Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

Ethernet технологиясы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

30.03.2016, 22:35

Ethernet технологиясы. CSMA/CD қатынас құру әдістері
    Тікелей ауқымды желімен байланыс өте қымбат, сондықтан компьютерлер Интернетпен  интернет – провайдер арқылы байланысады.
    Интернет – провайдер  – бұл компьютерлік торап (узел), клиент компьютерлерді әр түрлі байланыс тізбегін қолданып Интерентпен  қосуға мүмкіншілік жасайды.

    Сондықтан клиент  компьютерде Интернетпен жұмыс істеу үшін байланыс тізбегімен қосатын жабдық болса болғаны.
Кез келген компьютерді Интернетке қосып,  электронды поштаның, бүкіләлемдік өрмектордың немесе басқа да желі қызмет түрлерінің тұтынушысы болып тіркеуді желі қызметін ұйымдастырушылар – провайдерлер орындайды. Олар ірі қалаларда, жердің жасанды серігі көмегімен байланыс және желілі байланыс тораптарында орналасқан. Қазір Қазақстанда 20 – дан астам операторлар интернет провайдер қызметін орындауда. Олардың ірілеріне «Нұрсат», «Қазақтелеком», «Алтел» және «СА телеком» жатады.
Провайдермен қосу үшін төмендегідей байланыс түрлері болады: 
    Модем арқылы байланыс.
Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет алмасу мүмкіндігін береді. «Модем» деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор/демодулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады. 
Интернет - компьютерлiк желiлердің iшiнде жаппай қолданы¬латыны болып табылады; ол ондаған миллион пайдаланушыларға қызмет көpceтeтiн 2 млн-нан астам тораптық, компьютерлердi қамтиды. Интернет пайдаланушыларының саны ай сайын шамамен 1 млн-ға өсiп отырады .
Аумақтық  (кампусты) жергілікті желі – Global Ethernet.
       Аумақтық (кампусты) жергілікті желі Интернетті шлюз арқылы байланысады. Әр түрлі желілерді түйістіруді шлюз деп атайды. Шлюздер бір желіден қабылданған деректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді.
        Корпаративті желі иелері, Интернетке байланыстың кең мүмкіндігін қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпаративті желіге рұқсат етілмеген сырттан қосылудан қорғау мәселесі туындайды. Осындайда шлюздік компьютер желі әкімдігі рұқсат берген ақпаратты ғана өткізуді қамтамасыз ететін бранмауэр рөлін атқарады.
Ұялы байланыс арқылы Интернетке шығу технологиясы.
ҰЯЛЫ қатынау. Бұл байланыс көп жағдайда жалпыға ортақ орындарда (аэропорт, қонақ үйі, сауда орындары, офистер, клубтар) қолданылады. Интернетпен жұмыс кезінде ірі компаниялардың, фирмалардың қызметшілері бір орыннан екінші орынға ауысып отыруына байланысты.
Интернеттің көрсететін қызметі.  Интернеттің көрсететін қызметі алуан түрлі, соның ішінде кең танымал:
•    Электронды пошта (e-mail) – Электронды хатты алу және жіберу;
•    Алыс компьютерден файлдарға қатынау қызметі (ҒТР);
•    Әлемдік тор (WWW)
•    Интернет арқылы хабарласу (ІР –телефон, немесе VoIP);
•    Электронды коммерция және банкадағы есептеу шотын басқару;
•    Ақпаратты іздеу (web – бет, файлдар, қолданушылар және т.б.)
•    (STRIM – TM) Сұраныс бойынша бейне және аудиосигналдарды алу;
•    Қолданушылар арасында файлдармен алмасу («пирингті желілер») және т.б.
Электронды пошта.
    Қазіргі электрондық пошта кеңінен қолданылып келе жатыр. Поштаның не екенін білеміз. Ол, кем дегенде, екі абонентке мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін кәдімгі байланыс құралы. Мұнда мәлімет алмасу жүзеге асуы үшін адресі көрсетілген хат жазылып, оны пошта жәшігіне салу керек. Одан хат пошта жәшігіне жетеді. Бұл процесті жылдамдату үшін телефон құлақшасын көтеріп, керекті нөмірді тереміз, егер дұрыс байланыс орнатылса, біздің абонентіміз айтатын сөзімізді естиді. Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі – оның жылдамдығы. Оның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе әрі қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Осылардың бәрі де жер шарының кез-келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізілетінін ашып айту керек. 
Электрондық пошта жүйесі:
•    қолданушы агенті - әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;
•    тасымалдау агенті – мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;
•    жеткізу агенті – мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.
Қолданушы агенті – тұтынушыларға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны. 
Тасымалдау агенттері – поштаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді әрі қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны. Бұлар басқа тасымалдау агенттерінен келіп түскен мәліметтерді де қабылдап алады. 
Жеткізу агенттері – поштаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларға жеткізетін программалар 
тобы. Пошта нақты тұлғаға,  таратылу тізімдеріне, файлға, программаға, т.с.с. жеткізілуі мүмкін. 
Бөрлі ауданы бойынша электронды пошта арқылы хабарласу мүмкін екенін мына суреттен көруге болады.

 

         Бізге кенеттен б ір файл керек болып қалады делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл бізге берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.
          Мұндай мақсат үшін файылды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады (File Trasfer Protocol-FTP). Практикада FTP не ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда  “файылды алу үшін компьютерге ftp жеткізу” деген сөздер кещдесуі мүмкін. Ол осы файылды алу үшін FTP жүйесі қолданылатынын білдіреді. FTP арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады. Көптеген FTP-серверлер барлық адамдар үшін ашық юолады, кез келген адам одан администратор рұхсатымен әртүрлі мәліметтер ала алады.
             
            Құжаттарды тасымалдаумен шұғылданатын Интернеттің қызмет түрін World Wide Web (Web, WWW) деп атайды. Бұл сөздің аудармасы Бүкіл дүние жүзілік өрмек дегенді білдіреді. World Wide Web−қазіргі интернеттің ең көп тараған қызмет түрі болып табылады.Осы терминмен немесе WWW ортасы деп өзара гипермәтіндік байланысқа түскен Web−құжаттар жиынтығын айтады.
Интернеткке тұрақты өосылып тұрған компьютерді Web−сервер деп атайды. WWW–дің құжаттары Web−серверлерде сақталады.
                Web−кеңістікті құрайтын жеке құжаттарды Web−беттер деп атайды. Тақырып бойынша топтастырылған Web−беттерді  Web−тораптар деп атайды (жаргондық термині− Web−сайт).


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin | Теги: реферат, информатика, Ethernet технологиясы, желі
Просмотров: 782 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]