Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 16.11.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

В категории материалов: 152
Показано материалов: 141-150
Страницы: « 1 2 ... 13 14 15 16 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Сұраныс аспектілері
Сұраныс – бұл тәуелділік
Баршамыз да "сұраныс" туралы ойша пікір түйеміз: бұл белгілі бір игіліктерге деген қажеттілік. Экономикалық теорияда әдетте "төлем қабілетті" сұранымды сатып алушылардың төлей алатын ақша қаражатының көлеміне ие сұранымды айтады.
Алайда, мұндай түсінік экономистер сұраныс деп түсінетіннен қөрінетін бөлігін ғана құрайды. Қатаң экономикалық мәнінде сұраным тауарды сатып алудың мүмкін көлемі мен осы сатып алуға кететін шығын көлемі тәуелділігін сипаттайды. Бұл тәуелділікті мынадай формула түрінде көрсетуге болады:

Д - сұраным көлемі; р - баға. ;
Сұраныс
Тауарларды сатып алудың мүмкін көлемі - оны сатып алуға кететін шығын көлемі ... Отандық экономикалық теория мен тәжірибе үшін бұл -экономика тиімділігінің жаңа формуласы, себебі, нарық болмаған жағдайда, оны басқаша, мына сипатта қолданды:
Экономика | Просмотров: 822 | Загрузок: 223 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Стилистика және оның проблемасы 

Қазақ тілінің функционалды стильдерінің бір-бірінен өзгешелік белгілері осы уақытқа дейін айтылып келеді. Осы басты белгілер отандық тіл ғылымы мен орыс тіл ғылымының ортақ танымдық деңгейінің көрінісінің нәтижесінде қаралып келеді. Ол тек стилистика ғылымына ғана қатысты емес, тіл ғылымының басқа салаларына да қатысты деп айтуға болады. Бұның басты себептері - тілдегі функционалды стильдердің анықтамасы, зерттеу бағыттары, түрлері, стильдердің табиғаты, лингвистикалық тілдік кұрылымның болмысы, ортақ, бірдей немесе ұқсас қызметінің әмбебаптық сипаты,т.б. Адамзат болмысының қоғамдық өмірде санасы, қабілеті,талғам-өрісі кеңейген кезде, ғылымның ғажайыптары игеріліп, жаңа техника мен компьютерлік жүйенің дұрыс немесе кері ықпалы жетілген тұсында стильдердің әр саласының атқаратын қызметі күннен күнге күрделеніп отыр. Қазақ тіл ғылымында функционалды стильдерді былайша топтастырып жүр: 1) ауыз -екі сөйлеу стилі; 2) ғылыми стиль; 3) ресми стиль; 4) публицистикалық стиль; 5) көркем әдебиет стилі. Бүгінгі таңда стилистика ғылымының негізгі теориялық әрі практикалық мәні артып, функционалды стильдерінің қоғамдық қызметі артқаны белгілі, сондықтан тілдің стильдік табиғатты жан-жақты тану, тереңнен зерттеу талабын міндетке алып отыр. Стиль туралы М.Серғалиев 4 түрлі қасиетін былай түйіндейді: 1) Әдеби тілдің бір түрі; демек сол тілде сөйлейтін баршаға түсінікті сөздер мен конструкциялар; 2) Стиль - тарихи категория; 3) Стиль- қоғамдық қызметтің бір саласында жұмсалады; 4) Тілдік кұралдардың қалай болса тіркескен тобы емес, шартты тұйықталған тобы. Бұл тұжырым стиль жөнінде айтылған "белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолдану принциптері" деген анықтамалардың кеңейген, қазіргі стиль мәселесіне терең үңіліп, әртүрлі қасиетін танудан туған деп айтуға болады. 
Экономика | Просмотров: 1818 | Загрузок: 297 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Құбылыстардың арасындағы өзара байланысты статистикалық өлшеу
6.1 Байланысты статистикалық өлшеудің мәні құбылыстардың арасындағы объективті бар  байланысты зерттеуде және байланыс моделін құруда

Таќырып № 12. ¤ндіріс тиімділі статистикасы.
12.1 Ќоѓамдыќ µндіріс тиімділігі мєні.
12.2 Пайда- кєсіпорын шаруашылыѓы нєтижесініњ негізгі кµрсеткіші.
12.3 Пайдалылыќ -µткен кезењдегі ењбекті пайдалану тиімділігініњ кµрсеткіші ретінде.
12.4 Негізгі ±ѓымдар.

