Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

Әлеуметтік экологияның даму кезеңдері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

18.02.2014, 17:28
Әлеуметтік экологияның даму кезеңдері. 
Мақсаты: Әлеуметтік экологияның функцияларын қарастыру
Жоспар: 
1.Әлеуметтік экологияның даму кезеңдері.
2.Эмпирикалық кезең.
3.Модельдік кезең ұғымдары. 
4.Әлеуметтік экологияның функциялары
Тақырыптың қысқаша мазмұны: Әлеуметтік экология  терминінің пайда болуы Чикаго мектебі әлеуметтік психологтарының- Р.Парк пен Е.Берджеске  тәуелді.  Авторлар 1921ж адам экологиясы түсінігі ретінде қолданған. Әлеуметтік экология  түсінігі  биологиялық, әлеуметтік көзқарастар мен сипаттар деп қарастырылған. Әлееуметтік экология  терминіне 1927ж Р.Мак-Кензил  оны адамдарды территориалдық және уақыттық қатынаста сипаттаушы және селективті, таратушы, аккомодациялық күштері әсер ететін  ғылым ретінде сипаттады. Басында батыстың ғылымында  адам экологиясы түсінігіне енгенімен әлеуметтік экология терминінің  өзі тұратын қоршаған орта мен  адамның қарым-қатынасы бағытында дамитындығы дұрыс көзқарас.  Адам экологиясы деп қарастырылу  әлеуметтік экологияның  пән ретінде дербес, гуманитарлы бағытталуына  қиыншылықтар келтірген.  Бірақ та әэ  қала экологиясы деп қатысты жеке қарастырылды. Д.Ж.Марковичтің айтуынша әэ біртіндеп өзінің әдістемелік аппаратын қалыптастырып,  уақыттық-кеңістіктік аралықта әлеуметтік география мен дистрибуцияның экономикалық теориясын қамтыды.  Әлеуметтік экологияның  биоэкологиядан  бөлініп дамуының прогрессті кезеңі 60 жылдар болды.  Бұған тіреу болған 1966ж Әлемдік әлеуметтанушылардың конгресі болды. Ал 1970ж Варне қаласындағы  әлеуметтанушыларды біріктірген әлеуметтік экология мәселелерін қарастыратын зерттеуші комитет құру болған.  Әлеуметтік экология ғылымының Ресейде дамуына Э.Гирусов, А.Кочергин, Ю.Марков, Н.Реймерс, С.Соломина т.б. еңбек еткен. Қазіргі замандағы этапында әлеуметтік экологияның  тұрақтануына байланысты зерттеушілердің алдындағы  оның пән ретінде қалыптасуы.  Мектеп оқушыларына арналған А.Ошмарина мен В.Ошмаринаның «Экология»  сөздігінде  әлеуметтік экологияның 2 нұсқасы берілген: тар мағынада оны адамзат қоғамының қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым делінсе, кең мағынада жеке адам мен адамзаттық қоғамның табиғи, әлеуметтік, мәдени ортамен байланысы туралы ғылым делінген. Осы жүктемемен В. Бухвалов, Л.Богданова келіссе, Н.Агаджанян, В.Казначеев, Н.Реймерс келіспеді, олардың айтуынша, бұл ғылым  антропожүйенің биосферамен , сондай-ақ адамзат қоғамының ішкі биосоцалдық ұйымдарымен қатынастарының сұрақтарын  қамтиды. 





Д.Ж.Марковичтің  ойынша, қазіргі заманғы әлеуметтік экологияның  зерттеу обьектісі-жеке әлеуметтану мен  адам мен қоршаған ортасының арасындағы мамандандырылған байланысы.  Тапсырмалары: тіршілік ету ортасының ,яғни табиғи және жалпы факторлардың адамға әсері, адамның  қоршаған ортаға  әсері, назар аударуы.
Әлеуметтік экологияның  функцияларын атайды: табиғат қорғаушы, прагматикалық, болжамдық, дүниетанымдық, әдістемелік.
Табиғат қорғаушы функциясы:
1. Адамның табиғи және әлеуметтік ортамен қарым-қатынасы
2. Экологиялық демографияның, миграциялық процесстердің, денсаулықты сақтау,  қоршаған ортаның факторларының   адамға  әсері
3. Адамдарды табиғи апаттрадан қорғау
4. Табиғатты адамның варварлық қатынасынан қорғау
Теориялық функция- қоғамның , адамның және табиғаттың  әр түрлі экологиялық кезеңдеріндегі экологиялық дамуының негізгі концептуалды парадигмаларын (мысалдар)  қарастырады.  Мысалға ҚР экологиялық қауіпсіздік концепциясын айтады.  Экологиялық қауіптіліктің негізі  экономика дамуының, технологияның артта қалуының, антропогенді апаттардың салдарынан адамның  тіршілік ортасының  бұзылуы.  ӘЭ прагматикалық функциясы эколог кадрлардың мамандандыруды арттыруды қолдайды.  Басқа кезеңдердей емес, қазіргі кезде эколог-профессионалдарды дайындау, әлеуметтік орта мен табиғи орта бағытында экологиялық-құқтық мәдениетті дамыту қажеттілігі зор.  Осы салада мемлекетаралық қатынастарды  күшейту, квалификациялы сараптамаларды, бақылау жүргізе білу, бірлестіктік модель құру қажеттілігі. 
Адам- қоғам- табиғат қатынасында  басты рольді болжамдық функция атқарады.  Ол ғаламшардағы  адамның болуының  болашақтық және жеке жетістіктерін болжамды анықтайды, адамдардың табиғи апаттарды болдырмауын қадағалайды. 
Өзін тексеруге арналған тапсырмалар: 
Әлеуметтік экологияның  функцияларын атайды: 
1.табиғат қорғаушы;
2.прагматикалық;
3.болжамдық;
4.дүниетанымдық; 
5.әдістемелік.
Әдебиеттер: 1,4,5,6,8,14


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану,Социология | Добавил: Admin
Просмотров: 2825 | Загрузок: 76 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]