Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Ғылыми білімнің құрылымы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

30.09.2016, 17:48

Ғылыми білімнің құрылымы.

  1. Ғылыми білім күрделі дамушы жүйе ретінде.
  2. Ғылыми білімнің типтері.
  3. Дүниенің ғылыми және философиялық көрінісі.
  4. Ғылымдарды жіктеу проблемасы.

Ғылымның қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отырған қазіргі заманда "білім" деген ұғымды көбінше "ғылыми білім" деген ұғыммен тепе-тең мағынада түсінеміз. Ал шынында олай емес екенін жоғарыда айттық. Адам білімінің көптеген түрлері ғылыми емес. Мәселен, күнделікті тұрмыста қалыптасқан білім, діни білім, бірдеңеден алатын эстетикалық әсер т.б. ғылыми білімге жатпайды.

Ал ғылыми зерттеулер, ізденістер арқылы алынатын білімдердің мазмұны мен сипаты мүлде басқаша. Ғылыми білімнің мазмұны мен сипатын, мәселен, күнделікті тәжірибеде қалыптасқан тұрмыстық білімдерден ажырату үшін ғылым деген не екенін, оның мазмұны қандай екенін білу қажет.

Ғылым дегеніміз адамның шындық дүние жайлы барынша ақиқат білім алуына бағытталған дүниетану қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық системасы. Демек, ғылыми дүниетану қызметінің басты мақсаты шындық жайлы ақиқат білімге қол жеткізу екен. Ал білім не үшін керек? Ол болашақ өндірістік іс-әрекетте қолданып, практикалық қызметті ілгері дамыту, жетілдіру үшін, сөйтіп, барған сайын шындық дүние заттары мен құбылыстарын өз мақсат-мүддесіне сәйкес меңгеру үшін қажет. Бұл ғылымның өндіргіш күш ретіндегі қоғамдық-әлеуметтік функциясы (қызметі) болып саналады. Ғылымның екінші бір функциясы — мәдени-дүниеге көзқарастық функциясы. Бұл соңғы мәселе жайлы кейінірек арнайы әңгіме болады.

Сөйтіп, ғылым, жалпы алғанда, дүниетану процесі болып табылады екен. бірақ ол жай күнделікті таным процесі емес, арнайы ұйымдастырған теориялық таным процесі болып табылады. Сол теориялық танымның нәтижесі — білімдер жүйесі. Теориялық білімдер жүйесінің бастамасын салған Ертедегі Греция елі деп саналады.

Ертедегі гректер ғылымның негізін салушы болуының себебі олардың ғылыми фактілер мен техникалық жаңалықтарды көбірек жинақтауында емес, ойлау процесінің, таным процесінің, логикасы мен мазмұнына жан-жақты назар аударуында, зерттеуінде болды. Ертедегі грек ойшылдары фактілерді, ой-пікірлерді, жаңалықтарды жай жинақтап қана қойған жоқ, оларды негіздеп дәлелдеумен айналысты, бір білімді екіншілерінен логикалық жолмен ойша қорытып шығарумен, сөйтіп оны жүйелі, негізді және анық-айқын білім жасаумен айналысты.

Сонымен бірге, ескерте кеткен жөн, олар тек делелдеуге дағдыланып қана қойған жоқ, сондай-ақ дәлелдеу процесін талдай келе дәлелдеу теориясын жасады — Аристотельдің логикасы сондай теория еді. Басқаша айтқанда, ретсіз жинақталған бұрынғы тәжірибелік білімдер мен мәліметтерді тәртіпке келтірудің әдісі анықталды. Бұл нағыз методологиялық жаңалық еді.

Дәл осы сияқты жаңа методологиялық әдіс XVII ғасыр-да - Жаңа заманда ғана жасалды, өйткені ғылыми зерттеушілер тәжірибелік (эксперименттік) -математикалық әдістің дүние танымдағы маңызын осы кезде түсініп, осының негізінде Классикалық жаратылыстану дүниеге келді.

Ертедегі грек ойшылдары жасаған логика (дұрыс ойлаудың жайлары реформалары жайлы ілім) танып білуге тиісті шындық дүниенің өзіне тікелей қатысты емес, ол дүние жайлы ойлауға қатысты болды, яғни ғылыми талдаудың объективтісі тікелей дүние заттары мен құбылыстары болмай, сан, сапа, заң т.б. болды. Сөйтіп, материалдық дүниеге қарағанда оның идеалдық бейнесі (дүние) әлдеқайда жүйелі, логикалық және занды түрде ретке келді. Білім, сөйтіп, материалдық дүниеден "жоғарырақ" тұргандай болып, айтарлықтай дербес өзіндік болмысын — теория саласын құрды. Антик ғылымы жасап берген соңдай жүйелі теориялық білімнің бірінші мысалы ретінде Евклид геометриясын алуға болады.

