Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

Желілік программалық қамтама


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

30.03.2016, 22:47

Файлдық сервер қорындағы желілік ОЖ олардың бәсекелестері біррангті ОЖ қарағанда қымбатырақ тұрады, бірақ та олар өте жақсы сипаттамаларға ие, жоғары сенімділік және мәліметтерді қорғау деңгейінің жоғары болуы. Файлдық сервер қорындағы желілік ОЖ содан басқа әр титпті компьютерлердің бірігіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді.  Мысалы, NetWare – Файлдық сервер қорындағы ең көп таралымдардың бірі, ол UNIX, DOS және OS/2, сонымен қатар Macintosh компьютерлері сияқты түрлі ОЖ біруақытта ЛЕЖ қоса алады. Егер де сіз кішігірім ЛЕЖ(жұмыс станциялары оннан аспайды) орнататын болсаңыз және желіні тек қана мәтіндік процестермен немесе үлкен емес мәліметтер базасына қолданамыз деген ойыңыз болса, сонымен қатар Барлық компьютерлер Windows бақылауымен жұмыс жасайтын болса, онда ең тиімдісі болып біррангті ЛЕЖ болып табылады. Егер де көп жұмыс станцияларны қолдану қажет болса, егер мәліметтерді өңдеу үшін қарапайым файлдарды бөлуге қарағанда күрделі операцияларды орындау қажет болса немесе әр түрлі ОЖ жұмыс жасайтын компьютерлерініз болса, онда сізге файл серверінің қорындағы желілік ОЖ қажет.
Локалды есептеуіш желілілердің типі және функционалды мүмкіндіктері көп жағдайда OSI моделімен анықталады, олар соның ішінде қолданылады, онымен қоса аппаратты және бағдарламалық интерфейсті желілік тақшада іске асырылатын төменгі екі деңгейдің протоколдары және бағдарламалы желілік операциялық жүйемен қолдау көрсетілетін жоғарғы деңгейдің протоколдары.
Желілік операциялық жүйе — бұл желідегі коммуникационды процесстерді басқаратын және оның жалпы архитектурасына қолдау көрсететін бағдарламалық құралдар. Ол керекті желілік ресурстарды жұмыс станцияларына бөліп береді және қолданушыға осы ресурстарға стандартты және ыңғайлы қол жетімдігін қамтамасыз етеді.
ЛЕЖ ресурстарына қол жеткізуді ұйымдастырудың бірнеше нұсқалары бар:
–    әрбір жұмыс станциясы СОС бағдарламаларының барлық функционалды мүмкіндіктеріне ие және және оның бір бөлігін оперативті жадта сақтайды, ал басқа бөлігін дисктік жадта сақтайды.
–    әрбір жұмыстық станция СОС бағдарламаларының тек белсенділеріне ғана ие, ал СОС функционалды бағдарламаларының толық жиынтығы серверде сақталынады.
–    жұмыс станцияларында («желілік компьютерлер») СОС тың ешқандай бағдарламалары жоқ, ал қажеттілігі бойынша серверден оның өшірілген жүктемесі орындалады.
OSI бес жоғарғы деңгейлі протоколдарына сүйенетін фирмалық операциялық жүйелердің арасында ең көп таралғандары: СОС Novell фирмасының NetWare  және СОС Windows NT (Windows 2000).    
Желілік операциялық жүйе кез келген есептеуіш жүйенің негізін құрайды. Әрбір желідегі компьютер автономды мағына болады, сондықтан желілік ОЖ кең мағынасында бір ереже бойынша ресурстарын бөлісетін және ақпараттармен алмасатын жеке компьютерлердегі операциялық жүйелерді қарастыруға болады. Ал тар мағынасында желілік ОЖ бұл желіде жұмыс жасауға мүмкіндік беретін жеке компьютердегі ОЖ. Желілік ОЖ да жеке машинаны бірнеше бөліктерге бөлуге болады:
–    компьютердің локалды ресурстарын басқару құрылғылары: процесстер арасындағы оперативті жадты тарату функциялары, процесстердің жобалануы және диспетчерленуі, мультипроцессорды машиналарда процессорларды басқару, перифириялық құрылғыларды басқару және т.б локалды ОЖ ресурстарын басқару функциялары
–    жалпы қолданысқа жеке ресурстарды және қызмет көрсетулерді беру – операциялық жүйенің серверлік бөлігі. Бұл құралдар мысалға баспаларды және файлдарды блокталуын қамтамасыз етеді, ол олардың бірігіп қолдануына қажет; желілік ресурстардың анықтамалар атын еңгізуге; деректер қорына және жеке файлдық жүйелердің өшірілген қол жетімдігіне өңдеу жүргізу; өшірілген қолданушылардың өздерінің перифириялық құрылғыларына түсірген сұраныстарын қадағалау.
–    өшірілген ресурстарға қол жеткізудің сұранысының құрылғылары және оларды қолдануларына қызмет – ОЖ клиенттік бөлімі(редиректор). Бұл бөлім қолданушылар мен қосымшалардан өшірілген  ресурстарға сұраныстарды тану және желіге бағытын өзгерту. Сұраныс қосымшадан локалды түрде келіп түседі, ал желіге басқа қалыпта жіберіледі, ол сервердің талаптарына сәйкес болуы қажет. Клиенттік бөлім доан басқа серверден жауаптарды қабылдап және оларды локалды форматқа ауыстыру жұмыстарымен айналысады.
–    Желіде хабарламалармен алмасуға мүнкіндік беретін ОЖ коммукационды құралдары.  Бұл бөлім хабарламалардың адрестелуін, буферленуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар желіде хабарламалардың бағытын таңдау және жіберілудің сенімділігін қадағалап отырады, т.б. Яғни, хабарламаларды тасымалдау құрылғысы болып табылады.
