Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 16.2.2020
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Тарих [ Добавить материал ]

В категории материалов: 187
Показано материалов: 31-40
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 ... 18 19 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Тап күресі - таптар арасындағы мүдделер қайшылығынан туындайтын күресті білдіретін марксизм іліміндегі ұғым. Тап күресі маркстік әдебиеттерде таптық қоғамдағы өмірдің қозғаушы күші ретінде дәріптелініп, ол сөзсіз коммунизм орнатуға негіз қалайтын пролетариат диктатурасына жеткізеді делініп түсіндіріледі. Марксизм ілімі үстемдік еткен кеңестік қоғамтану ғылымы саласында ереуілдер, карулы көтерілістер, демонстрациялар, революциялар Тап күресінің көріністері ретінде негізделіп, капиталистік елдердегі Тап күресінің күшеюіне Қазан төңкерісінің жеңісі және дүниежүз. соц. жүйенің қалыптасуы ықпал етіп жатыр деп насихатталды. Кеңестік тарих ғылымында ұлттардың өткен тарихы Тап күресі ұғымымен тығыз байланыстырыла қарастырылып, қоғамдағы оң өзгерістер соның нәтижесі ретінде көрсетілд
Тарих | Просмотров: 944 | Загрузок: 85 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Тамыз бүлігі - 1991 жылы 18-21 тамыз аралығында Кеңес Одағындағы ескі мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде ұйымдастырылған төңкеріс. КСРО вице-президенті Г.И.Янаев, КОКП ОК-нің әскери саясат жөніндегі хатшысы, КСРО-ның Қорғаныс Кеңес төрағасының бірінші орынбасары О.Д.Бакланов, КСРО премьер-министрі В.С.Павлов, КСРО Мемл. ҚК- нің торағасы В.А.Крючков, КСРО ИМ Б.К.Пуго, КСРО Қорғаныс министрі Д.Т.Язов, КСРО Шаруалар одағының торағасы В.А.Стародубцев, КСРО Мемл. кәсіпорындар қауымдастығының терағасы А.И.Тезяков, КСРО Жоғ. Кеңесінің төрағасы А.Лукьянов, т.б. 18 тамыз күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемл. к-т атты ұйым құрып, елдегі барлық билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді.
Тарих | Просмотров: 1933 | Загрузок: 82 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Табын ісі - ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру мен 1931-33 жылы ашаршылық кезінде бүрынғы Адай округіне қарасты Табына уд-нда (қазіргі Ақтөбе облысы Байғанин ауданы) кеңес өкіметінің саясатына қарсы көтеріліске шыққан шаруаларды жауапқа тарту. Табын ауданындағы көтеріліс Адай округінде 1930-31 жылы әртүрлі үзіліспен жалғасқан шаруалар көтерілісінің құрамдас бөлігі (қаласы Адай көтерілісі) болды. Оған әр кезде белсене қатысып, басқарғандар Б.Шоланов, Құбжанов, Ембердиев, К.Шешенов, т.б. 1931 жылы 20 сәуірде көтерілістің негізгі ошағы Кенжыға деген жерде әскер бөлімдерінің күшімен басылды. 834 адам тұтқындалып, соңынан 500-ден астам адам сотталды, 18 адам ату жазасына кесілді. Ашаршылық пен қуғын-сүргін салдарынан жүздеген шаруалардың отбасы ауа көшіп, Түрікменстан, Қарақалпақстан жерін паналады, Иранға өтіп кетті
Тарих | Просмотров: 1198 | Загрузок: 88 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Сырым Датұлы (1712—1802) — Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен.
Шыққан тегі — Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдігімен аты шыққан «Бала би» атанды.
XVIII ғасырдың аяғындағы отарлық езгіге қарсы ұлт-азаттық күрестің ұйымдастырушысы, әрі көсемі. Сырым дүниеден озған кезде оның асында 2000 жылқы, 2500 қой сойылып, 5000 күбі қымыз ішілген және бірнеше жүз ақшаңқан киіз үйлер тігілген. Бұл, бір жағынан, оның байлығын, екінші жағынан, оның халық арасында беделді болғанын білдіреді.
Сырым 2000 шаңырақты басқарған
Тарих | Просмотров: 2581 | Загрузок: 97 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Аты аңызға айналған ержүрек батырларымыздың бірі, XVIII ғасырдағы Қазақ елінің жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық соғысындағы көрнекті қаһарман — Шапырашты Наурызбай Құттымбетұлы.
Құттымбетұлы Наурызбай 1706 жылы Жетісу жерінде, Алатаудың баурайында дүниеге келген. Бұл кезде Ӏле, Талас, Алатау мен Қаратау аралығындағы қазақ пен қырғыз жоңғарларға тәуелді еді. Батырдың көзін ашқаннан естігені батырлар тұралы жырлар, аңыз әңгімелер болып, теңдессіз бай рухани ортада өсті. Екінші жағынан елге үстемдігін жүргізген басқыншы жаудың зорлығы мен зомбылығын да көрді. Мұның өзі жүрегінде оты бар жасты туған елін, атамекенін жаудан азат ету тұралы арманға жетеледі, батыр болуға құлшындырды
Тарих | Просмотров: 1725 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Кенжебек Шәкенов (1924, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы – өлген жылы белгісіз ) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, сержант. Қазақ. 7-сыныпты бітірген соң «Боко» руднигінде әуелі кара жұмысшы, кейін ауысым шебері болып істеді. 1942 жылдың тамызында Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1943 жылы Ташкенттегі пулемет училищесін бітірген соң майданға аттанды. 62-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрылып болысымен, Днепр жағалауына жылжып келді де, 2-Украина майданының 37-армиясы құрамына енгізілді.
Тарих | Просмотров: 1170 | Загрузок: 86 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлы (1871-1923 ж.), 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын жігіті болған. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сипаттама сақталған. Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашкы күндерден-ақбелсене араласып, оның негізгі қарулы күші — мергендер жасағын басқарды, көтеріліс штабынын, ең кауіпті тапсырмаларын орындап, жиі-жиі барлауға шығып тұрды
Тарих | Просмотров: 1223 | Загрузок: 84 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Аманкелді Үдербайұлы Иманов (03.04.1873 -18.5.1919) — қазақ халқының батыры. Қазақстанда 1916 жылы өріс алған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Торғай уезі Қайдауыл болысының 3-ауылында кедей шаруа отбасында туған. 1918 жылдан Компартия мүшесі.
7 жасында әкесі, одан 5 жыл кейін шешесі қайтыс болып, жастайынан жетім қалады. Ауқатты адамдарға жалға тұрып жүріп, еңбекші халықтың тартқан қайғы-қасіретін, ауыр тұрмысын көреді. Оның бойында самодержавиеге, қоғамда тереңдеп кеткен әлеуметтік теңсіздік пен езгіге деген өшпенділік осы кезден-ақ қалыптаса бастады. Байқоңыр көмір кенінде темір ұстасы болған жылдары орыс жұмысшыларымен араласып, таптық сана-сезімі оянады. 1905-1907 жылдары орыстың 1-революциясының азаттық идеясы ықпалымен шаруалардың байларға қарсы қарулы күресіне қатысады. Социал-демократтардың жергілікті жердегі большевиктер тобымен тығыз байланыс жасап, шаруалар бұқарасының ұлт-азаттық күресін басқарушы ретінде бүкіл Торғай даласына атағы жайылды. 1896-1908 жылдары патша өкіметі оны "сенімсіз" адам деп тауып, бірнеше рет түрмеге отырғызfды
Тарих | Просмотров: 1305 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)











