Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

Интерпретаторлар және компиляторлар


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (116.3Kb) ] 15.11.2013, 22:39

Интерпретаторлар және компиляторлар

 

Жоғары дәрежелі тілде программа қүрастыру, әрине, ыңғайлы. Мәтінді редакторда тердің, командаларды есепті шешу алгоритміне сөйкес жаздың — болды. Бірақ программаның бастапқы мәтіні — олі толық жараімды программа емес, бұл тек жұмысқа «қосуға» мүмкін емес арнайы командалардың (программалау тілі операторларының) жиынтығы, өйткені оларды процессор орындай алмайды. Сондықтан программалаудың кез-келген тілінде жазылған программаларды алдымен процессор тіліне аударады, яғни машиналық кодқа айналдырады.

Әртүрлі программалау тілдерінің арасында айтарлықтай  елеулі айырмашылықтардың болуына қарамастан олардың  барлығында негізгі операцияларды жүзеге асырудың ұқсас  құралдары бар. Бұдан басқа әртүрлі программалау тілдерін  пайдаланғанда жұмыс істеу қиындығының түрліше  болатындағына қарамастан кез келген программаны жасауда  кез келген типтегі программалау тілін пайдалануға болады.

    Бұл тілдердің әрқайсысына тоқталмай-ақ, осы тілдерді  машина тіліне аударушы трансляторлардың жұмысына  тоқталайық. Машина тілінен өзгеше программалау тілінде  құрылған программа компьютерде орындалу үшін жарамды  түрде, яғни машина тіліне түрлендіруі тиіс. Мұндай түрлендіру  трансляциялау немесе аударғыштар деп аталады.

Аударғыш — бұл арнайы программа бастапқы мәтіндерді автоматты түрде жұмыс істейтін программаларға айналдырады. Аударғыштардың екі түрі бар: компиляторлар және интерпретаторлар.

Компилятор бастапқы кодты машиналыққа айналдырады. Нөтижесінде аталмыш объектілі модуль пайда болады. Ол машиналық кодта жазылған, бірақ ол да әлі жүмыс істей алмайды-оған программист қолданған стандарттық процедураларды қосу керек. Бұл процедуралар программалар тіліне қоса тіркелген кітапханалардан таңдалады.

Процедураларды кітапханалардан таңдау және оларды объектілі кодқа қосу операциясын арнайы программа — құрастырушы (байланыстар редакторы) орындайды. Содан кейін ғана жүмыс істейтін программа пайда болады, оны жүмыс коды немесе атқарылушы код деп атайды.

        Транслятор арқылы өңделіп алынған программа тікелей  компьютерде орындалады немесе оны басқа транцлятордың  өңдеуіне тура келеді. Трансляциялау мен программаның  орындалуы уақыт жағынан бөлінген болады. Интерпретатордан басқа трансляторларда алдымен барлық  программа трансляцияланады содан кейін орындалады. Осы  режімде жұмыс істейтін трансляторлар компиляциялаушы  типті трансляторлар деп аталады. Егер мұндай  транслятордың ендірілетін тілі процедуралы-бағдарланған тіл  болса, онда транслятор компилятор деп аталады.

    Трансляциялау кезеңімен орындау кезеңдері уақыт  бойынша ығысып ауысып келіп отыратын транслятор  интерпретатор деп аталады.

    Машина тілінде немесе жүктелуші тілде ұсынылған  программа транслятор жұмысының нәтижесі болып табылады.

    Транслятордың жұмысын төрт кезеңге бөлуге болады:

  • лексикалық талдау. Мұның негізгі атқаратын қызыметі  программаның бастапқы мәтінін одан әрі қарай өңдеу  үшін ең ықшамды және ыңғайлы етіп ұсыну. Осылауша  алынған мәтін транслятордың синтаксистік талдаушы деп  аталатын келесі бөліміне бастапқы деректер ретінде  беріледі;
  • синтаксистік талдау. Бұл кезңде бастапқы мәтінді  синтаксистік талқылау жүргізіледі, яғни сөйлемдердің  типтерін тану және программаның құрылымын айқындау, сонымен бірге синтаксистік қателіктерді айқындаушы  синтаксистік бақылау;
  • объктік программаны жасау. Бұл кезеңде шын тілдің  баламалы сөйлемдерінің мәні зерттеліп, симантикалық  талдау  жасалады;
  • объктік программаны безендіру және беру. Бұл  транслятор жұмысының соңғы қорытынды кезеңі. Объктік  программаны кітапханаға жазуға, баспаға шығаруға  болады. Пайдаланушының нұсқауы бойынша транслятор  ендіретін қосымша информацияның белгілі бір бөлігі ғана  баспаға беріледі.

    Шығарылатын есептің сипатына және пайдаланушылардың  категориясына байланысты трансляторларға әртүрлі талаптар  қойылады. Мысалы, берілген программалау тілін игергісі  келетін жаңадан бастаушыларға транслятордың ең маңызды  сипаттамасы диагностикалық хабарларының толық әрі қарапайым болуы болып табылады. Егер компьютерде  сплыстырмалы түрде алғанда көп уақыт есептеуді қажет  етпейтін көптеген майда есептер шығарылатын болса, онда  сол есептерді шығару үшін алынған программаның сапасына айтарлықтай мән берілмейді. Транслятордың жұмыс істеу жылдамдығы үлкен рол атқарады.

                Ұзақ есептелетін күрлелі  есептер үшін талап етілетін машиналық уақытты және  программаның орындалуы үшін қажетті жадтың көлемін  ескере отырып транслятордың жасаған программаның  ұтымдылығы ең маңызды рол атқарады. Мұндай ұтымды  программалар алу трансляциялау алгоритмдерін  күрделендіре түсуді талап етеді, ол трансляторды  күрделендіре түсуге және оның жұмыс істеу уақытын  арттыруға алып келеді. Осыған байланысты программалау  жүйесінің өзінде тіптен бір программалау тілі үшін де бірнеше  әртүрлі трансляторлар қарастырылады, ал пайдаланушы  өзіне ең керекті трансяторларды таңдап  алады.

   Трансляциялаудың жалпы схемасы мына төмендегі суретте  көрсетілген.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin
Просмотров: 1609 | Загрузок: 571 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]