Белгілі бір компьютерге негізделіп отырған функцияға байланысты оның операциялық жүйесінде клиенттік бөлім немесе серверлік бөлім болмауы мүмкін.
     Бірінші желілік операциялық жүйелер бар локалды ОЖ жиынтығын білдіретін және соның үстіне орналастырылған желілік қабықша. Сонымен қатар локалды ОЖ ге желілік қабықшаның жұмысына қажет желілік функциялардың минимумы орналастырылатын.  Осындай жақындасудың мысалы ретінде MS DOS желілік ОЖ бар барлық машинада қолданылуы, оның үшінші версиясынан бастап файлдарды және жазбаларды блоктау секілді еңгізілген функциялар пайда болды, олар файлдарға сәйкесінше қол жетімдік үшін қажет болған.  
Бірақ, ең тиімдісі болып алғашынан бастап желіге арналып жасалынған операциялық жүйелер болып табылады.  Осындай типті операциялық жүйелердің желілік функциялары жүйенің негізгі модульдеріне терең еңгізіліп орнатылған, ол оның логикалық тұрақтылығын, модификациялаудың және эксплуатациялаудың қарапайымдылығы , сонымен қатар жоғары өнімділігімен көзге көрінеді. Осындай ОЖ ретінде  Windows NT фирмы Microsoft болып табылады, ол желілік құралдардыі ішке орналасуына байланысты өзінің жоғарғы өнімділігін және LAN Manager желілік операциялық жүйесіне қарағандағы ақпараттың сенімді жерде сақталынуын қамтамасыз етеді.
     Желілік компьютерлер арасындағы функциялардың қалай таратылғанына байланысты желілік операциялық жүйелер онымен қоса желілер екі класқа бөлінеді: біррангті және иерархиялық. Соңғысын көбінесе бөлінген серверлер желілері деп атайды.
Егер компьютер өзінің ресурстарын басқа желінің қолданушыларына беретін болса, онда ол сервердің ролін ойнайды. Сонымен қатар басқа машиналардың ресурстарына қатынайтын компьютер клиент болы табылады. Басында айтылып өткендей желіде жұмыс атқараратын компьютер клиенттің немесе сервердің, ия болмаса осы екеуіән біріктіру арқылы жұмыс атқарады.
Егер қандай да бір серверлік функциялардың орындалуы компьютердің негізгі тапсырмасы болатын болса, мысалы, желінің басқа да қолданушыларына файлдарды жалпы қолданысқа беру немесе факсты бірігіп қолдану ұйымы, немесе барлық қолданушыларға өз компьютерлерінен өздерінің қосымшаларын жіберуге мүмкіндіктері болса, онда осындай компьютер серверлік деп аталады. Сервердің қандай ресурстарының бөлінгеніне байланысты, ол: файл сервер, факс сервер, принт сервер немесе қосымшалар сервері деп аталады.
Сәйкесінше, бөлінген серверлерге осындай функцияларды орындауға арнайы оптимизацияланған ОЖ орнатқан дұрыс.  Сондықтан бөлінген серверлері бар желілерде көбінесе желілік операциялық жүйелер қолданылады, оның құрамына ОЖ бірнеше нұсқалары кіреді, олар бір бірінен айырмашылығы серверлік бөлігінде болады. Мысалы,  желілік операциялық жүйе Novell Net-Ware серверлік нұсқасы бар, файл сервер ретінде жұмысы оптимизацияланған, одан басқа, түрлі локалды операциялық жүйелері бар жұмыс станцияларына арналған қабықшалар нұсқалары, ол қабықшалар тек қана клиенттің функцияларын орындайды.  Бөлінген серверлі желілік операциялық жүйелерді жасауға негізделген ОЖ басқа мысалы, Windows NT операциялық жүйесі болып табылады.  NetWare айырмашылығы , берілген ЖОЖ екі нұсқасы да - Windows NT Server (бөлінген сервер үшін) және Windows NT Workstation (жұмыс станциясы үшін) – клиенттің де сервердің де функцияларын жүзеге асыра алады. Бірақ, Windows NT желілік варианты желінің басқа қолданушыларына өз компьютерінің ресурстарын қолдануға мүмкіндік береді, өйткені ол кең функциялар жиынын орныдай алады, біруақытта клиенттердің көп санымен қосылуға мүмкіндік береді, желіні орталықтан басқаруды жүзеге асырады және қорғаудың дамыған құралдарына ие.
Белгіленген серверді ағымдағы есептерді шығаратын компьютер ретінде қолдануға болмайды, егер де ол оның негізі талаптарына ай келмесе, өйткені ол оның сервер ретіндегі өнімділігінің төмендетеді. Осы мақсаттарға байланысты Novell NetWare операциялық жүйесініің сол жақ бөлігінде қарапайым қолданбалы бағдарламаларды орындау мүлде қарастырылмаған, яғни сервердің клиенттік бөліктері жоқ, ал жұмыс станцияларында серверлік компоненттер орнатылмаған. Бірақ басқа ЖОЖ да мұндай мүмкіндіктері әбден болуы мүмкін. Мысалы, Windows NT Server басқаруымен локалды қолданушының қарапайым бағдарламаларды іске қосуына мүмкіндігі бар, олар желінің басқа компьютерлерінің ресурстарына сұраныс жасаған кезде клиенттік функцияларының орындалуын талап етуі мүмкін.  Сонымен қатар Windows NT Workstation ож орнатылған жұмыс станциялары белгіленбеген сервердің жұмыстарын атқара алады.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin | Теги: Желілік программалық қамтама, реферат, информатика, желі
Просмотров: 545 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]