Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Жан-Жак Руссоның педагогикалық теориясы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

16.02.2014, 13:57

Жан-Жак Руссоның педагогикалық теориясы

 

   Жан-Жак Руссо – көрнекті француз ағартушы, жазушы және философ-ойшылы. Ол 1712 жылы сағат шеберінің жанұясында дүниеге келді. Руссо біржүйелі білім ала алмады. 16 жасында ол Женеваны тастап, 30 жасына дейін ол әртүрлі жұмыстарды атқарды, қара жұмыс, музыкант, музыка оқытушысы және тағы басқа жұмыстар. Осы жұмыстармен қатар Руссо өз бетімен білім алумен айналысты. Ерекше қызығушылықпен Лейбництің, Декарттың, Локаттың, Вольвтердің және басқа да көрнекті ойшылдардың шығармаларын оқып үйренді.

   1741 жылы ол Парижге келіп, Франциядағы ағартушылық философияның көрнекті өкілдерінің қоғамына кіріп, олармен бірге белгілі Энциклопедияда жұмыс істеді.

   Руссо бірнеше еңбектер жазды: "Ғылымдар мен өнерлер туралы” (1750), "Адамдардың арасында теңсіздіктің пайда болуы және себептері туралы” (1754), "Жаңа Элоиза” (1761), "Қоғамдық шарт” (1762), педагогикалық роман "Эмиль, немесе тәрбие туралы” (1762), бұл еңбектер оның есімін әлемге танытты.

   Өзінің қоғамдық-саяси көзқарасы бойынша Руссо ұсақ буржуазиялық демократ болды, ұлттық тәуелсіздіктің сенімді жақтаушысы болды. Руссо адамдардың арасында қалыптасқан теңсіздікті қатты сынға алады.

   Руссо, Плехановтың айтуынша, "тырнағының аяғына дейін демократ”, қоғамның барлық мүшелері бірдей құққа ие болатын қоғам құруға ұмтылса үкімет халықтың өзіне бағыну керек. Егер ол халықтың еркіне қарсы шықса, халық өз өкіметін құлатуға құқылы. Сондықтан да Руссо француз буржуазиялық революциясын идеялогиялық дайындауда ерекше роль атқарды.

   Жан-Жак Руссоның шығармаларын Париждің көшелері мен клубтарында оқыды. Руссо адамды адам қанау жоқ, барлық адамдар өз еңбегімен өмір сүретін, еркіндік, теңдік және достық үстемдік ететін қоғамдық құрылысты орнатуға ұмтылыс жасады. Бұл социалистік қоғам емес, бұл ұсақ жекеменшік иелерінің, жериелерінің және қолөнершілердің қоғамы болды.

   Руссо адамдарды табиғат аясына шақырды. Ол сол кездегі өркениетке жеккөрушілікпен қарады, себебі оның игілігін пайдаланып отырған байлар, ауқатты адамдар екендігін жақсы түсінді. Ол адамдарды табиғатқа жақын болуға, қарапайым ауыл шаруашылығымен және қолөнермен айналысуға шақырды. Бұл жерде Руссоның шектеушілігі аңғарылды, мәдениеттің, техниканың прогрессивтік мәнін түсінбеді.

   "Эмиль, және тәрбие туралы” деп аталатын педагогикалық романында Руссо феодалдық қоғамның шырмауынан еркін жаңа адамды тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп беруге талпынды. Бұл роман прогрессивті ортада ерекше қызығушылық танытты, ал реакциялық топтардың арасында, атап айтқанда чиновниктер мен діниелері – жеккөрушілікпен қарады. 1762 жылы париж парламенті романды өртеуге, ал оның авторын түрмеге қамауға шешім шығарды.

   Руссо Швейцарияға қашып кетуге мәжбүр болды. Бірақ онда да осындай жағдайға душар болды. Оның "Эмиль, және Тәрбие туралы”, "Қоғамдық шарт” еңбектерін өртеп жіберді. Швейцариядан кетуге мәжбүр болған Руссо іздеушілерден жасырынуға тура келді. Тек ғана 1770 жылы Парижге қайта оралуға мүмкіншілік алды. Ауру, қайыршылықтың күнін кешіп, 1778 жылы Париждің қасында қайтыс болды.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 4519 | Загрузок: 97 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]