Осындай жаңалықтардың арқасыңда антик заманының мәдениеті, ғылым-білімі қысқа тарихи мерзімнің ішінде тамаша математикалық теориялар (Евклид, Архимед т.б.), космологиялық моделдер (Аристарх Самосский, Птолемей т.б.) жасап, физика, биология және т.б. болашақ ғылымдар үшін құнды-құнды идеяларды тұжырымдады. Алайда, ең бастысы сол, нағыз ғылыми білімнің бірінші үлгісі сынақтан өтті, оны ғылыми емес білімдерден айырып тұратын негізгі ерекшеліктері анықталды. Ол ерекшеліктер

1) ғылыми білім жүйелі, сондай-ақ оны басқа білімдерден логикалық жолмен қорытып шығаруға болады;

2) ғылыми білімнің объектісі тікелей шындық дүние заттары мен құбылыстары емес, идеялық объектілер, яғни олардың ойдағы бейнелері;

3) ғылыми білімнің мазмұны оны танып білуші адамның (субъектінің) мақсат-мүддесіне тәуелсіз, объективтік ақиқат болуы тиіс;

4) ғылым қайталанушы құбылыстарды ғана зерттейді, жеке-дара заттар мен құбылыстарды ғана емес, белгілі бір топқа, класқа жататын заттар мен құбылыстардың бәріне тән жалпы заңдылықтарды іздейді, т.б.

Ғылыми танымның құрылысына келсек, өзі өмір сүріп келе жатқан 2,5 мың жылдан бері ғылым жүйелі түрде ұйымдасқан, өзіңдік айқын құрылысы бар күрделі құбылысқа айналғанын атап айтпасқа болмады. Ғылыми білімнің негізгі элементтері мыналар:

а) дәл анықталған фактілер;

ә)бір топ фактілердің жиынтығына қолданылатын жинақтаушы заңдылықтар:

б)шындық дүниенің бір қатар құбылыстарын түсіндіруші зандылықтар системасын біріктіретін теориялар;

в)бүкіл шындық дүниенің жинақталған бейнесі болып табылатын дүниенің ғылыми бейне көрінісі (картинасы); мұнда өзара үйлесімді теориялардың бәрі біртұтас системаға (жүйеге) біріктіріледі:

Ғылымның сенімді негізі — әрине анықталған фактілер. Егер факті дұрыс анықталған болса (бақылау, эксперимент, тексеріп көру арқылы), онда ол сөзсіз ақиқат болғаны. Бұл — ғылымның эмпириялық, яғни тәжірибелік негізі. Тәжірибеде байқалған фактілердің ұқсастығы, бір түрлілігі тікелей байқалған құбылыстардың жалпы эмпириялық заңы, ортақ қасиеттері бар екендігін көрсетеді.

Алайда ғылыми зерттеу мұнымен аяқталмайды. Бұл ғылыми танымның тек бірінші деңгейі (сатысы) ғана деп саналады. Ғылыми танымның бұл эмпириялық деңгейінен кейін келетін теориялық деңгейін айыра білу қажет. Бұлардың арасыңдағы айырмашылық, ерекшелік зерттелуге тиісті нақты материалды жалпылаудың түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты. Ғылымның мақсаты - зандылықтарды ашу. Ал заң, заңдылық дегеніміз құбылыстардың арасындағы жалпы, мәнді, қажетті, тұрақты, қайталанбалы байланыстар, яғни шындық дүниенің қайсы бір құбылыстар тобына, класына қатысты жалпылық.

Заттар мен құбылыстардың бойындағы жалпылық абстракциялау жолымен анықталады, яғни олардың әрқайсысына тән жекеше, ерекше белгі қасиеттерге назар аудармай, жалпы, ортақ белгі, қасиеттерді ойша бөліп алу арқылы іске асады. Абстракция деген латын тіліндегі сөзді қазақшаласақ, "көңіл аудармау" дегенді білдіреді. Логика деген ғылымда қарастырылатын формальды-логикалық жалпылау әдісі осы абстракциялау әдісімен іштей байланысты. Алайда, абстракцияның көмегімен жалпылаған кезде кез келген жалпы белгі, қасиетті ала салмай, құбылыстардың ішкі табиғатын ашып көрсететін мәнді жалпы белгісін алу қажет. Мәселен, ертедегі грек ойшылдары "адам" деген ұғымға анықтама бергенде: "Адам дегеніміз екі аяқты, қауырсынсыз жануар" деп анықтапты. Әрине, барлық адамдарда бас аяқ бар, бірақ сонымен бірге құстар да екі аяқты емес пе? Адамның ішкі табиғатын ашып беретін жалпы мәнді белгісі еңбек құралын жасауға қабілеттілік және осының негізінде тарихи қалыптасқан ойлауға және сөйлеуге қабілеттілік қой.

