Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тарих [ Добавить материал ]

Түркістан комитеті


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

06.03.2014, 03:25
Түркістан комитеті -Уақытша үкіметтің Түркістан өлкесіндегі жергілікті органы. Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 7 сәуірдегі қаулысына сәйкес құрылған бұл органға Түркістан өлкесінде туындаған мәселелерді шешу, орталық билік атынан басқару міндеті жүктелді. 9 адамнан тұратын Түркістан комитетіне кадеттер партиясының белсенді мүшесі Н.Н.Щепкин төраға болып тағайындалды. Түркістан комитеті құрамында Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, С.Мақсұдов секілді жергілікті халықтардан шыққан көрнекті қайраткерлер болды. Бөкейханов көп ұзамай Торғай облысы комиссары болып тағайындалуына байланысты Түркістан комитеті Құрамынан шығып кетті. Түркістан комитетінің мүшелері қызметке кіріскен бойда Уақытша үкімет жариялаған ұлттар арасындағы теңдік, демократ, принциптердің сақталуы туралы, т.б. қаулыларды жүзеге асыруды қолға алды. Түркістан комитетінің мүшелері Тынышбаев пен О.А.Шкапский Жетісу облысына барып, онда 1916 жылғы көтерілістен соң туындаған ауыртпалықтарды шешуге кірісті. Олар Қытайға ауып кеткен қазақтар мен қырғыздардың елге оралуын қамтамасыз етуде және котерілістен соң ушығып кеткен ұлтаралық қатынасты реттеуге көп еңбек сіңірді. Түркістан комитеті өлкедегі халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудің шешімін таба алмай, оны шешуді орталық биліктен күтті. Бұл өз кезегінде жергілікті халықтың Түркістан комитетіне деген наразылығын күшейтті. Оның үстіне өлкедегі еуропалық нәсілдегі солдат депутаттары кеңесі Түркістан комитетітінен өздерімен санасуды талап етіп, жергілікті билік орындарына өз адамдарын қоюға ұмтылды. Мұндай ахуал Түркістан комитетінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтірді. Соған орай 1 шілдеде Щепкин Түркістан комитетінің төрағасы қызметінен отставкаға кетті. 19 шілдеде Уақытша үкіметтің қаулысымен Түркістан комитетінің төрағасы болып В.П.Наливкин тағайындалды. Түркістан комитеті құрамына Мұстафа Шоқай енгізілді. 12 қыркүйекте Ташкент қаласының жұмысшы және солдат депутаттары кеңесі Түркістан комитетінің колынан бар билікті тартып алу мақсатында бүлік үйымдастырды. Бұл бүлікті басу мақсатында Уақытша үкімет Түркістан өлкесіне генерал П.А.Коровиченко басқарған жазалау экспедициясын аттандырды. Түркістан комитеті Ташкент қаласын әскери жағдайда деп жариялады. Жазалау экспедициясы келгеннен кейін 27 қыркүйекте жұмысшы және солдат депутаттары кеңесі ұйымдастырған ереуіл тоқтады. Уақытша үкімет генералы Коровиченкоға Түркістан комитетінің үстінен билік жүргізетін Түркістан өлкесінің бас комиссары лауазымын берді және оны Түркістан әскери округінің қолбасшысы етіп тағайындады. Қазан төңкерісі жайлы хабар Ташкентке жетісімен өлкелік жұмысшы және солдат депутаттары кеңесі Түркістан комитетін биліктен тайдыру жолына ашық кірісіп, қарулы жасақтар құрды. Осындай жасақтың күшімен 1 қарашада жұмысшы және солдат депутаттар кеңесі Коровиченконы тұтқынға алып, Түркістан комитеті таратылғанын мәлімдеді. Тұтқынға түскісі келмеген Түркістан комитетінің төрағасы Наливкин өзіне- өзі қару жұмсап, атылып өлд
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin
Просмотров: 615 | Загрузок: 75 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]