Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.2.2019
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

В категории материалов: 83
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 ... 8 9 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Бала құқықтары, оның өміріне, дамуына, білімденуі мен тəрбиесіне қамқорлық қашанда бүкілəлемдік проблема болған. Қабылданған халықаралық құжаттарда (Бала құқықтары Декларациясы, 1959ж.; Бала құқықтары жөніндегі Конвенция, 1989ж.; Балалар тіршілігін сақтау, қорғау жəне оларды дамыту Декларациясы, 1990ж.; Ымырашылдық принциптері Декларациясы 1995ж.; Əлем мəдениеті жөніндегі Декларация, 1998ж. жəне т.б.) қоғамда бала құқықтарының үстемдігін, оларда ымырашылдық, басқыншылыққа бармау сезімдерін оятып, тыңдай білу мен зер салуға үйрету қажеттігі жария етілді. Бұл құжаттарда хатталған бағдарламалар барша аймақтардағы барлық халықтар үшін теңдей маңызды да олар тарапынан бірдей орындалуы міндетті. 

Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 1606 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 28.02.2014 | Комментарии (0)

Cаяси тәртіп

 Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Ол қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән – мағынасын терең түсініп  - білуге адамдардың өмірінде атқаратын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді. Саяси ғылымның негіздерін меңгеру арқылы, әсіресе қазіргі өтпелі кезеңдегі күрделі қоғамдық – саяси жағдайда еркін бағдар ұстап, белсенді іс - әрекет жасауға, ішкі және сыртқы саясаттық сыр – сипатын, басқа адамдардың құқықтарын бағалап, қадірлей отыра, өркениетті түрде өзінің мақсат – мүддесін білдіріп, оны қорғауына кең жол ашады, жалпы, халықтық қазыналарға негізделген демократиялық тәртіпті құрметтеуге, ортақ мәселелерді ұжымдасып шешуге үйретеді.
Халықтың тиісті саяси мәдениетінсіз демократиялық мемлекет орнауы және тиімді жұмыс істеуі мүмкін емес. Әрине, қандай қоғамда болмасын барлық адам түгелімен саяси шешім қабылдауға қатыса алмайды.
Десе де, мемлекеттік саясатта жұртшылықтың әр түрлі топтарының мақсат – мүдделерінің ескерілуі, басқарушы топтың құзыреттілігі мен жауапкершілігі көбіне азаматтардың саналығы мен белсенділігіне байланысты. Адамдардың саясатқа қатысып, салиқалы шешім қабылдауы өзінен - өзі тумайды. Ол үшін газет, журналдарды оқып, радио тыңдап, теледидар көру де аз. Ондағы материалдарды сындарды сараптап, шынайы қорытынды шығару, саяси өмірдің субъектісі болу үшін жүйелі түрде саясат теориясын игеріп, саяси процеске қатысу жолдарын арнайы оқып – үйрену, іс жүзіндегі тәжірибе керек. Біздің заманымызда кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси білім мен мәдениет әр адамға қажет. Себебі, ол қоғамда тұрақты тіршілік еткендіктен басқа адамдармен және мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп әрекет етуі керек. Мұндай білімі жоқ адам саяси істерде амал – айла, құлықтың құлы болып кетеді. Оны саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып, ойындағысын істейді. Азаматтардың көпшілігінің саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкімшілігіне негізделген үкімет жүйесінен, қатал, деспоттық басқарудан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады. Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде өркениетті өмір сүруге тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі және ол осы бағытта талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс.
Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 1825 | Загрузок: 417 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

САЯСАТТАНУ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ туралы реферат
 
Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және
"логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген
мағынаны білдіреді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
 Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық.
Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 2908 | Загрузок: 1899 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Социологиялық парадигмалар

