| Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология | [ Добавить материал ] |
| В категории материалов: 83 Показано материалов: 21-30 |
Страницы: « 1 2 3 4 5 ... 8 9 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
|
Тұрақты даму проблематикасы.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге қоғамның тұрақты даму мәселелерін игеруді оқыту
Жоспар:
1.Тұрақты даму терминінің философиясы, мағыналық жүктемесі.
2.Орнықты даму феноменінің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық қырлары.
3.Орнықты қоғамның модельі, белгілері, қызмет атқару принциптері.
4.Тұрақты даму саласындағы негізгі міндеттер.
5.Тұрақты даму принциптері.
6.Іс-қимылдар бағыттары.
|
|
Экологиялық этика және білім элементтері
Мақсаты: Студенттерге экологиялық этика және білім беру
Жоспар:
1.Экологиялық этика элементтері.
2.Антропоцентризм и натуроцентризм.
3. Экологиялық сана.
4.Экологиялық педагогика мен психология.
5.Экологиялық тәрбие мен білім.
Тақырыптың қысқаша мазмұны: Экологиялық этика элементтері. Антропоцентризм и натуроцентризм. Экологиялық сана. Экологиялық педагогика мен психология. Экологиялық тәрбие мен білім. Білімді экологияландыру.
|
|
Ғаламдық әлеуметтік-экологиялық мәселелер және оларды шешу.
Мақсаты: Ғаламдық әлеуметтік-экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары тақырыбына студенттермен ой бөлісу
Жоспар:
1.Ғаламдық әлеуметтік-экологиялық мәселелер және оларды шешу.
2.Халық санының артуы, ортаның жалпы агрессивтік деңгейінің артуы. 3.Мутация.
4.Генофондты қорғауға компенсациялық көзқарас.
Тақырыптың қысқаша мазмұны: Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым.
Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары — экологиялық демография немесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді.
Адамзаттың сандық сипаттамалары
Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. адамға жақын. Табиғаттағы жануарлардың түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте, ұсақ жануарлардың түрлерінің саны ірі жануарлармен салыстырғанда көп болады. Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасының арасында теріс корреляция байқалады. Дене салмағы 10—100 кг-ға дейінгі деңгей үшін (бұл деңгейге адам да кіреді) түрдің санының максималды шамасы 107—101 аралығында болады. Адамның ең жақын туыстарының (адамтәріздес маймылдар) түрлерінің қазіргі кездегі саны — соңғы санға жақын.
|
|
Әлеуметтік-экологиялық қатынастар.
Мақсаты:
Жоспар:
1.Әлеуметтік-экологиялық қатынастар.
2.Адамның табиғи және әлеуметтік ортаға бейімделуі
3.Адамның төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстауы.
4.Тіршілік ортасының экологиясы.
5.Әлеуметтік-тұрмыстық орта.
6.Қала ортасы.
7.Баспана ортасы.
8. Еңбек ортасы.
9.Рекреациялық ортасы.
Тақырыптың қысқаша мазмұны: Әлеуметтік-экологиялық қатынастар. Адамның табиғи және әлеуметтік ортаға бейімделуі, Адамның төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстауы. Тіршілік ортасының экологиясы. Әлеуметтік-тұрмыстық орта. Қала ортасы. Баспана ортасы. Еңбек ортасы. Рекреациялық ортасы.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Қала экологиясы
2. Рекреациялық орта түрлері
3. Төтенше жағдайлар туралы ұғым
Әдебиеттер: 5,6,7,8,9,10
|
|
Қоғам мен табиғаттың өркениет тарихындағы қатынасы: тарихи аспект.
