Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия | [ Добавить материал ] |
В категории материалов: 81 Показано материалов: 11-20 |
Страницы: « 1 2 3 4 ... 8 9 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Ғылыми білімнің құрылымы.
Ғылымның қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отырған қазіргі заманда "білім" деген ұғымды көбінше "ғылыми білім" деген ұғыммен тепе-тең мағынада түсінеміз. Ал шынында олай емес екенін жоғарыда айттық. Адам білімінің көптеген түрлері ғылыми емес. Мәселен, күнделікті тұрмыста қалыптасқан білім, діни білім, бірдеңеден алатын эстетикалық әсер т.б. ғылыми білімге жатпайды. Ал ғылыми зерттеулер, ізденістер арқылы алынатын білімдердің мазмұны мен сипаты мүлде басқаша. Ғылыми білімнің мазмұны мен сипатын, мәселен, күнделікті тәжірибеде қалыптасқан тұрмыстық білімдерден ажырату үшін ғылым деген не екенін, оның мазмұны қандай екенін білу қажет. |
Жаңаевропалық ғылымның қалыптасуының алғы тарихы.
Көп мәнді "ғылым" ұғымының мазмұнын анықтау үшін оны құратын мәнді белгілерін ашып көрсету қажет. Ғылым дегеніміз ең алдымен білім, білімдер жиынтығы. Екіншіден, ол білімдерді тұжырымдауға, "өндіруге" бағытталған іс-әрекет, яғни дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып білу қызметі. Қазіргі заманғы ғылым сонымен бірге қоғамдық сананың бір формасы, түрліше ғылыми мекемелер жүйесін қамтитын әлеуметтік институттар, маман кадрлар даярлау жүйесі және, XX ғысырдың екінші жартысынан бастап, қоғамның тікелей өндіргіш күші деп түсініледі.1 Ғылым ұғымын аталған белгілері бойынша түсіндіру арқылы оның алғашқы бастамасы да анықталады. |
Ғылымның пайда болуы. Ғылымның тарихи дамуының негізгі кезеңдері.
"Эпистемология" деген ертедегі грек сөзін қазақшаласақ, "episteme" білім дегенді, ал "1оgos" ілім, ғылым дегенді білдіреді екен. Сөйтіп ертедегі Грецияда эпистемология деп дәлелді, ақиқат білім туралы ілімді түсініпті. Олар мұндай білімге математика мен логиканы және астрономияның қайсы бір жақтарын жатқызды. Қалған басқа білімдердің бәрі жай пікір (dоха) деп саналды. Ертедегі грек философтары Парменид пен Платон эпистемологияны ақиқат туралы білім деп қарастырып, оны сезімдік бақылауларға негізделген пікірлерге қарсы қойды. |
Өркениет пен мәдениеттегі ғылым.
Қазіргі заманы ғылым философиясының кейбір бастама идеяларын антик заманы философиясынан кездестіруге болады. Оған ертедегі Грецияның диалектикалық ойлау әдісін, математикалык, білімдерді құрудың аксиомалық әдісін және Аристотельдің формальдық логикасын жатқызуға болады. Ертедегі тәжірибелік білімдерінің дамыған жүйесі болмағандықтан, XVII ғ. Жаңа заман ғылымына тәжірибелік зерттеудің жаңа әдіс-тәсілдерін жасаудан бастауға тура келді. Осы мақсатта ағылшынның XVII ғ. философы Ф.Бэкон зерттеудің индукциялық әдісін жасады. Сонымен қатар италиян ғалымы Г.Галилей бақылау мен математикалық есептеу әдісін біріктіретін әлдеқайда күрделі де нәзік зерттеу әдістерін жасады. |
Ғылым философиясы мен методологиясы философиялық білімнің саласы ретінде.
Ғылым философиясының негізгі идеялары мен принциптері XVII ғасырда қалыптаса бастаған еді, өйткені классикалық ғылымның негізін құрған тәжірибелік, эксперименттік жаратылыстану сол кезде шыққан еді. Бірақ ол тек XX ғасырдың екінші жартысында ғана дербес философиялық пәнге айналды. Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін ғылыми білімнің тез өсуі және жаңа ғылыми жаңалықтардың техникада кең қолданыс табуы өнеркәсібі дамыған көптеген елдерде ғылыми-техникалық прогрестің кеңінен өріс алуына алып келді. Ал бұл ғылымды дамыту, ғылыми білімнің даму қарқынын жылдамдату және ғылымның өнеркәсіппен, бүкіл халық шаруашылығымен байланысын күшейту істеріне деген қоғамдық мүддені жандандырды. |
Синтоизм – бұл Жапонияның VІ-VІІ ғасырларда қалыптасқан дәстүрлі діні. "Синто” ("құдайлар жолы”) ежелден жапондықтар дәріптейтін құдайлар мен рухтар әлемін ("ками”) білдіреді. Синтоистер өздерінің діндерін күн құдай-анасы және жапон императорларының ілкі анасы саналатын Аматэрасудан бастау алады деп есептейді. Аматэрасу – синтоистік құдайлар пантеонының басты құдайы. Синтоизм қағидалары VІ-VІІІ ғасырларға жататын басты үш дереккөзге негізделген, олар: "Кодзики”, "Нихон секи” (тарихи-жылнамалық жинақ), "Синсэн седзироку” (генеалогиялық тізімдер) Синтоизм жапондық дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды, ол басты бес концепцияға негізделді. Бірінші концепцияға сай, әлем өздігінен пайда болған, әлем жоғарғы күш арқылы емес, өздігінен реттеліп отырады. Екінші концепция жер бетіндегі өмір қуатын сипаттайды. |
Классикалық неміс философиясы ойлау, таным, рух, табиғат, тарих проблемаларын терең зерттеді; жалпы даму заңдарын ашып, диалектиканы даму жөніндегі жан-жақты және дәйекті ілімге айналдырды; философиялық методтар мен категориялар жүйесін, таным, ойлау, рух жөніндегі ілімдерді құрды. Сөйтіп, Кант, Гегель және басқалары философияны ғылым, логика, методология, гносеология, диалектика ретінде дамытты. Ғылым дәрежесіне жеткен философиянын мүмкіндіктерін ашып берді. |
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бүл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылык, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары — көне заман тарихы туралы ұғымымызды қеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр. |
Қоғамның рухани өмірі Рухният – адам бойындағы тек өзіне ғана тән басты байлық. Қоғам тарихының рухани жағы, әрқашан философияның ерекше көңілін талап еткен. Рухани өмірді зерттеуде зор үлес қосқандарға: Сократ пен Платон, Гегель мен Фейербах, Достоевский мен Кант, Абай және т.б ойшылдар жатады. |
Тұлға және қоғам Адамтану ғылымындағы ең күрделі мағыналардың бірі “тұлға” сөзі. Орыс тілінде “лик” сөзі иконадағы бейнені білдіреді. Еуропа елдерінде “тұлға” сөзі латынша “персона” сөзімен мәндес, ол театрдағы актердің бейнесін білдіреді, толық мағыналы бір тіршілік иесіндей және әлеуметтік қызметі бар тұлға ретінде қарастырылады. Қытай және жапон тілдері сияқты, шығыс тілдерінде “тұлға” сөзін тек қана адамның бейнесімен ғана емес оның тәнімен де салыстырады. Еуропа салтында адамның тәні мен беті қарама-қарсы құбылыс ретінде қарастырылады, адамның беті оның жанын айқындайды, ал қытай түсінігінде “адамның өмірінің қалыптасуына оның тәнінің де, жанының да қасиеттері әсер етеді”. |