Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 11.9.2019
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

В категории материалов: 81
Показано материалов: 41-50
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 7 8 9 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Синтоизм - [жапон. синто - құдайлар жолы] - Жапонияда кең тараған дін, табиғатты алғашқы қауымдық дәріптеуден туындаған рулық және тайпалық құдайларға табыну. 1868 жылдан 1945 жылға дейін мемлекеттік дін болған, оның негізін табиғат пен ата-баба құдайларына табыну құрады. Табынуды дамыту барысында шығармашылық бастау акті идеясы пайда болған, нәтижесінде күн құдайы Аматәрасу - синтоистік жоғарғы құдай пайда болған. Ал оның үрпағы Джиммутенно барлық жапон императорларының аңыздық бастауы болған.

Философия | Просмотров: 3076 | Загрузок: 96 | Добавил: Admin | Дата: 06.04.2014 | Комментарии (0)

Көне түрік жазбаларындағы алғы философиялық ойлар

Қазақтың ата-тегі болып табылатын сақтар, ғұндар, үйсіндердің түп төркіндеріндегі қарама-қайшылықтарға қарамастан көшпенділк әмбебапшылығы басымдылыққа ие болды. Солай бола тұра, жер өңдеушілердің де дүниетанымдық көзқарастары үнемі елеулі ықпалын жүргізіп отырды.
Ұлттық сананың өсуі, мәдениеттің қайта өрлеуі 25 ғасырлық тарихы бар халықтың рухани бастауларға көңіл аударуын туындатуы заңды еді. Қазақтың ата-тегінің арғы философиясынан бастап дінге сенімінде, тәңірге табынушылығында және сақтар, ғұндар, үйсіндер мифологиясында алдыңғы орынға философиялық дүниетанымдық мәселе отырықшы тайпалардың тіршілік бағыттарының, жолдарының ара қатысы шығады. Бұл көне түрік жазу мәдениетінің дүниеге келуімен белгілі.
Ашина (көк бөрі) ұрпақтары VІ ғасыр хандықтың басқару жүйесін құқықтық негізде құрды. Өкілетті билік пен заң шығару ісі ақсақалдар алқасының (кейінгі қазақ хандығында – билер алқасы мен хан кеңесі) құзырында болды. Ал хан жарлығы атқарушылық міндеті үлкенді-кішілі лауазымдар иесіне жүктелді. Бұл мансаптар мұрагерлік жолмен хандық билік, әскери демократия арқылы жүзеге асырылған. Халықтық құқықтық санасының әрі мемлекеттік басқару жүйесінің арқауы кең ауқымды жеті баптан тұратын, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» деген атқа ие болған ел заңы.
VIII ғасыр басында жазылған атылмыш жәдігерліктер типі XIX-XV ғасыларға дейін жеткен. Мұндай жәдігерліктер қатарына «Қорқыт Ата» кітабы мен «Оғызнаманы» да жатқызуға болады. Олардың өзара желілері, баяндау үлгілері, дүниетанымдық арқаулары өте ұқсас.
Бұл аталмыш жәдігерліктердің барлығының да мазмұнын тәңіршілдік көктей өтеді, ол олардың дүниетанымдық өзегі ретінде көрінеді. Мысалы: көне түрлердің космогониялық түсінігін мына сөздерден бағамдауға болады: «Жоғарыда Көк тәңірі, төменде Қара жер жаралған екі арасында кісі оғлы жаралған екен». Олардың үстінен қарайтын «Тәңіріден болған», яғни қоғамдық үстемдікке ие болғандар Бумын, Істемі, Білге қағандар еді. 
Философия | Просмотров: 1445 | Загрузок: 92 | Добавил: Admin | Дата: 26.02.2014 | Комментарии (0)

ЭТНОМӘДЕНИЕТ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ – ОТАНСҮЙГІШТІК

ҚАСИЕТТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ

 

Ә.О. Қамақ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

 

Адамзат тарихының беттерін ақтара отырып, әлем құрлықтарында өмір кешкен халықтар, ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келгенін білеміз.   Еліміздің дербес, толық қанды ел, егеменді мемлекет болуы, халқымыздың ертеден бергі еркіндік үшін, туған жері – Отаны үшін күресінің жемісі. Бүгінгі таңдағы еліміздің әлемдік өркениет шеңберінде өз орны мен статусын алуға ұмтылысы заңды құбылыс. Өйткені, әр елдің, халықтың өзіндік болмысына тән мақсат – мұраты бар. Мұрат – алға жетелейтін, болашақтан қол бұлғап шақыратын, халықтың арманы, мақсаты. Ал мақсат немесе мұрат – ол, болашақта қол жеткізуге жетелейтін қоғамдық-рухани сананың көрсеткіші -  идеал.