                                                            
                                                          Кіріспе

   Тақырып өзектілігі. XVғ. 80-жылдары – XVIIғ. 40-жылдары орын алған абсолютизмнің Ұлыбританияда ерекше маңыздылығы болғаны белгілі. Абсолютизм қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық үрдістердің алға қарай дамуына ерекше ықпал етті. Сондықтан, абсолютизмнің орнау тарихын, оның барысында халықтардың өз басынан өткерген абсолютті монархияның әсерлері мен қоғамдық-саяси өзгерістеріне ұшырауын, және көптеген себептердің нәтижесінде Бірінші Стюарттар кезінде дағдарысқа ұшырап, соңында Карлдан кейін абсолютистік режимнің ыдырауын  атап көрсету және білу маңызды. Сонымен қатар, XV ғ. аяғы – XVII ғ. ортасындағы абсолютизм кезенінің әр түрлі әлеуметтік таптарға, Англияның экономикасына, даму ерекшелігіне жағымды немесе жағымсыз әсерін айқындау. Осы тұрғыдан алғанда, ағылшын абсолютизмінің халықаралық жүйедегі орын алуымен үлкенді-кішілі шетелдік мемлекеттермен қарым-қатынасын орнату саясатымен, белсенді саясатқа өзінің сыртқы саясатымен әсер етуін көрсету. 
   XV ғ. бастап орын алған абсолютизм, Европаның басқа да елдеріне тән болды. Бірақ бұл курс жұмысы ағылшын абсолютизміне арналғандықтан Тюдорлар мен Стюарттардың саясатына, оның ерекшелігіне сипаттама беру маңызды болды. 

Тарих | Просмотров: 2173 | Загрузок: 394 | Добавил: Admin | Дата: 03.03.2014 | Комментарии (0)

 

Есім хан 
(1598-1628 (1645) ж.ж. билік құрған)




Шығайұлы Есім хан (1628-1645) – Қазақ хандығының ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында сақталған аңыз -әңгімелер, дастан-жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды. 

Есім хан билік басына ағасы Тәуекел өлгеннен кейін келді. Бұл кезде Қазақ хандығының шығысындағы жағдай Тәуекел тұсындағыдан әлдеқайда күрделене түскен еді. Мұнда ойрат тайпаларының бірігіу процесі жүріп жатты. Сондықтан ол көршілерінде болып жатқан жағдайды жіті қадағалап, олардың тайпалары арасындағы алауыздықты өз пайдасына шешуге ұмтылып бақты. 
Тарих | Просмотров: 3669 | Загрузок: 99 | Добавил: Admin | Дата: 03.03.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-60 ... 171-180 181-187