12.1 Ќоѓамдыќ µндіріс тиімділігін  статистикалыќ зерттеу мєні ќоѓамдыќ µндіріс тиімділігініњ  жалпы жєне жеке кµрсеткіштерін  зерттеу, тиімділіктіњ экономикалыќ талдауын ж‰ргізу жєне жеке факторлардыњ оныњ дењгейіне, динамикасына єсерін айќындау.
Экономикалыќ тиімділік  - б±л экономикалыќ эффект кµрсеткішініњ жетістік немесе ресурс шыѓындарына бµлінгенде аныќталатын ќатысты шама.
Тиімділікті жоѓарылатудыњ негізгі маќсаты – ќосымша шыѓынсыз ќосымша тиімділікті алу. Б±ѓан ресурстар мен аѓымдыќ шыѓындарды ‰немдеу есебінен жетеді.
¤ндірістік жєне шаруашылыќ іс-єрекет нєтижесі кµрсеткіштеріне:
1) жалпы шыѓарылым (валовый выпуск);
2) жалпы ішкі µнім;
3) жалпы ќосымша ќ±н;
4) жалпы ±лттыќ табыс;
5) пайда.
¤ндіріс ресурстары кµрсеткіштеріне жатады:
1) тірі ењбек;
Экономика | Просмотров: 1253 | Загрузок: 70 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Экономикалық индекстер

5.1 Статистика практикасында, индекстер орта шамалармен қатар статистикалық жиынтық бірліктерінің қорытындылама сипаттамасы болып табылады. Индекс- уақыт ішінде, кеңістікте немесе жоспармен кез-келген әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың шамасының қатынасын көрсететін қатысты шама. Сонымен қатар индекстер бір көрсеткіштердің мәнінің өзгерісінің басқалардың динамикасына әсерінің деңгейін анықтайды, нақты бағадан салыстырмалы бағаға макроэкономикалық көрсеткіштердің  ауысуының  мәнін есептецді, әр аймақ бойынша көрсеткіштер қатынасын өлшейді және т.б.
Индекс сөзі көрсеткіш деген мағынаны береді. 
Үйреншікті жағдайда салыстырмалы көрсеткіштер әртүрлі элементтерден тұратын құбылыстарды сипаттайды, оларды өлшеу мүмкін еместігінен қосуға болмайды.
Экономика | Просмотров: 2324 | Загрузок: 76 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Ішінара бақылау

1. Ішінара бақылау-бұл жаппай емес бақылау, мұнда зерттеуге жататын бірліктер кездейсоқ тәртіппен алынады, алынған бөлік зерттеледі, ал нәтижесінде алынған бірлік бөлігі жиынтықты көрсетеді, тек кішірек масштабта.
Ішінара бақылау мәні:
қысқы мерзімде және азайтылған еңбекпен, материалдармен және ақшалай шығындармен жүргізіледі;
жаппай бақылауды жүргізу мүмкін емес жағдайда жүргізіледі, себебі кейде ішінара бақылау ғана жүргізілуі мүмкін, мысалы өнімнің сапасын тексеруде алынған бірліктер жойылатын болса; 
жаңа әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды алдымен статистикалық талдау әдісін дамыту үшін ішінара әдіспен зерттейді. М: шағын кәсіпкерлік, тауар нарығы және т.б.
бақыланатын жиынтықтың шағын көлемі тіркеу қателегі санын азайтады.
Ішінара бақылау мақсаты – алынған бірлік бөлігі белгісінің орташа мәнін пайдаланып, жетерлік дәлдікпен сол топтағы барлық бірліктердің көрсеткіштернің  шамасы туралы қорытынды беру.
Ішінара бақылаудың негізгі мінездемелеріне жатады: іріктеме көлемі, жалпы жиынтық көлемі, орташа ішінара, жалпы орташа, ішінара бөлік, жалпы бөлік.
Экономика | Просмотров: 2719 | Загрузок: 64 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Динамикалық қатарлар

