Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Философия [ Добавить материал ]

Тұлға және қоғам реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

22.07.2015, 15:38

Тұлға және қоғам

      Адамтану ғылымындағы ең күрделі мағыналардың бірі “тұлға” сөзі. Орыс тілінде “лик” сөзі иконадағы бейнені білдіреді. Еуропа елдерінде “тұлға” сөзі латынша “персона” сөзімен мәндес, ол театрдағы актердің бейнесін білдіреді, толық мағыналы бір тіршілік иесіндей және әлеуметтік қызметі бар тұлға ретінде қарастырылады. Қытай және жапон тілдері сияқты, шығыс тілдерінде “тұлға” сөзін тек қана адамның бейнесімен ғана емес оның тәнімен де салыстырады. Еуропа салтында адамның тәні мен беті қарама-қарсы құбылыс ретінде қарастырылады, адамның беті оның жанын айқындайды, ал қытай түсінігінде “адамның өмірінің қалыптасуына оның тәнінің де, жанының да қасиеттері әсер етеді”. 
Шығыс ойшылы жерлесіміз әл-Фарабидің ойынша, айналаңдағы адамдар бақытсыз болса, жеке бақыт баянсыз: «...бір адам басқаның өмір сүруіне қажет нәрсенің бір бөлігін беру арқылы адамдардың бір-біріне көмектесуіне негізделген көптеген бірігудің нәтижесінде ғана адам табиғатынан маңдайына жазылған кемелденуге жетеді». 

                                                   Сызба 3.2.1

 
                     

Тұлғаның қалыптасуы. Негізгі сатылары

I  саты     Адам алғашқы қалыптасқан түсінік ретінде – адамды басқа тірі  
                ағзалардан ажыратуға мүмкіндік беретін  физиологиялық және 
                психологиялық қасиеттер жиынтығы.
II  саты  Индивид – адамзаттың нақты өкілі.
III саты  Индивидуалдық – бір индивидті екіншісінен ажыратуға мүмкіндік  
                беретін физиологиялық, психологиялық, сыртқы қасиеттердің 
                 жиынтығы.
IV саты   Тұлға – бұл адамның әлеуметтік мәні, әлеуметтік тәжірибе негізінде
                 қалыптасқан әлеуметтік мінездер жиынтығы.
Сызба  3.2.2  Биоәлеуметтік факторлар

Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің өзара диалектикалық байланыстылығында, бір-біріне тәуеділігінде
Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасу прцессінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелденуі және өзгеру процесі, оның дамуының жастық сатылары мен мінез құрықында көрініп, осыдан балалық, жас өспірімдік, ересектік және қариялық табиғи бітістерінен ажыратылады, яғни адамның өмір сатылары да биологиялық заңдарға тәуелді /өмірге келу және өмірден озу/.    
Тек – әрбір адамның тарихтағы қайталанбастығы да оның әке-шешесі арқылы беріледі генетикалық ерекшелік.
Әлеуметтік фактордың рөлі жоғары себебі: Табиғатта мақсат жоқ. Мақсат адамның дүниеге келуімен бірге пайда болады. Демек, ол тек адамға тән, бір бірімен қарым қатынастағы адамдардан құралатын қоғамға тән құбылыс. Түптеп келгенде, адамның да, қоғамның да мақсаты – адамның жайы. Оның мәні – материалдық мүдде-талаптарының кезінде қанағаттандырылып тұруына, өз басының қанау мен езгіден, басқаның үстемдігінен еркін өмір сүруге, оның ішкі қабілеттері мен дарын-таланттарының уақытында толық ашылыуына әлеуметтік-экономикалық жағыдайлар жасау, басқаша айтқанда адам үшін бақытты өмір орнату. Мұны іске асыратын құдай да, патша да, үкімет басшысы да емес, оның өз еңбегі, ақыл-ойы мен екі қолының күші, іскерлік қабілеті. 

Қажеттілікті мойындау –  бұл әуесқойлық.
Қызығушылық – мақсатқа жету.
Мақсат – әдіс-тәсіл – нәтиже .
Жеке тұлғаның заттық-тәжірибелік іскерлігі әлеуметтік субъектінің белсенділігі ретінде.  
Адам қажеттіліктері төмен жоғары қарай көтерілетін құрылым:
1. физиологиялық (тамақтану, тыныс алу, қозғалу, киім, баспана т.с.с.) қажеттіліктер. 2. экзистенциалдық қажеттіліктер (қауіпсіздік, ертеңгі күнге деген сенімдік, өмір сүру жағдайларының және қарым-қатынасқа түсетін қоршаған адамдардың тұрақтылығы т.с.с). 3. әлеуметтік қажеттіліктер (басқа адамдармен бірігіп, қарым-қатынасқа түсіп, солардың сый-сияпатына ие болу). 4. престиждік, яғни беделді басқалардың назарына ілігу, еңбек сатыларымен жоғарылау, жоғары тұлғалық бағаға ие болу т.с.с. 5. рухани қажеттіліктер - шығармашылық арқылы өз мүмкіндігіңді өмірге енгізу, іске асыру.

Сызба 3.2.5 Тұлғаның әлеуметтік түрі

                                               
Іскер – белсенділік. Дүниені өзгертуге талпыныс (өзгелерді және өзін өзгертуге талпыныс).

Ойшыл – сезімдік, шығармашылық,                                                                                 
рухани ізденіс.                                                                                                                           
Гуманист – қолдау, сезімдік  демеу,      өзгенің жан дүниесін сезіну.                                                                                                                                             

Ұшқыр – жаңа ашудың саяхаттың және жасампаздықтың сезімі. Иновациялық іскерлікке талпыныс.


Бақылау сұрақтары
1.    Тұлғаның тарихи түрлері, олардың әлеуметтік негізделуі.
2.    Тұлғаның әлеуметтенуінің негізгі кезеңдері қандай?
3.    Тұлғаның шеттетілуінің феномені.
4.    Тұлғаның бостандығы мен жауапкершілігі.
5.    Экзистенциализмдегі тұлғалық таңдаудың мәселесі.
6.    Н. Бердяевтің жеке тұлғалығы және тұлға бостандығы.
7.    Тұлға неден басталады? 
8.    Тұлғаның түрлері мен типтері қандай?
9.    Карл Маркстің философиясындағы тұлға концепциясы.
10.    Адамның биологиялық және әлеуметтік жақтары.
11.    Тарихтағы тұлғаның рөлі.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Философия | Добавил: Admin
Просмотров: 1399 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]