Философия | Просмотров: 4638 | Загрузок: 590 | Добавил: Admin | Дата: 18.02.2014 | Комментарии (0)

ҰЛТТЫҚ ҚОЛ ӨНЕР - ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ

 

Ахман Сұхбан

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия

Ұлттық университеті

Астана қаласы

 

 

    Халқымыз қолөнерді ертеден қастерлеп бағалай білген. Атадан балаға ұласып келе жатқан осы дәстүр кейбір жерлерде ұмытыла бастаған сияқты. Қазіргі дизайнерлер, суретшілер неге қазақтың ұлттық нақыштағы ою-өрнегін қолданбайды, өзінің туындыларына кірістірмейді. Сыртқы жарнамада, үй жиһазында үй  интерьерінде аз қолданауда, кейбірі тіпті қолданбайды. Көпшілігі Европалық немесе шығыстық (Қытайлық) стильді таңдайды. Бұған себеп дизайнердің тұтынушыға ұсынатын стилі де осындай. Ұлттық стилдегі ұсынысы  болмаса, ол үйлесімсіз, көңілге қонымсыз болып келеді. Ал дизайнер қайдан шықты, қайдан оқып келді? Әрине өзімізден. Сондықтан айналып келгенде бар қателік оқытқан ұстаздан болып тұрған сияқты. Бұған тосқауыл қою жолы баршылық, соның бірі бейнелеу өнерінің мәртебесін көтеру қажет, халқымыздың қолданбалы қол өнерін барлық мектептерде жүйелі түрде оқытуды  енгізу арқылы. Біз бұдан не ұтамыз, менімше біріншіден, жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін қалыптастырамыз, екіншіден, жас таланттың жолын ерте ашамыз, үшіншіден, жалпы өнерге баға беруші қарапайым халықтың өнерге деген көзқарасын тереңдетеміз. Бүгінгі таңда қолөнер туралы, ою-өрнек туралы танымдық кітаптар бар, бірақ мектептегі балаларға арналған кітаптар жоқтың қасы. Орта мектептерде қолөнерге қызығатын жастар көп, соларға жол көрсететін, үйрететін білікті ұстаз аз.

Философия | Просмотров: 6725 | Загрузок: 371 | Добавил: Admin | Дата: 18.02.2014 | Комментарии (0)

ФОЛКЛОРИСТИКАДАҒЫ МИФ, ОНДАҒЫ ФЕТИШИЗМ МЕН АНИМИЗМ ТАБУ НАНЫМ-СЕНІМ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

М. Иманғазинов, Б. Есімбекова

 

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті,

Талдықорған қ.

Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, Алматы қ.

 

Мелеагр жөніндегі аңыз ертеде грек жерінде мекен еткен әр халықтар мен рулардың әдеби мұраларында сақталған. Оның қысқаша мазмұны төмендегідей суреттеледі:

Олимпиялық құдайларға аса бай құрбандық шалған калидондық патша Ойней, тек Артемиданы ған назарына алмағандықтан, аң құдайы – сол елге қаhарлы жабайы қабан жібереді. Мейірімі жоқ, қаhарына мінген аң бүкіл Калидон төңірегінің тозаңын шағарады, ағаштарды түбірімен жұлып, жүзімдіктер мен жеміс-жидекті жапырумен болады, тіпті адамдарды да аямайды. Осы қайіпті аңды аулауға Ойнейдің ұлы Мелагр, бас болып, Грекияның көптеген ұлы батырларын жинайды. Осы аңның көзін құрту үшін Афинадан, Спартадан, Мессения мен Ферыдан, Иолктан, Аркадия мен Фессалиядан батырлар қатысады. Жоғарыда айтып кеткен жалпыгрекиялық фольклор санатына кіреді деуіміздің себебі де сол.