Мақсаты: Қоғам мен табиғаттың қатынасын тарихи салада зерттеуді ұйымдастыру
Жоспар:
1.Аулаулық-жинаулық мәдениет;
2.Аграрлы мәдениет;
3.Индустриалды қоғам;
4.Постиндустриалды қоғам (ноосфера)
Тақырыптың қысқаша мазмұны: 1.Қоғамның, адамның және табиғаттың қарым-қатынасының қазіргі заманғы мәселелерін тереңірек түсіну үшін өткенге көз жүгіртіп, қоғамның дамуының әр бір кезеңінде осы қатынастар қалай дамығандығын мақсатты түрде зерттеу керек. Алғашқы кезеңде осы бағытта ғылыми зерттеулер антикалық кезеңнің – Анаксимандр, Эмпедокл, Лукреций тұсына сәйкес келеді. Осы зеррттеудің нақты жарылысы- ХІХ –ХХ ғ басында адамның пайда болуын зерттеуші археологиялық ашылулармен толықты / Шаафгаузен, Ларте, Дюбуа, Дарт т.б./, ал эмпирикалық материалдардың жинақталуы эволюциалық /Гексли, дарвин, Геккель/, және тарихи-мәдени /Морган, Тайлор, Леви-Брюль/ антропологияларының негіздерін қалаған. Шаруашылықтық- мәдениеттік факторға негізделе отырып, оғам мен табиғаттың қатынасының 4 эпохасын бөледі:
1. Аулау мен жинау мәдениеті
3.Аграрлық мәдениет
4.Индустриалдық қоғамның дамуының кезеңі
5.Постиндустриалды кезең
2. Антропологтардың жаңа зерттеулері алғашқы, көне қабілетті адам – homo habilis 2 млн жыл бұрын пайда болған деседі. Ал шамамен 200 мың жыл бұрын homo sapines пайда болған. Шамамен 10-15 мың жыл бұрын адамзат барлық ареалдарда таралды. Мезолиттің /10мың жыл бұрын/ басталуында адамзат саны 3-5 млнға жеткен. Осы периодта халықтың орташа тығыздығы- 0,05 адам/км квадратына. Адамзат қоғамының пайда болу негізінде палеолиттің барлығында адам ірі жануарларға аң аулауға бейімделген.
|
|
Әлеуметтік экологияның даму кезеңдері.
Мақсаты: Әлеуметтік экологияның функцияларын қарастыру
Жоспар:
1.Әлеуметтік экологияның даму кезеңдері.
2.Эмпирикалық кезең.
3.Модельдік кезең ұғымдары.
4.Әлеуметтік экологияның функциялары
Тақырыптың қысқаша мазмұны: Әлеуметтік экология терминінің пайда болуы Чикаго мектебі әлеуметтік психологтарының- Р.Парк пен Е.Берджеске тәуелді. Авторлар 1921ж адам экологиясы түсінігі ретінде қолданған. Әлеуметтік экология түсінігі биологиялық, әлеуметтік көзқарастар мен сипаттар деп қарастырылған. Әлееуметтік экология терминіне 1927ж Р.Мак-Кензил оны адамдарды территориалдық және уақыттық қатынаста сипаттаушы және селективті, таратушы, аккомодациялық күштері әсер ететін ғылым ретінде сипаттады. Басында батыстың ғылымында адам экологиясы түсінігіне енгенімен әлеуметтік экология терминінің өзі тұратын қоршаған орта мен адамның қарым-қатынасы бағытында дамитындығы дұрыс көзқарас. Адам экологиясы деп қарастырылу әлеуметтік экологияның пән ретінде дербес, гуманитарлы бағытталуына қиыншылықтар келтірген. Бірақ та әэ қала экологиясы деп қатысты жеке қарастырылды. Д.Ж.Марковичтің айтуынша әэ біртіндеп өзінің әдістемелік аппаратын қалыптастырып, уақыттық-кеңістіктік аралықта әлеуметтік география мен дистрибуцияның экономикалық теориясын қамтыды. Әлеуметтік экологияның биоэкологиядан бөлініп дамуының прогрессті кезеңі 60 жылдар болды. Бұған тіреу болған 1966ж Әлемдік әлеуметтанушылардың конгресі болды. Ал 1970ж Варне қаласындағы әлеуметтанушыларды біріктірген әлеуметтік экология мәселелерін қарастыратын зерттеуші комитет құру болған. Әлеуметтік экология ғылымының Ресейде дамуына Э.Гирусов, А.Кочергин, Ю.Марков, Н.Реймерс, С.Соломина т.б. еңбек еткен. Қазіргі замандағы этапында әлеуметтік экологияның тұрақтануына байланысты зерттеушілердің алдындағы оның пән ретінде қалыптасуы. Мектеп оқушыларына арналған А.Ошмарина мен В.Ошмаринаның «Экология» сөздігінде әлеуметтік экологияның 2 нұсқасы берілген: тар мағынада оны адамзат қоғамының қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым делінсе, кең мағынада жеке адам мен адамзаттық қоғамның табиғи, әлеуметтік, мәдени ортамен байланысы туралы ғылым делінген. Осы жүктемемен В. Бухвалов, Л.Богданова келіссе, Н.Агаджанян, В.Казначеев, Н.Реймерс келіспеді, олардың айтуынша, бұл ғылым антропожүйенің биосферамен , сондай-ақ адамзат қоғамының ішкі биосоцалдық ұйымдарымен қатынастарының сұрақтарын қамтиды.
