЛМА, БИ ТҮСЕТІН ҮЙ БОЛ.

Айтыскан соң дау емес пе, 
Алысқан соң жау емес пе.

Аталыдан би қойсаң
адаспас жол мен жобадан.
Атасыздан би қойсаң
босамас аузы парадан (Бұқар жырау).

Аянбаған жауды алар 
Абайлаған дауды алар.

Әділ бидің елін дау араламайды, 
Әділ патшаның елін жау араламайды.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 2146 | Загрузок: 94 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

БАТЫРДЫ БӘРЕКЕЛДІ ӨЛТІРЕДІ

Айлалы батыр алдырмас.

Алдында жатыр ақмарал, атып ал да олжалан.

Арпасыз ат қыр аса алмас, 
Арқасыз батыр жау ала алмас.

Арыстан айға шауып мерт болғанмен 
артында жортқан баласы 
арыстандық етпей қоймас. 
Ақсұңқар ауға шырмалғанмен 
ұясынан ұшқан балапан
сұңқарлық етпей қоймас.

Байы өлген қатынның беті жара, 
Бағы тайған батырдың еті жара.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 12576 | Загрузок: 93 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

БАТАЛЫ ҚҰЛҒА БАҚ ҚОНАР

Азасыз бата — мазасыз.

Алғыс алған арымас, 
Қарғыс алған жарымас.

Алғыс алған жігіттің 
аты бәйгеден келеді.

Алтын алма, алғыс ал:
алтын деген жер сыйы,
алғыс деген ел сыйы.

Бата бұзған барқадыр қалады.

Баталы құл арымас, 
Батасыз құл жарымас.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 3574 | Загрузок: 112 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ЖАҚСЫ БАЛА СҮЙІК
ЖАМАН БАЛА КҮЙІК.


Адам болар ұлыңның арқа-басы кең келер.
Ана болар кызыңның ақыл-есі тең келер.

Адам болатын бала алыска қарайды.

Балаға пышақ бермесең бір жылар, берсең — екі жылар.

Балажанды биелер құлындарын теппейді, 
Балажанды адамды бала айналып кетпейді.

Бала жасындағысын ұмытпайды, 
Таз басындағысын ұмытпайды.

Бала жетесіз болса ата-анасын жерге қаратады.
Бала жетелі болса ата-анасын елге қаратады.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 4856 | Загрузок: 106 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ӘКЕ АСҚАР ТАУ

Алты аға бірігіп әке болмас, 
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

Әке балаға қарыз, 
Бала далаға қарыз.
 
Әке балаға сыншы.

Әкеден — ақыл, анадан — мейір.

Әкеден безген ұл болмас, 
Анадан безген қыз болмас.

Әке жүрегі таудан үлкен, 
Ана жүрегі теңізден терең.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 4642 | Загрузок: 116 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ӘЙЕЛСІЗ ҮЙ СУСЫЗ ДИІРМЕН.

Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық.

Әйел ақылсыз, бақа көріксіз.

Әйел — ана, еркек — пана.

Әйел боянса — бұзылады,
көп қиқандаса — ұрылады (Ғ.Мүсірепов).

Әйел ашуланса — жеңіледі,
еркелесе — жеңеді (Ғ.Мүсірепов).

Әйел ашуланса күші екі көзіне жетеді.

Әйел десем әжеме тиеді.

Әйелді жаман десең, анаң соның ішінде.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 2074 | Загрузок: 105 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.

Адамның әдемілігі шыншылдығында.

Айғақтың тазасы күмәнмен мойынға салар.

Айды етегіңмен жаба алмайсың.

Ақиқат сөз — ащы дәрі, сескентсе де ем.

Ақихат аяушылық тілемейді.

Ақихат сөзде алалық жоқ.

Алысар болсаң шынынды айт, 
Табысар болсаң сырынды айт.

Әділ айтқан жеңер.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 5142 | Загрузок: 129 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

АУЫЛ  ТУРАЛЫ

Айтысқан ауыл болмас,
Болыспаған бауыр болмас.

Алыс деп ауылыңа бармаймысың. 

Ауыл аймағымен, бота тайлағымен.

Ауыл болсаң — қауым бол. 

Ауылға айтсаң — асар,
Көршіге айтсаң — қосар.

Ауылға барсаң қона бар,
Қамысты көлде сона бар. 

Ауылға жақындағанда ит озады. 
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 3276 | Загрузок: 105 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

АТА БАЛАНЫҢ ҚОРҒАНЫ.

Ата баланың қорғаны.

Ата баласы азарында асық ойнайды.

Ата баласының ат меңіңдей белгісі болады.

Ата — бәйтерек, бала — жапырақ.

Атаға тартып ұл тумас, 
Анаға тартып қыз тумас.

Атадан аздай, адасқан қаздай.

Атадан алтау болса адам тимейді. 
Тура жүрсең лебізің күймейді.

Атадан алтау туғанның жүрегінің бастары алтын менен бу болар. 
Атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар
(Ақтамберді).

Атадан алтау тусаң да басыңа түсер жалғыздық..

Атадан бала батпан ширек төмен туады.
Қазақша мақал-мәтелдер | Просмотров: 27700 | Загрузок: 98 | Добавил: Admin | Дата: 15.12.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-47