Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

Ғаламдық әлеуметтік-экологиялық мәселелер және оларды шешу


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

18.02.2014, 17:30
Ғаламдық әлеуметтік-экологиялық мәселелер және оларды шешу.  
Мақсаты: Ғаламдық әлеуметтік-экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары тақырыбына студенттермен ой бөлісу  
Жоспар: 
1.Ғаламдық әлеуметтік-экологиялық мәселелер және оларды шешу.  
2.Халық санының артуы, ортаның жалпы агрессивтік деңгейінің артуы. 3.Мутация. 
4.Генофондты қорғауға компенсациялық көзқарас.





Тақырыптың қысқаша мазмұны: Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін (туу, өлім, өмірінің ұзақтығы) қоғамдық-тарихи тұрғыдан зерттейтін  ғылым.
Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары — экологиялық демография немесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін  бағыты  қалыптасып  келеді.
Адамзаттың сандық сипаттамалары
Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. адамға жақын. Табиғаттағы жануарлардың түрлерінің саны ортаның сыйымдылығымен шектеледі. Әдетте, ұсақ жануарлардың түрлерінің саны ірі жануарлармен салыстырғанда көп болады. Сүтқоректілердің түрлері үшін даралардың саны мен дене массасының арасында теріс корреляция байқалады. Дене салмағы 10—100 кг-ға дейінгі деңгей үшін (бұл деңгейге адам да кіреді) түрдің санының максималды шамасы 107—101 аралығында болады. Адамның ең жақын туыстарының (адамтәріздес маймылдар) түрлерінің қазіргі кездегі саны  — соңғы санға жақын.
Эксперттердің болжамдары бойынша Жерде 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген адам популяцияларының жалпы саны (Nomo erectus) 100 мың болған, Ноmо sаріеns пайда болуына қарай — шамамен 500 мың; 30—20 мың жыл бұрын — шамамен  5  млн.
Біз жататын түрдің қалыпты саны 500 мыңға жуық болуы керек. Қазіргі кезде одан 10 мың есе артып  отыр. Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы
Қазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайда қоршаған ортаға тек бай (өнеркәсібі дамыған) елдер ғана емес, сонымен қатар кедей (аграрлық) елдер де теріс әсер етеді.  




Өнеркәсібі жоғары дамыған, бай елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді   ластануға байланысты. Дүние жүзінің халқының 20—25%-ын құрайтын бұл елдердің халқы қоршаған ортаға ластанулардың 80%-ын шығарады. Бұл жағдайда қоршаған ортаны бұзатын фактор халықтың саны емес, өндіріс пен онымен бірге жүретін байлық болып  табылады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тағы молшылық кезінде, американ маманы В. Лебоу: «Біздің өте жоғары өнімді экономикамыз тұтынуды — өмір сүру салтына айналдырып отыр, яғни затты сатып алу мен пайдалану күнделікті дәстүрге айналды. Бізге заттардың көп мөлшерде сатылып, одан соң тасталып және басқалармен көп мөлшерде ауыстырылып отырғаны қажет» —  деді.
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар: 
1.Мутация
2. Генофонд
3.Демографиялық дүмпу
Әдебиеттер: 21,22,23,24,25,26


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану,Социология | Добавил: Admin
Просмотров: 1416 | Загрузок: 91 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]