Кез келген ғылым белгілі бір теориялық жүйелерге сүйеніп қалыптасады. Мұндай жүйелер жалпы мойындалған бір немесе бірнеше теорияларды қамтып отыруы мүмкін. Сол сияқты өзінің  қалыптасу сәтінен бастап, социология бірнеше теорияларға  негізделіп дамып отырды. Социолог-ғалымдардын әр топтары  өздерінің ғылыми бағыт-бағдарына қарай, идеялық мақсат,  мұраттарына қарай ор түрлі теорияларды басшылыққа алып  отырды. Олардың әркайсысының өз методологиялық және методикалық принциптік негіздері болды. Міне, сол теорияларға негіз болған басты шарттар мен принциптердің жиынтығыи  парадигмалар деп атайды. Кең мағынада парадигмаларды  социологиядағы теориялық концепциядар деп карауға болады.  Әр парадигма өзіндік талғампаздық симатымен ерекшеленеді.  Олардың коғамдағы әртүрлі факторларға, адамдардың мінез-құлықтарына талдау жасауда маңызы зор. Сондықтан олардың ешқайсысы жеке-дара коғамға толық синаттама бере алмайды. Бірақ олардың әркайсы сының қоғамды тануда білгілі бір косатын  үлесі бар.
Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 2681 | Загрузок: 441 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Социология
1. Социология (XIX г-дын, 30-40 ж-да қалыптасқан) біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды.
Алайда, социологияның кеш пайда болуы оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық экономикалық, тарихи, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Осы орайда, Ертедегі Шығыс цивилизациясының — Көне Египет, Вавилон, Үнді, Қытай - қоғам туралы пікірі мен ойларын айтуға болады. Мәселен, конфуцийшылар коғамтанушылар болып есептеледі. Олардың қоғам туралы іліміндегі негізгі мәселе — адамдар арасындағы қатынас және тәрбие мәселесі. Конфуций ертедегі Қытай қауымдастығындағы адамдардың өзін-өзі абыроймен ұстау дәстүрін, олардың шыншыл, өнегелі болатын, жаман кылықтардан бойларын аулақ ұстау дәстүрін көрсетеді. Сондай-ақ Кофуций кейінгі адамдардың бойындағы ондай моральдық нормалардың азайып бара жатқандығын атап өтеді. Адамдардағы популизмге, атаққұмарлықка ұмтылу пиғылдарының өріс алу тенденциясын, кегін екінші біреуден алу, өз кемшілігін түзету қасиеттерінің жоғалу тенденцияларын көрсетеді. Конфуций этикасы «қайырымдылық», «кішіпейілділік», «адамды сүю» «тура жолмен жүру» сияқты принциптерге сүйенеді. Сайып келгенде, Конфуций адамдар арасымдағы әлеуметтік қатынасты — борыш пен заңды мойындайтын, орынға коятын адам мен өз пайдасын көздейтіп адамды салыстыра отырып, олардың адамдық образдарындағы айырмашылықтарды ашу арқылы көрсетеді. Бірінші образдағы адам бірлікке, татулыққа ұмтылатындығын, ал екіншісінің оған кері құбылыстарға ұмтылатынын баса айтқан.
Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 2706 | Загрузок: 327 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Темперамент жөнінде түсінік.

 

Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны:темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді. Назар аударарлықтай ерекшелік, темпераменттің әрқилы қасиеттері бір – бірімен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негізінде түрлі темпераменттің белгілі құрылымын түзеді. Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы.бұл психикалық ерекшеліктер адамның барша іс - әрекетінде оның мазмұны, мақсаты және себеп – салдарына тәуелсіз бір қалыпты көрінеді. Есейген шақта да, өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді. Темперамент түрінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп, түзетүге қаратылмай, нақты іс - әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталғаны жөн. Адам ежелден – ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер бірігін психология тарихында алғашқыдан темперамент типтері деп аталады. Темпераменттің бұл бірігімдік жүйесі өмірлік іс- әрекет Тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ әрекет – қылығын күні ілгері пайымдауға болады.

Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 4603 | Загрузок: 334 | Добавил: Admin | Дата: 18.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан тұрақты даму жолында.
Мақсаты: Қазақстанның тұрақты даму жолында тақырыбын студенттермен ой бөлісу мақсатында қарастыру 
Жоспар: 
1.Қазақстан тұрақты даму жолында. 
2.Тұрақты даму концепциясы. 
3.ҚР экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы. 
4.Қазақстандағы адами даму. 
Тақырыптың қысқаша мазмұны: 
Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді. 1987 ж БҰҰ Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда  экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. 
Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 2776 | Загрузок: 92 | Добавил: Admin | Дата: 18.02.2014 | Комментарии (0)

Қоғамның тұрақты дамуы индикаторлары. 
Мақсаты:  Студенттермен қоғамның тұрақты даму индикаторлары
Жоспар: 
1.Қоғамның тұрақты дамуы индикаторлары. 
2.Даму индикаторлары ұғымы. 
3.Экономикалық индикаторлар.
4.Экологиялық индикаторлар. 
5.Әлеуметтік индикаторлар. 
6.Доу-Джонстың тұрақтылық индексі.
Тақырыптың қысқаша мазмұны: Дамудың философиялық ойлары. Тұрақты даму түсінігінің дамуының тарихи алғышарттары. Тұрақты даму терминінің мағыналық жүктемелері. Тұрақты дамудың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық аспекттері. Қоғамның тұрақты дамуы индикаторлары. Даму индикаторлары ұғымы. Экономикалық индикаторлар. Экологиялық индикаторлар. Әлеуметтік индикаторлар. Доу-Джонстың тұрақтылық индексі 
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:
1. Индикаторлар
     2.  Доу-Джонстың тұрақтылық индексі 
Әдебиеттер:1,6,8,13,14 

Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 3286 | Загрузок: 108 | Добавил: Admin | Дата: 18.02.2014 | Комментарии (0)

Басқарушылықтың орнықты дамудың әр түрлі модельдерін қалыптастырудағы ролі. 
Мақсаты: Басқарушылықтың орнықты дамудың әр түрлі модельдерін қалыптастырудағы ролін студенттермен қарастыру 
Жоспар: 
1.Басқарушылықтың орнықты дамудың әр түрлі модельдерін қалыптастырудағы ролі. 
2.Экономика мен қоғамның орнықты дамуының  әлеуметтік-демографиялық  және әлеуметтік-нарықтық модельдері.
Тақырыптың қысқаша мазмұны: Басқарушылықтың орнықты дамудың әр түрлі модельдерін қалыптастырудағы ролі. Экономика мен қоғамның орнықты дамуының  әлеуметтік-демографиялық  және әлеуметтік-нарықтық модельдері.
Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 998 | Загрузок: 91 | Добавил: Admin | Дата: 18.02.2014 | Комментарии (0)

Тұрақты даму саласындағы ғаламдық бастамалар
Мақсаты: Халықаралық бірлестіктердің мақсаттары мен принциптерін оқыту
Жоспар: 
1.Тұрақты даму саласындағы ғаламдық бастамалар.  
2.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы тұрақты дамуды қамтамсыз етуші  халықаралық ынтымақтастық
Тақырыптың қысқаша мазмұны: Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет (қысқаша сконе) биологиялық циклдерді қоршаған ортаның улануын зерттейді. Табиғи ортаны бақылау мәселесімен айналысады. ЮНЕСКО-ның 1970 жқұрылған «Адам және табиғат»  бағдарламасы (МАБ) адамдардың іс-әрекеттерімен тропиктік, субтропиктік ормандарды және жайылым экологиялық жүйелеріне әсерінің күшеюін зерттейді. ЮНЕСКО-1945ж құрылды. 100ден аса елдер қатысады. БҰҰ-ның Қоршшаған ортаны қорғау бағдарламасы (ЮНЕП) топырақты және су  қорларын  қорғау проблемаларын, мұхиттарды ластанудан қорғау мәселесін зерттейді. 
Әлеуметтану,Социология | Просмотров: 2289 | Загрузок: 81 | Добавил: Admin | Дата: 18.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 ... 71-80 81-83