Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Әлеуметтану,Социология [ Добавить материал ]

Әлеуметтік экологияның пәні және міндеттері, қалыптасу тарихы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

18.02.2014, 17:26

Әлеуметтік экологияның пәні және міндеттері, қалыптасу тарихы.

Мақсаты: Студенттермен әлеуметтік экология пәнінің экология ғылымдарының маңызды саласы екендігін ұғындыру

Жоспар:. 

1.Әлеуметтік экология пәні

2.Әлеуметтік экология ғылымының зерттеу обьектілері

3.Әлеуметтік экология ғылымының міндеттері 

Тақырыптың қысқаша мазмұны:  Адамдарда экологиялық білім мен ойлардың пайда болуы мен дамуы терең ескі заманға тамырын жібереді. Қоршаған орта туралы және онымен қарым-қатынас сипаты туралы білім адамзат пайда болғаннан бастау алады. Адамның өмір сүру жағдайы өздері аулайтын   жануарлар туралы, жемістерді жинау арқылы пайдалы және пайдасыз екендігі туралы  ақпараттар жинады. Жарты млн жыл бұрын  адамзат  өздері жинап жеген тамақтары туралы мәліметтерді біоген. Сол кездерде табиғи көздерді жағу арқылы термикалық процессетрді қолданғанда тамақтың физикалық сапасы өзгеретіндігін білген. Біртіндеп адамда әр түрлі табиғи материалдар туралы және оларды қолдану ерекшеліктері туралы  мәліметтер жинақтала бастады.  Шамамен 150 мың жыл бұрын адамдар өздері  отты жағуды, баспана тұрғызуды, ауа-райының нашарлауы мен жауларынан қорғануды игере бастаған. 

Бэд 8 мыңжылдықта Азияда жерді әр түрлі әдістермен игеріп, ауылшаруашылық  мәдени өсімдіктерді өсіруге қол жеткен. 

6-2 мыңжылдықта  болған. Қоршаған орта туралы ғылыми ойлардың прогрессі  антика эпохасына келеді (бэд 7-5ғ). Көне Греция мен Рим ойшылдары  Жердегі өмірдің пайда болуы туралы  қызуғышылықтары ерекше болды.  

Анаксагор көнегректік философ, математик, астроном (бэд500-428 ж)-тіршіліктің пайда болуын сансыз,шексіз заттар ұрықтар элементімен байланыстырады.  Олар ретсіз орналасып хаос түзеді,  бірақ  әлемдік сана оларды  қозғалысқа енгізіп, белгілі бір ретпен орналастырады, нәтижесінде біртектес элементтер жабысып, ал әр тектес элементтері бөлінеді де,  жер мен заттарды құраған деген теорияны шығарған.







Эмпедокл көнегректік философ және дәрігер (бэд 487-424 ж)  оның ойынша алдымен  жерден өсімдіктер соңынан жануарлар пайда болған деген теорияны ұстанады.  Нәтижесінде бір – бірімен  қосылып, күрделі ағзаларды түзген, олардан өміршеңдері тірі қалып, ұрпақ берген.  Оның пікірінше осы жолмен адам пайда болған деседі. 

Аристотель ұлы философ, энциклопедист (бэд 384-322 ж) алғашқы жануарлардың жіктелуін берген. 

Әлеуметтік экология  терминінің пайда болуы Чикаго мектебі әлеуметтік психологтарының- Р.Парк пен Е.Берджеске  тәуелді.  Авторлар 1921ж адам экологиясы түсінігі ретінде қолданған.  Әлееуметтік экология  терминіне 1927ж Р.Мак-Кензил  оны адамдарды территориалдық және уақыттық қатынаста сипаттаушы және селективті, таратушы, аккомодациялық күштері әсер ететін  ғылым ретінде сипаттады.

 Әлеуметтік экология – бұл қоғам мен табиғаттың, адам мен оның өмір сүру ортасы арасындағы   мамандандырылған байланысты  эмпирикалық зерттеуші және теориялық  жинақтаушы ғылыми пән.

Экологиялық пәндер қаншалықты әр алуан болғанымен, осы күнгі экологияның барлық бағыттарының негізінде  ағзалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы  іргелі идеялар жатыр. Экология іргелі  биологиялық  пән ретінде  барлық тірі  ағзалардың өзара және табиғи ортамен әсерлесуін зерттейтін болса, әлеуметтік экология  тіршілік иелерінің бір ғана түрінің саналы адамның – оның қоғамдық және шаруашылықтық  дамуының  әр түрлі кезеңдеріндегі  табиғатпен жүйелі  байланыстарын зерттейді деп аталатын ауқымды тармағының бір бөлігі болып табылады.

