Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер [ Добавить материал ]

Тіл туралы туралы мақал-мәтелдер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.12.2013, 00:36
ТІЛ - АҚЫЛДЫҢ ӨЛШЕМІ

Адам тілі тас жарады,
тас жармаса бас жарады.

Аз айтып сұйылтып,
көп айтып қойылтары жоқ.

Ақынның тілі қылыштан өткір,
                                қылдан нәзік.

Ана тілім - дана тілім.

Ат жүйрігі азаптан құтқарады,
Тіл жүйрігі мазақтан құтқарады.

Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.

Ат жүйрігі асқа,
Тіл жүйрігі басқа.

Ат тұяғы алтын - алысқа алып баратын.
Адам тілі алтын - алысты сұрап табатын.

Ат тұяқты келеді,
Ақын тілді келеді (Қорқыт).

Аузы құлып сандықты, тіс ашпаса тіл ашар.

Аяқ - азамат,
Қол - мүлік,
Бас - сандық,
Тіл - кілт.

Аяққа кісен салуға болар,
қолға кісен салуға болар -
тілге кісен салуға болмас.

Әдеп пен тәртіптің басы - тіл.

Бал тамған тілден у да тамар.

Барлығы да тілден:
тіл - бал, тіл - ажал.

Бас кеспек болса да тіл кеспек жоқ.

Басқа пәле тілден.

Ең тәтті де - тіл,
Ең ащы да - тіл,
Ең жұмсақ та - тіл,
Ең қатты да - тіл.

Ет-майыңды бермесең де жақсы тіл бер.

Жабағы тайдың тері ащы,
Жаман көлдің суы ащы,
Жаман адамның тілі ащы.

Желгіш атқа жел жаңғырық,
Тентекке тіл жаңғырық.

Жұпары жоқ гүлден без,
Жұғары жоқ тілден без.

Жүрек қара болса,
тіліңнің алтындығынан не пайда?

Жыланның уы тісінде,
Адамның уы тілінде.

Жылататын да, жұбататын да - тіл.

Жынның тілін жын біледі.

Кінәлі біреу ойдан, біреу тілден (А. Байтұрсынов).

Кінәлінің тілі қысқа.

Қол жүйрігі асқа,
Тіл жүйрігі басқа.
Қол жүйрігі етке,
Тіл жүйрігі бетке.

Қотыр қолдан жұғады,
Пәле тілден жұғады.
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша мақал-мәтелдер | Добавил: Admin
Просмотров: 22143 | Загрузок: 99 | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]