Олай болса, танымның эмпириялық және теориялық деңгейлерін бір-бірінен ажыратып тұратын негізгі ерекшелік — заттар мен құбылыстардағы мәнді жалпылықты табу арқылы заңдылықты ашудың тәсілінде екен: тәжірибелік (эмпириялық) жалпылауда тек сыртқы ортақ белгілерді ғана анықтауға болады екен, ал ішкі мәнді белгілерді ашуға, дәлелдеуге танымның тек теориялық деңгейі ғана мүмкіндік береді.

Ғылымның күрделі творчестволық іс деп саналуының бір себебі сол, онда тәжірибеден теорияға көшетін тікелей өткелі жоқ. Оның ғылыми жолы — салыстыру, абстракциялау, жалпылау, талдау, синтездеу сияқты танымның жалпы әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы іске асатын диалектикалық таным жолы.

Ғылыми танымның аталған деңгейлерінің зерттеу объектілері бойынша да өзара айырмашылықтары бар. Танымның тәжірибелік деңгейінде зерттеудің объектісі тікелей табиғат және қоғам құбылыстары мен заттары болса, ал теория тек идеяландырылған объектілермен (материалдық нүкте, идеалды газ, абсолютті қатты дене т.с.с.) жұмыс істейді. Бұл зерттеу объектісі не? — деген сұраққа жауап берсе, ал сонымен қатар ол қалай зерттеледі деген сұрақ бар. Екінші сұраққа жауап беру үшін ғылыми зерттеудің аталған деңгейлерінде қандай әдіс-тәсілдер қолданылатынын білу қажет. Бұл жағынан да олардың елеулі өзгешеліктері бар. Эмпириялық деңгейде қолданылатын негізгі әдістер: бақылау, баяндау, сипаттау, өлшеу, эксперимент т.б. Ал теория болса аскиомалық әдісті, системалық әдісті, құрылымдық-функционалдык, талдау, математикалық моделін жасау әдістерін т.б. пайдалануға тырысады.

Ғылымның басқа қоғамдық сана формаларынан (мәселен, діннен, өнерден) басты бір айырмашылығы сол, онда жаңа білімді қорытып шығарудың әдіс-тәсілдері, яғни ғылыми әдіс (метод) шешуші рөл атқарады. Ғылыми білімнің даму тарихы бұл пікірді толық растайды. XVII ғасырда, яғни классикалық жаратылыстанудың туу дәуірінде, ағылшын ғалымы Ф.Бэкон мен француз ғалымы Р.Декарт ғылымды дамытудың бір-біріне қарама-қарсы екі методологиялық программасын: эмпириялық (индукциялық) және рационалистік (дедукциялық) әдістерін тұжырымдады.

Бұл методологиялық әдістер таным процесінде маңызды тарихи рөл атқарды. Біріншіден, олар толып жатқан нақты ғылыми зерттеулердің іске асуына көмектесті, екіншіден, ғылыми танымның құрылымын дұрыс анықтауға жол ашты. Оның құрылымы екі этажды үйге ұқсас екенін көрсетті. Теориямен айналысатын "жоғарғы этаж" эмпирикалық "төменгі" этаждың үстінде тұрғанымен, бірақ бірінші этажсыз ол төмен құлап түсер еді, Ал керісінше, екінші этажсыз үй салынып біткен құрылыс болып есептелмес еді. Бұл аса қарапайым теңеуден келіп шығатын қорытынды: ғылыми фактілерді жинап беретін индукциясыз дедукциялық әдіс ақиқат теориялық қорытыңды жасай алмас еді, ал дедукциялық әдіссіз индукция ықтимал ғана білім берер еді. Сондықтан қазіргі заманғы ғылыми танымда бұл екі әдіс өзара бірін-бірі толықтыра отырып, диалектикалық бірлікте қолданылады.

Біздің заманымыздағы ғылыми білімнің стандартты құрылыс моделі, шамамен, мынадай тізбек түрінде іске асады: тәжірибелік, (эмпириялық) фактіні анықтау — алғашқы эмпириялық қорытынды — бұл қорытындыға сәйкес келмейтін фактілерді іздеу, табу — жаңаша түсіңдіру схемасы бар теориялық гипотеза (жорамал) ұсыну — байқалған барлық фактілердің негізінде құрылған гипотезадан логикалык, қорынды шығару (дедукция). Ал бұл соңғы ақиқат теориялық қорытынды болуы тиіс, өйткені расталған гипотеза теориялық заңға айналады. Ғылыми білімнің мұндай моделі гипотезалық-дедукциялық деп аталады. Қазіргі заманғы ғылыми танымның көпшілігі дәл осы тәсілмен құрылады.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 469 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]