Философия | Просмотров: 2420 | Загрузок: 116 | Добавил: Admin | Дата: 16.02.2014 | Комментарии (0)

Жан-Жак Руссоның педагогикалық теориясы

 

   Жан-Жак Руссо – көрнекті француз ағартушы, жазушы және философ-ойшылы. Ол 1712 жылы сағат шеберінің жанұясында дүниеге келді. Руссо біржүйелі білім ала алмады. 16 жасында ол Женеваны тастап, 30 жасына дейін ол әртүрлі жұмыстарды атқарды, қара жұмыс, музыкант, музыка оқытушысы және тағы басқа жұмыстар. Осы жұмыстармен қатар Руссо өз бетімен білім алумен айналысты. Ерекше қызығушылықпен Лейбництің, Декарттың, Локаттың, Вольвтердің және басқа да көрнекті ойшылдардың шығармаларын оқып үйренді.

   1741 жылы ол Парижге келіп, Франциядағы ағартушылық философияның көрнекті өкілдерінің қоғамына кіріп, олармен бірге белгілі Энциклопедияда жұмыс істеді.

   Руссо бірнеше еңбектер жазды: "Ғылымдар мен өнерлер туралы” (1750), "Адамдардың арасында теңсіздіктің пайда болуы және себептері туралы” (1754), "Жаңа Элоиза” (1761), "Қоғамдық шарт” (1762), педагогикалық роман "Эмиль, немесе тәрбие туралы” (1762), бұл еңбектер оның есімін әлемге танытты.

Философия | Просмотров: 11455 | Загрузок: 106 | Добавил: Admin | Дата: 16.02.2014 | Комментарии (0)

Дени Дидроның педагогикалық идеялары

(1713-1784)

 

   Дени Дидро – ХҮІІІ ғ.француз материалистерінің көрнекті қайраткерлерінің бірі. Бұл бағыттың барлық өкілдері сияқты, табиғатты түсіндіруге материалист болды, ал қоғамдық құбылыстарды байымдауда идеялист болды. Ол дүниенің материалдығын мойындады, қозғалыс материядан бөлінбейді, дүниені тануға болады, дінге қарсы болды.

   Материалистік сенсуализмнің бағытын ұстана отырып, Дидро білімнің қайнар көзі түйсіктер деді. Ол "дүниені көзқарас билейді” дей келіп, қоғамды өзгертудің жолы революция емес, ағарту ісін насихаттау, жаңа заңдар шығару, дұрыс қойылған тәрбие арқылы деп қате түсіндірді.

   Өзінің тәрбие туралы ойларын Гельвецийдің "Адам туралы еңбегіне біржүйелі түзетулер” деген негізгі еңбегінде айтқан болатын-ды.

   Дидро Гельвецийдің тәрбиенің құдіретті күші туралы және адамдарда дара табиғи ерекшеліктердің болмайтындығы туралы тұжырымдарына қарсы шықты. Дидро баланың табиғи ерекшеліктері мен қабілеттерін мойындады.

Философия | Просмотров: 4000 | Загрузок: 117 | Добавил: Admin | Дата: 16.02.2014 | Комментарии (0)

Клод Андриан Гельвецийдің педагогикалық идеялары

(1715-1771)

 

   Гельвеций "Ақыл туралы” 1758 жылы шыққан кітаптың авторы ретінде танылды және реакцияның барлық күштерінде, үстем тап өкілдерінің тарапынан қудалауға ұшырады. Кітапқа тыйым салынды және өртеуге шешім алынды. Бұдан да жан-жақты өз идеяларын "Адам оның ойлау қабілеттіліктері туралы және оның тәрбиесі” кітабында дамытты. 1769 жылы жазылған бұл кітапты жаңа қуғындауды болдырмау мақсатында Гельвеций өзі өлгеннен кейін жариялау жөнінде өсиет жазды, ол кітап өзі өлгеннен екі жылдан кейін 1773 жылы жарық көрді.

   Өзінің еңбектерінде Гельвеций алғаш рет педагогика тарихында адамды қалыптастыратын факторларды толық ашып берді. Сенсуалист ретінде барлық елестетулер мен ұғымдар адамдарда сезгіштік қабылдаулардың негізінде ұйымдасты және ойлауды түйсіну қабілеттілігіне теңеді.

   Адамды қалыптастырудың негізгі факторы ол ортаның әсерін жоғары бағалады. Адам қоғамдық ортаның және тәрбиенің нәтижесі деп тұжырымдады. Гельвеций тәрбиені қоғамдық өмірді қайта құрудың құралы ретінде қате түсіндірді. Адамды қалыптастыру орта мен тәрбиеге байланыстылығы туралы материалистік тезис ұсына отырып, Гельвеций оны біржақты тұжырымдады.

