| Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тарих | [ Добавить материал ] |
| В категории материалов: 187 Показано материалов: 21-30 |
Страницы: « 1 2 3 4 5 ... 18 19 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
|
Үйсіндер мемлекетінің пайда болуы |
|
Қазақстан территориясындағы ертедегі мемлекеттер. |
|
Ядролық қару
Ядролық қару |
|
Соғыстың төртінші кезеңі ( 1944 жыл 1 қаңтар – 1945 жыл мамыр )[өңдеу] Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 жылы қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесіде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі щабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасаты. Кеңес армиясы Польша және Шығыс Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 жылы 6 маусымда солтүстік – батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды. 1944 жылы шілде –қараша айларында Қызыл рмия Балтық бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан құрылған румын және болгар укіметтері Германияға соғыс жариялады. |
|
Хан кеңесі - Бөкей Ордасының ханы Жәңгірдің ұйғарымымен 1827 жылы құрылған билер алқасы. Құрамына әр рудың беделді билері енген. Ресми құжаттарда «Ханның билер кеңесі» деп те аталады. Хан кеңесі орталықтандырылған жергілікті хандық билік жүйесіндегі ең жоғарғы орган болып саналған. Кеңес мүшелері маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси мәселелерді талқылап, ханға ақыл-кеңес беріп отырған, ханның кейбір өкім, жарлығының баптарын өзгертуге ұсыныс жасаған. Жергілікті сипаттағы заңдар қабылдау ісіне қатысып, өз пікірлерін білдіруге құқылы болған. Сондай-ақ Хан кеңесінің мүшелері ұрлық жасаған адамдарға жаза тағайындау, зекет, соғым салықтарын төлемегендерге айыппұл салу, т.б. мәселелерді талқылап, ұсыныс-пікірлерін хан құзырына жолдап отырған. Кеңес мүшелері бейбіт кезеңде толық құрамда сирек бас қосқан, тек 1835-37 жылы көтеріліс кезінде жылына 3-4 рет мәжіліс құрды. Олардың мүшелік қызметі мен өкілеттілігі тұрақты саналған
|
|
Филипп Васильевич Чижиков (1.9.1923 жылы туылған, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Березовка ауылы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия сержанты, бөлімше командирі, кейіннен подполковник Орыс. 1934 жылы Петропавл ауданы «Новая жизнь» ұжымшарындағы балалар үйінде тәрбиеленді. Осы ұжымшарда жұмыс істеді. 1942 жылдың 20 мамырында Петропавл аудандық әскери комиссариаты Чижиковты Кеңес әскері қатарына шақырды. Кіші командирлер даярлайтын курсты бітірген соң майданға аттанды.
|
|
Ферғана көтерілісі - 1875 жылғы жазда Ферғана өңірінде Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған халық қозғалысы. Оған Қоқан хандығының соңғы билеушісі Полат хан басшылық етті. Ол көтеріліске бүкіл Түркістан өлкесі халқын тарту мақсатында өзінің сенімді өкілдері арқылы қауырт үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Ферғана өлкесінде тұратын өзбектерге қоса, қырғыздар мен Шымкент және Әулиеата аймағындағы қазақтар да көтеріліске қатысуға ниет білдірді. Қазақтар қырғыздың солты және сарбағыш руларымен бірігіп, өздерінің қолбасшысы етіп Қожа датқаны тағайындады да, Полат ханға келіп қосылды. Көтерілісшілердің жалпы саны 50 мың адамнан асты. Көтерілісшілер жасақтары орыс отаршыларының әскери бекіністеріне жиі-жиі шабуыл ұйымдастыруды қолға алды.
|
|
Түркістан комитеті -Уақытша үкіметтің Түркістан өлкесіндегі жергілікті органы. Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 7 сәуірдегі қаулысына сәйкес құрылған бұл органға Түркістан өлкесінде туындаған мәселелерді шешу, орталық билік атынан басқару міндеті жүктелді. 9 адамнан тұратын Түркістан комитетіне кадеттер партиясының белсенді мүшесі Н.Н.Щепкин төраға болып тағайындалды. Түркістан комитеті құрамында Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, С.Мақсұдов секілді жергілікті халықтардан шыққан көрнекті қайраткерлер болды. Бөкейханов көп ұзамай Торғай облысы комиссары болып тағайындалуына байланысты Түркістан комитеті Құрамынан шығып кетті.
|
|
Теңіз жаяу әскерлері - теңіз десанттары құрамында ұрыс қимылдарын жүргізуге, сондай-ақ әскери -теңіз базаларының, порттардың Қорғанысы мен басқа да міндеттерді орындауға арналған және арнайы дайындалған әскери-теңіз флоты күштерінің түрі. Алғаш рет Англияда (1664), кейіннен Еуропаның басқа елдерінде (18ғасырдың 1-жартысы), АҚШ-та (1775) құрылған. Ресейде Петр І-нің бүйрығымен құрамында 1365 адам бар алғашқы Теңіз жаяу әскер полкі 1705 жылы жасақталды. Алғашында Теңіз жаяу әскері абордажды ұрыстарға, кемеден мылтықпен атыс жүргізуге және қарауыл қызметін атқару үшін қолданылды. Кейіннен теңіз десанттарын түсіруге, флот базаларын күзету мен қорғау үшін қолданыла бастады.
|
|
Теміртау жұмысшыларының көтерілісі - 1958 жылы тамыз айында Карағанды облысы Теміртау қ-нда болған кеңестік жүйеге қарсы бас көтеру. Теміртауда салынып жатқан металлургия комб. екпінді комсомолдық құрылыс деп жарияланған соң 1958 жылдың соңына дейін облысқа 132 мың адам келді. Жаңадан келушілерге тұрғын үйлер жетіспеуіне байланысты жұмысшыларды шатырларға орналастыруға тура келді. Жаңа табиғи ортаға үйренудің қиындығы, ауыз судың жетіспеуі, тамақпен қамтамасыз етудегі кемшіліктер жұмысшылардың заңды наразылығын туғызды.
|