|
|
Әлеуметтік экологияның пәні және міндеттері, қалыптасу тарихы. Мақсаты: Студенттермен әлеуметтік экология пәнінің экология ғылымдарының маңызды саласы екендігін ұғындыру Жоспар:. 1.Әлеуметтік экология пәні 2.Әлеуметтік экология ғылымының зерттеу обьектілері 3.Әлеуметтік экология ғылымының міндеттері Тақырыптың қысқаша мазмұны: Адамдарда экологиялық білім мен ойлардың пайда болуы мен дамуы терең ескі заманға тамырын жібереді. Қоршаған орта туралы және онымен қарым-қатынас сипаты туралы білім адамзат пайда болғаннан бастау алады. Адамның өмір сүру жағдайы өздері аулайтын жануарлар туралы, жемістерді жинау арқылы пайдалы және пайдасыз екендігі туралы ақпараттар жинады. Жарты млн жыл бұрын адамзат өздері жинап жеген тамақтары туралы мәліметтерді біоген. Сол кездерде табиғи көздерді жағу арқылы термикалық процессетрді қолданғанда тамақтың физикалық сапасы өзгеретіндігін білген. Біртіндеп адамда әр түрлі табиғи материалдар туралы және оларды қолдану ерекшеліктері туралы мәліметтер жинақтала бастады. Шамамен 150 мың жыл бұрын адамдар өздері отты жағуды, баспана тұрғызуды, ауа-райының нашарлауы мен жауларынан қорғануды игере бастаған. Бэд 8 мыңжылдықта Азияда жерді әр түрлі әдістермен игеріп, ауылшаруашылық мәдени өсімдіктерді өсіруге қол жеткен. 6-2 мыңжылдықта болған. Қоршаған орта туралы ғылыми ойлардың прогрессі антика эпохасына келеді (бэд 7-5ғ). Көне Греция мен Рим ойшылдары Жердегі өмірдің пайда болуы туралы қызуғышылықтары ерекше болды. Анаксагор көнегректік философ, математик, астроном (бэд500-428 ж)-тіршіліктің пайда болуын сансыз,шексіз заттар ұрықтар элементімен байланыстырады. Олар ретсіз орналасып хаос түзеді, бірақ әлемдік сана оларды қозғалысқа енгізіп, белгілі бір ретпен орналастырады, нәтижесінде біртектес элементтер жабысып, ал әр тектес элементтері бөлінеді де, жер мен заттарды құраған деген теорияны шығарған |
|
Құқықықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну.
Қандай да бір ғылым болмасын, оның ішінде, әсіресе, қоғамдық және гуманитарлық ғылымының әлеуметтік жағы басым болады. Ғылым қоғам мен адамның қандай қажеттілігінен, мұқтаждығынан пайда болғанын, ғылым осы қажеттілік пен мұқтаждықты қалай іске асырып отыр, оның қоғамға тиімді жақтары неде, халықтың материалдық, мәдени, рухани дамуына қандай деңгейде және қалай әсер етіп отыр, оның басқа қоғамдық құбылыс-үдерістермен, ғылымдармен байланыс-қатынастары, болашақ даму бағыттары, қоғамдағы орны мен атқаратын қызметі қандай,т.б., бұл мәселелер әрбір ғылымның әлеуметтік жақтарын құрайды.
|
|
ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ
Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері.
Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның бъектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлееументтанушысы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде рет ауысына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарының бір-бірімен алмастырып алудан сақ болуымыз керек.Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар. |
|
ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗГІ ТАРИХИ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең.
Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз оқымысытысы Огюст Конт (1798-1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл-ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстарктілі ұғымдарды қолданды.
Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс, олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялы ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.
Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процесттердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырды.
О.Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер –бұл әлеуметтік құбылыстар мен процесттер. |








