| Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тарих | [ Добавить материал ] |
| В категории материалов: 187 Показано материалов: 41-50 |
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 7 ... 18 19 » |
Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
|
ӨЛЕҢНІҢ ҚАРА БАУЫР ҚАСҚАЛДАҒЫ
Жанат ӘСКЕРБЕКҚЫЗЫ, филология ғылымдарының кандидаты.
Поэзия әлеміне өлеңнің еңселі ақ ордасын сән-салтанатымен, қымбат жаб¬дығы – кестелі тіл, шешен сөз, шебер өрнегімен келістіре қондырған Есенғали Раушанов сынды ұлт ақыны деуге әбден болады. Бұл сөзімізге дәлелді оның әр жырынан, әр шумағынан, әр тіркесінен келтіре аламыз. Ақынның тереңнен тамырланған қаламгерлік тұлғасын "Пе¬ріштелер мен құстар” жыр кітабы ай¬ғақтай түседі.
|
|
Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы,
филология ғылымдарының докторы, профессор Қосымова Г.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты қоғамда тарихи сана мен ұлттық таным көкжиегі кеңейе бастады. Осыған байланысты ұлттық рухани-мәдени мұраның тарихи маңызын саралап, қайта бағалау мүмкіндігі туып отыр. Кез келген этнос атаулының ежелгі дүниетанымдық жүйесі, халықтық рухы әуелі оның тілінде көрініс табады. Бұл ретте В.Гумбольдт: "Язык народа есть его дух, и дух народа есть его язык. Язык насыщен переживаниями прежних поколений и хранит их живое дыхание”,- деп пайымдаған [1,68-82 б.]. Әр халықтың өзіндік салт-санасы, елдік рухы алдымен оның тілінде таңбаланады. Этностың өзіндік дүниетанымынан, тұрмыс-салт ерекшелігінен туындаған арнайы сөз қолданыстардың халықтың өткен өмірінде қандай мәні болса, бүгінгі өмір тіршілігіне тигізер пайдасы одан зор. Тілдің мемлекеттік мәртебесін нығайтудың қазіргі таңдағы маңызды бір мүмкіндігі – оның осы танымдық қызметін неғұрлым толық ашып көрсету, сол арқылы ежелгі елдік атрибуттарды, халықтық қалыпты, рухани тамырды тереңірек зерттеп, жете тану. Тіл мен танымды жіктеп қарамай, оны құбылыс ретінде сабақтастыра қарау академик Ә.Т.Қайдаров ұсынған "тіл мен ұлт біртұтас” немесе "адамды тіл әлемі арқылы тану” деген қағидаларға сүйенетін қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттың қалыптасуына әкелді. Этнолингвистиканың ғылыми-теориялық негізі Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов, М.Копыленко, Р.Сыздықова, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Р.Шойбеков, А.Жылқыбаева т.б. ғалымдардың еңбектерінде қаланды. Соңғы уақытта қазақ тіл білімі лингвомәдениеттану, когнитивтік тіл білімі сияқты тілдік салалармен толығып, өз жемісін бере бастады. Төрт түлік мал атауларын зерттеуде де осы бағыттарды қолдану оң нәтиже берері анық. Өйткені төрт түлік атауларын, әсіресе жылқы атауларын зерттеуді осы бағыттарға сәйкес жүргізу ұлттың тарихы мен тегін зерделеумен қатар, оның дүниетанымын, өзіне ғана тән ұлттық болмысы мен мінез-құлқын айқындауға жол ашады.
|
|
Құныпия Алпысбаев
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетнінің профессоры,
филология ғылымдарының докторы
І.ЕСЕНБЕРЛИН РОМАНЫНДАҒЫ АЛАШ РУХЫ
Халық ғұмыры – тарихи дамудың диалектикалық заңдылығын құрайтын жалғыз нысана. Дәуірлер сипатынан табиғи дамудың бел-белестерін, алған асу, шыққан биігін пайымдап, кешегі мен бүгіннің арақатынасын ажыратуға, өзгенің өресі жетпес жорамал деректердің жанды-жансыз жобасын жасауға болады.