Бастапқыда «ортаның селективтік,дистрибьютивтік (реттеушілік) және  аккомодациялық (бейімдеушілік) күштері әсер ететін, адамдардың  террториалдық  және уақыттық қарым-қатынастары жөніндегі ғылым» ретінде дүниеге келген әлеуметтік экология, қалыптасу мен өзін таныстырудың  ұзақ жолын жүріп өтті. Өткен ғасырдың аяғына таман  әлеуметтік экологияның  екі түрлі анықтамасы қалыптасты: тар мағынада оны «адамзат қоғамының қоршаған табиғи ортамен  әсерлесуі жайындағы ғылым», ал кең мағынада- «жеке адамның  және адамзат қоғамының табиғи, әлеуметтік және мәдени ортамен  әсерлесуі жайындағы ғылым» деп түсінеді. Бұл анықтамалардың екеуінің де түйіні – адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттеу. Кез келген экожүйенің , соның ішінде  әлеуметтік экожүйенің де, оңтайлы күйі гомеостаз, яғни сыртқы ұйытқыларға қарсыласуы және динамикалық тепе-теңдікті сақтауға қабілеттілігі болып табылады.Экожүйелердегі  адамның өзіндік рольінің  ерекшелігі- бір мезгілде осындай тепе-теңдіктік обьекті және тепетеңдікті субьекті болып табылады. Әлеуметтік экология жаратылысы ерекше обьекттердің – «екінші табиғаттың» қызмет атқару тенднецияларын зерттейді.  Көпшілік жағдайларда осы екінші табиғаттың болуы, әлеуметтік – экологиялық зерттеу обьектілері болып табылатын  экологиялық проблемаларды туындатады. 







Ғаламшар халқының күрт өсуі, табиғи ресурстардың сарқылуы, адамның тіршілік ету ортасының өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің  қалдықтармен ластануы,  табиғи ландшафттардың бұзылуы, түр әралуандығының кемуі сияқты мәселелердің асқынып кетуі қоғамның экологиялық сипаттағы шынайы мәліметтер алуға және адамзат қоғамының жуық арадағы және келешектегі  даму жолдары  жайлы  мағұлмат алуға  ұмтылуына себепкер болады. 

Әлеуметтік экологияның қазіргі заманғы парадигмасы- орнықты даму концепциясымен үндеседі. Бұл концепция дамуды «адамзаттың қазіргі  заманғы мұқтаждықтарын өтей отырып, келешек ұрпақтардың  сыбағасына нұқсан келтірмеу, олардың өзінің өмірлік қажеттіктерін өтеу мүмкіншіліктеріне қауіп төндірмеу» деп түсінеді.

Әлеуметтік экологияның басты мақсаты-  адам мен қоршаған ортаның жүйелі байланысының болуын оптималдандыру. Адам осы сферада адамның ірі контингенттерін жасайтын социум ретінде енеді.

 Курстың міндеттері:

- әлеуметтік экологияның экологиялық пәндер арасындағы орныны анықтау; 

- адамзатты өркениетінің дамуының қазіргі кезеңіндегі әлеуметтік экологияның сұранысқа ие  болу себептерін ашып көрссету;

- адамның өзінің тіршілік ету ортасымен әсерлесуінің жалпы заңдылықтарын  ашып көрсету;

- білім алушыларды биосфераның және адамзаттың өркениетінің дасмуының оптимистік және пессимистік модельдерімен таныстыру;

- әр түрлі деңгейдегі  биологиялық  және геоэкологиялық жүйелердің орнықты қызмет атқаруының заңдылықтары жөнінде білім беру;

- халықаралық және мемлекеттік институттардың жер биосферасы мен оның жекелеген бөліктерінің орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған қызметін көрсету

Өзін тексеруге арналған тапсырмалар:

1.Дағдарыс туралы ұғым

2.Тіршіліктің пайда болуы туралы теориялар

Әдебиеттер: 1,2,3,11



Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Әлеуметтану,Социология | Добавил: Admin
Просмотров: 5395 | Загрузок: 69 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]