Философия | Просмотров: 2984 | Загрузок: 97 | Добавил: Admin | Дата: 16.02.2014 | Комментарии (0)

Француз материалистері мен ағартушыларының

педагогикалық көзқарастары

 

1.                Француз материалистерінің философиялық

көзқарастарына қысқаша сипаттама.

2.                Клод Андриан Гельвецийдің педагогикалық идеялары.

3.                Дени Дидроның педагогикалық идеясы.

 

   ХҮІІІ ғасырдағы француз ағартушыларының ішінде философ-материалистерді ерекше атауға болады. Өз кезіндегі жаратылыстанудың жетістіктерін ескере отырып, олар алдыңғы қатарлы материалистік көзқарастарды дамытты. Материалист-философтар табиғаттағы жалпыға бірдей өзара әрекетті және қозғалысты материяның табиғи қасиеті ретінде мойындады. Дүниені тану мәселелерінде олар Локктың материалистік сенсуализмі көзқарасында болды, бірақ оған бірізділік сипат берді: Локктың "ішкі тәжірибе” туралы ілімін алып тастап, олар тануды  сыртқы дүниенің адам санасындағы бейнесі деп дұрыс түсіндіреді.

   Француз материалистері материалистік таным теориясын дамытуда бір қадам ілгері жасады, бірақ олардың ұсынған тұжырымы метафизикалық сипатта болды. Олар негізгі ұғымдарды метафизикалық тұрғыдан түсіндірді.

Философия | Просмотров: 3578 | Загрузок: 118 | Добавил: Admin | Дата: 16.02.2014 | Комментарии (0)

 Виктор Гюго (1802 - 1885)

 

Француз романтизмі тарихының Қайта жаңғыру дәуірінде Виктор Гюго шығармашылығының алғашқы кезеңі маңызды орын алады. Біріншіден, Гюгоның есімі 20-шы жылдардың аяғында Франциядағы романтикалық қозғалыстың символына айналды. Оның «Кромвель» драмасына жазған алғысөзі романтизмнің басты манифестерінің бірі деп қабылданды, ал «Эрнани» драмасының қойылымы әдебиетке романтизмнің түпкілікті жеңісі ретінде енді. Өз бойына таусылмас қажыр-қайрат пен табиғи талантты біріктірген Гюго француз әдебиетін өзінің даңқымен аспандатып жіберді. Ол бірден барлық жанрларда дерлік жаза бастады десе болғандай. Алғашқы одалар жинағы (1822), кейінірек балладалармен толықтырылып отырып, 1828 жылға дейін қатарынан төрт рет басылып шықты. «Кромвельге» және өлеңдер жинағына жазылған алғысөздер, 1819 жылы өзі шығарған «Conservateur litteraire» («Әдеби консерватор») журналында және басқа да басылымдарда жарық көрген әдеби-сын мақалалары оны жаңа әдеби қозғалыстың ең танымал теоретиктерінің біріне айналдырды.

Гюго романтизмі – жазушының дүние-болмысты қабылдауымен, суреткердің өмірдегі орны туралы түсінігімен тығыз байланысты. Басқа да романтиктер тәрізді Гюго да суреткер-жаратушының пайғамбарлық роліне кәміл сенеді. Өзгелер сияқты ол да қоршаған орта шындығының кемшіліктерін көре білді. Бірақ әлемдік тәртіптің негізіне қарсы бағытталған максималистік романтикалық бүлікшілік Гюгоны өзіне тартпайды. Жеке адамның әлемге жазмыштық қарсылығы ол үшін шектеулі емес. Романтикалық «екі дүниенің» бірізділігінің шешімін таба алмау да, жалпы оған жат. Гюго үнемі адам трагедиясын көрсетеді, бірақ олардың қашанда жалғаспалы (сериялы) қатерлі кездейсоқтықтар мен сәйкестіктердің қоршауында жүруі тегіннен тегін емес. Бұл кездейсоқтықтар сырт қарағанда ғана жазмыштық боп көрінеді. Мұның артында өркениетпен жетілудің игілікті жалпы ұлы заңдарының кездейсоқтық еместігіне деген сенім тұр. Гюго әрбір сәтте, адамзат пен қоғам дамуының нақты қай жерінде трагедияға соқтырған кемшілік кеткенін және оны қалай түзетуге болатынын өте жақсы біледі. 

Философия | Просмотров: 1942 | Загрузок: 127 | Добавил: Admin | Дата: 16.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-60 61-70 71-80 81-81