Осы ретте көз жетер тарихын қаламен аттап, қағазға тақтап қойған елге қызыға да, қызғана да қарайсың. Хаттаулы тарих – халық болмысының рухани, мәдени өрісіне берілген төлқұжат. Ондай елдің әлемдік дамудағы кімнің-кім болғанын сарапқа салар тұста алдына жан салмай кететіні де сондықтан.
|
|
Біздің заманымыздан бұрынғы V ғасырдың 40-жылдар аяғында грек тарихшысы Геродоттың «Тарих» деп аталатын еңбегінде және басқа қол жазбаларда біздің заманымыздан бұрынғы I мың жылдың орта шенінде Орта Азия мен Қазақстан жерінде сақ деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары болғаны айтылады. Ол одақтар массагеттер, каспийші- лер, есседондар, кейініректе алаңдар, сарматтардан тұрған. Персия патшасы I Дарийдің Накширустамдағы (Персополға жақын) тас жазуларында Сақ тайпалары үш топқа:сақ-хаумаваргаларға (хаома сусынын дайындайтын сақтар), Сақ-тиграхаудаларға (төбесі шошақ бас киімдері бар сақтар), Сақ-парадараяндарға (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) бөлінеді делінген. Бірінші топтоғы сақтар Ферғана жерінде мекендесе, екіншілері Сырдарияның орта аймағы және Жетісу жерін жайлап, үскифтер немесе Арал теңізі және Сырдарияның арғы жағындағылар болған.
Геродоттың айтуынша: Сақтар скиф тайпалары, бастарына тік тұратын төбесі шошақ тығыз киізден іселінген бөрік және шалбар киген. Олар садақ, қысқа семсер және айбалтамен қаруланған. Тамаша атқыш жауынгерлер.
Сақ әулетінің іргесін қалаушы Алып Ер Тұлға (Афрасиаб) болған деген деректер бар. Сақтар көк тәңіріне табынған. Археологиялық қазбаларға қарағанда, сақ тайпалары темірден зат жасай білседе, мыс пен қоланы пайдалануды артық көрген. Оларда жабайы аңдардың суреттері салынған қоладан құйылған үлкен тай қазандар болған. Сақтардың дүние жүзіне аңдарды өрнектеумен әйгілі болған даналық өнері жалпы адамзаттық мәдениетті дамытуға елеулі әсерін тигізді.
Сақ тайпаларында көпке дейін матриархаттық ел билеу тәртібі сақталып, әйелдер ерекше жағдайда болған. Мәселен, олардың көсемдерігнің бірі-тамаша сұлу, әрі жігерлі, елге әйгілі патша ханум Заррине ел билеп, қалаларды салуға және жорықтарға қатысқан.
|
|
БІРТҰТАС АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН
ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Дүние тарихы төңкеріліп түскен ХХ ғасырда империялық және ұлттық мүдделердің қақтығысы – әлем жағырафиясынан бастап, ұлттар мен ұлыстардың, жеке адамдардың тағдырына түбегейлі өзгерістер әкелді. Түсіндіріп болмайтын «түсінікті мүдделер» бүтін елді бұтарлады. бұтарланған жұртты бунақтады. «№ 453-Л» хаттама мен 1945 жылғы 11 ақпанда Ялтада өткен конференцияда И.Сталин, Ф.Рузвельт, У.Черчилль қол қойған «Үш ірі елдің Қиыр Шығыс мәселесі туралы бітімі» бойынша, Шығыс Түркістан Қытайдың құрамына беріліп, Сыртқы Моңғолияның дербестігіне айырбасталды. Сөйтіп олар тектік, діндік, тілдік негіздері мүлдем қабыспайтын ұлттардың құрамына біріктірілді. Империялық «бөліп ал да билей бер» деген өктемдіктің кесірінен бүйрегі бүтін қазақ елі үшке бөлініп кетті. Қазақстан үшін сондай мүдделі әрі ділгір, күрделі құпия мәселе – әлімсақтан бергі ата қонысында отырған Шығыс Түркістандағы қазақтардың тарихи тағдыры.
Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесінің бірі болып табылатын, Империялық мүдделердің қақпақылына түскен Шығыс Түркістан Республикасының құрылуы мен таратылуы – ұлттық тұтастық пен ұлттық ыдыраудың тарихи, саяси, рухани және территориялық түйіткілдері тәуелсіздік алғанға дейін өз тарихынан өзі жеріген қазақ тарихнамасында мүлдем зерттелмеді. Қазақ тарихшылары үшін ол бимағлұм күйде қалып келген тақырыпқа айналды.
|
|
БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТЫҢ ШЫҒУ СЕБЕПІЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СИПАТЫ
Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. ХХ ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиелеңісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүиие жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатыныц шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты.
Германияның күшеюі Еуропадағы басқа ірі мемлекеттерді абыржытты. Әсіресе отарлап алған жері жеткілікті әрі өнеркәсібі ерте дамыған, байырғы империалистік елдерді ― Франция мен Рссейді қатты алаңдатты. Оның үстіне герман–австриялық одақ шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас герман империалистерінің Еуропадағы салмағын күшейтті. Осы құрылған үштік одаққа жауап ретінде орыс-француз одағы пайда болды. Бұл еуропалық мемлекеттерді екі антогонистік топқа бөліп, екі жақты шешуші шайқасқа дайындыққа кірісті.
|
|
14-15 ғғ. Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы - қыпшақтар, арғындар Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар т.б. Ақ Орда хандары - орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Құйыршақ, Барақ т.б. Бұлар – кейінгі Қазақ хандарының тікелей арғы бабалары еді.
|
|
КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ШЫЛАУ СӨЗ ТАБЫНЫҢ
МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ
Сөйлем ішінде шылау сөздер объектілік - бағыттықты, мезгіл – мекендік, тиянақтылықты, әсерлікті әр түрлі грамматикалық мағына үстемелеп, қосымша реңк беретін және байланыстырушылық қызмет атқаратын лексемалар тобына жатады. Олар мағыналық қызметіне қарай демеуліктер, септеуліктер, жалғаулықтар болып үшке жіктелетіндігі белгілі. Бұлардың өзара атқаратын қызметтері әр қилы. Мәселен, жалғаулықтар сөзбен - сөз, сөз тіркестері және сөйлем мен сөйлемді байланыстырса, септеуліктер өздеріне тиісті септік формаларындағы атауыш сөздермен тіркесіп, сөйлем мүшелерінің арасындағы бағыныңқылық, мекендік, мезгілдік, ортақтық қатынасты білдіреді де септік жалғаулы сөздердің мағынасын толықтырып нақтылай түседі
|
|
КӨНЕ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ
Э. Қ. Пертаева
"Тараз” институты, Тараз қ.
Дулат пен Абай творчествосының танымдық, қоғамдық, көркемдік мәнін толық ұғыну үшін әдебиетте орнықтырған бейнелеу әдіс-тәсілдері, дәстүрлері, үлгі-өнегесі қалай жалғастық тапқанын арнайы қарастыруымыз қажет. Көркемдік дәстүр жалғастығы жайында Н.Келімбетов былай дейді: "Тарихи жалғастық - қоғам дамуының объективті заңдылығы екені мәлім. Мұндай жалғастықтың өзі қоғамда қалыптасқан белгілі бір дәстүрге негізделеді. Дәстүр дегеніміз - бір ұрпақтан, келесі ұрпаққа ұдайы ауысып отыратын тарихи тұрғыдан қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің рухани негізі болып табылады. Мұның өзі көркемдік дәстүр жалғастығына да тікелей қатысты болып келеді. Өйткені, әрбір ұрпақ өзінен бұрын ғұмыр кешкен барлық ұрпақтар жасаған рухани мұраны игеріп, оны – жаңа қоғамдық, тарихи жағдайға сәйкес жетілдіріп отыруы тиіс. Сонда ғана қоғам дамуының рухани мүмкіндіктері объективті түрде жүзеге асады” [1,38 бет].
