Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Қазақша мақал-мәтелдер [ Добавить материал ]

Сабырлық туралы мақал-мәтелдер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

15.12.2013, 00:33
САБЫР - АҚЫЛ СЕРІГІ

Боларыңда болмасаң
болған елдің атын жек (Көшімбек би).

Болмастай іске болаттай бол.

Бір жылға қоян терісі де шыдайды.

Бір жылға қоян шарық.

Бір қолың ұрысшы болса,
екінші қолың арашашы болсын (Қазыбек би).

Бір метр мұз бір күнде қатпайды.

Бір оқты бұлан көтереді, 
Бір оқты ұлан көтереді.

Ебетейсіз асыққан сүрінер.

Жазымыштан озымыш жоқ.

Жарау кісі байқап сөйлейді,
Қарау кісі жан-жағын жайпап сөйлейді.

Жатқан тастың астына су бармайды.

Жеңілдігі қаңбақтай, ширақтығы жаңғақтай.

Жеңілдік жарға жығады.

Жеңіл желек жел шақырып тұрады.

Жеңіл тулақ желге ұшар.

Жуан жіңішкіргенше жіңішке үзілер.

Жүре берсең көре бересің,
Көре берсең көне бересің.

Келмей жатып қорықпа,
Көрмей жатып торықпа.

Кең жерде тар отырсаң,
Тар жерде кең отырасың.

Кірмеске кіріспе басың қалар ішінде.

Кісі үш күннен соң тозаққа да үйренеді.

Қабырғалы қара нар қабырғасын сөксе бақ етпес.

Кағазға риза, пәлеге сабыр.

Қарадан қан шыққанша сарыдан жан шығады.

Қара таста тамыр жоқ, 
Ұшқалақта сабыр жоқ.

Қатыныңа құл болмасаң — үй болмайсың,
Халқыңа құл болмасаң — би болмайсың.

Құм шөлмек мың күн сынбас, бір күн сынар.

Қырқына шыдаған қырық біріне шыдайды.

Қысқада кегі, ұзында өші жоқ.

Мың мәрте тындап бір-ақ айт, ісің бітсе үйіңе қайт.

Отырған қыз орнын табар.

Сабы бос шотпен отын жарма, 
Сабырсыз доспен жауға барма.

Сабын кірді ашады, 
Сабырсыз сырды ашады.

Сабыр — ақыл серігі (Майлықожа).

Сабыр — күн түсірмейтін сая, 
Асығыс — аунатып кететін мая.

Сабырлы адам сақтанып сөйлер, 
Сабырсыз адам мақтанып сөйлер, сапырыстырып, ақтарып сөйлер.

Сабырлының бағына алма бітер,
Сабырсыздың бағына қауа бітер.

Сабырсыз бақсы жолда отырып бал ашар.

Сабырсыз балық сағасынан ілінеді.

Сабырсыз қалар ұятқа.

Сабыр тасты да талқандайды.

Сабыр түбі сары алтын: 
сарғайған жетер мұратқа, 
сабырсыз қалар ұятқа.

Сайлау жердің ағашы, 
сабырсыз ердің сазасы.
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша мақал-мәтелдер | Добавил: Admin
Просмотров: 6424 | Загрузок: 84 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]