|
|
Көне Түркі жазба ескерткіштеріндегі және
«Қорқыт ата кітабындағы» халықтық педагогика
Жазба ескерткіштер. Тәрбиенің мәңгілігі, қажетгілігі, қасиетгілігі жайлы ой түркі жазбасының ертедегі ескерткіштерімен дөледденеді. Бұл түрғыда ерекше қызығушылық түғазатындары және үлгі боларлықтары, әсіресе, Орхон ескерткіштері (ҮІІ-ҮІІІғғ.). Мұнда халық педагогикасының күрделілігі және көп қырлылығы бейнеленген. Оларда ата-анаға құрмет, адалдық пен әділеттілік, еңбекті құрметтеу, жаудың алдында қаймықпау, ерлік пен елдік, танып-білуге құмарлық, қарттар мен үлкеңдерге қайырымды және сыпайы қарым-катынас және т.б. ойлар айтылады. Түркілер ардақтайтын моральдық құндылықтардың ішінде Отанға сүйіспеншілік ерекше алға шығады.
Мәселен, Тоныкөктің өмірі мен қызметі бұл халықтың патриоттық тарихы және өсіп келе жатқан ұрпақты туған халықтың ерлік дөстүрлерінде тәрбиелеуге шақырумен үндес жатады. Ол үшін халық пен отан даңқы бәрінен жоғары: "Бүкіл түркі халқына қарулы жау келтірмедім. Атты әскер жолатпадым. Елтеріс қаған жауламаса, оған еріп мен жауламасам, Елім, Халқым жойылар еді, қағандар әрекетінің нәтижесінде, менің де әрекетімнің нәтижесінде, еліміз қайта ел болды, халқымыз қайта халық болды".
Ел бірлігін мақсат тұтқан, сол үшін күш-қуатын аямаған Тоныкөк дананың бейнесі, іс-ерекеті масаттануға, мақтану етуге тұрарлык, Орхон ескерткіштерінде жекелеген педагогикалық жаңалықтар да баршылық: бұл болашақ батырлардың жас кезендеріне сипаттама, достар мен жаулардың мінез-құлықтық өзгешеліктерін бағалауға ұмтылыстар; халық мүдделі сапалардың түлға бойыңда болуы үшін оның тиімді ықпал ету шарттарын қарастыру, мінез-құлықты отанға қызмет етуді үйрете отыра, жоғары мақсаттарға бағыттау. Халыққа адам жөнінде оның шығу тегі мен тербиесі бойынша, ата-анасы мен тәрбиешілері бойынша пікір айту әдеті бұрыннан белгілі. Оның ойынша адамның ең құнды сапасы, ол ізгілік, оған баулу, үйрету керек. Өйткені адамдық кемшіліктердің көпшілігінің себебі, білместік, мәдениетсіздік, білімсіздік. Адамгершілік - ол, жақсы істер жасай білу, ал жақсы іске бастайтыңдар, қалай істеу керек екенін білетіңдер. Мінез-құлық білумен байланысты, ал білім мен мінез құлық арасын жалғастыратын буын – тәрбие.
«Жақсы адам жақсы тәрбиешілерден» - бұл халық үшін қарапайым заңдылық. Түлғаның ішкі мүмкіндіктерін, оның өзіндігін және езінің мінез-кұлқы үшін жеке жауапкершілігін мойындау да осында. Халық өзінің педагогикалық түсініктеріне сай бүкіл білімдері мен шеберліктерін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін мүмкін болған жағдайда балалар тәрбиесі ісінде пайдалануға үмтыдды. Орхон ескерткіштері түркі халкы рухани өмірінің шоғырланған жиынтық бейнесі бола отыра, аса зор педагогикалық жүктеме аткарады: ол тәрбиелік идеяларға аса бай, онда білімдік материалдар айтарлықтай, ол халыққа сүйіспеншілік пен адамгершілікті қалыптастырады, оның тексті ақыл, ес, зейін, байқағыштықгы дамытады. Онда тәрбие мақсаты мен оның әдістері көрініс тапқан, тұлғаға қажет сипаттар мен жас ұрпақ сезіміне, санасына жөне мінез-құлқына игі ықпал етудің жолдары анықталған.
|