3.1 Динамикалық қатардың мәні-қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси және мәдени құбылыстарының даму заңдылығын айқындауда және зерттеуде. Уақыттағы құбылыстың өзгерісін сипаттайтын статистикалық мәліметтер динамикалық қатарлар деп аталады.
Динамикалық қатарлар абсолюттік, қатысты және орта шамалар қатарларына бөлінеді. Уақыт белгісі бойынша абсолюттік шамалардың динамикалық қатарлары мезетті және интервалды болып бөлінеді.
Белгілі бір  уақыт аралығында қоғамдық құбылыстың даму деңгейін сипаттайтын динамикалық қатарлар интервалды деп аталады.
Динамиканың әр қатары 2 элементтен тұрады: 1) уақыт немесе мезет кезеңі 2) қатар деңгейі. Динамиканың көрсеткіштер жүйесіне: 
абсолюттік өсім;
өсу деңгейі;
өсім деңгейі;
1 процент өсімнің абсолюттік мәні;
өсімнің орта жылдық деңгейі.
Абсолюттік өсім  - қатардың алдыңғы  (базисті) және кейінгі деңгейінің арасындағы әртүрлілік.
 ;     т - тізбекті
 ;        баз- базисті
Орташа абсолюттік өсім:
 ;     т - тізбекті
 ;   баз- базисті
Өсу қарқыны (Өқ)- динамикалық қатардың деңгейлерінің қатынасы, ол коэффициентпен және пайызбен көрсетіледі:
   Өқ   ;                       Өқ   ;
Экономика | Просмотров: 4656 | Загрузок: 76 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Статистикалық көрсеткіштер және бөлу талдауы.

2.1 Статистикалық көрсеткіштер жиынтықты белгілі бір белгісі бойынша, құрамы бойынша сипаттайды, кеңістікпен уақыттағы өзгерісінің жағдайы мен тенденциясын көрсетеді. Статистикалық көрсеткіштің мағынасы зерттейтін құбылыстар мен процестердің нақты құрамының көрінісі бола тұрып, статистикалық көрсеткіш танымның құралы болып табылады. 
Статистика теориясында нақты объектілердің құрамының көрсеткішін және осы құбылыстың нақты мазмұнына тәуелді кез-келген қоғамдық құбылыстар мен процестердің статистикалық құрамының көрсеткішін бөледі. Біріншісінде нақты статистикалық көрсеткішті және көрсеткіш-санатты бөліп қарайық.
Нақты статистикалық көрсеткіш – зерттелетін құбылыстың немесе процестің нақты бір уақыттағы және нақты бір орындағы көлемін, шамасын сипаттайды. Егер біз өнеркәсіптегі өнім өндірісі көлемінің нақты шамасын айтатын болсақ, онда оны өндңрген кәсіпорынды, орынын және уақытын айтуымыз керек.
Экономика | Просмотров: 4377 | Загрузок: 81 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Статистика теориясына кіріспе.

1.1 Статистика - мақсаты әр түрлі қоғамдық құбылыстарға жататын мәліметтерді жинақтау, реттеу, талдау және салыстыру болып табылатын қоғамдық ғылым. 
«Статистика» термині латын тілінің статус(статус) деген сөзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірі stato (стато) – «мемлекет» және statista (статиста) – «мемлекет білгірі» деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды. Бұл терминді алғаш неміс ғалымы Г.Ахенваль 1749 жылы мемлекеттану атты кітабын шығарып енгізді. Статистиканың ғылым ретінде қалыптасуы XYII 
болып табылады. Бірінші деңгей – статистиканың жалпы теориясы. Екінші деңгейде экономикалық және әлеуметтік (әлеуметтік-демографикалық) статистика.
Экономика | Просмотров: 2067 | Загрузок: 80 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Табыс
МАҚСАТЫ
Қаржы есептілігін дайындау және таныстыру принциптерінде акционерлердің салымдарымен қатысы жоқ капиталдың көбеюіне әкеліп соқтырған есепті кезеңінің ішінде активтердің көбеюі немесе азаюы немесе міндеттемелердің азаюы нысанында табыс экономикалық пайданың ұлғаюы ретінде танылады. Табысқа компанияның түсімі де, басқа түсімдер де кіреді. Компанияның табысы - олар қызметтің әдеттегі түрлерінен келіп түскен қаражаттың түсуі, олар әр түрлі аталады, оның ішінде сату, сыйақы, пайыздар, дивидендтер және лицензиялық төлемдер. Осы стандарттың мақсаты белгілі бір операциялардың және жағдайлардың түрлерінен пайда болатын табыстардың есептеу тәртібін анықтауынан тұрады. 
Табысты есепке алу кезіндегі басты мәселе оны тану кезеңін анықтаудан тұрады. Табыс компанияның сенімді түрде өлшенетін болашақ пайданы алу мүмкіндігі болған жағдайда танылады. Осы Стандарт бұл белгілерді қанағаттандыратын жағдайларды анықтайды және осылайша табыс танылады. Сонымен қоса, оның ішінде бұл белгілерді қолдану бойынша тәжірибелік нұсқаулар бар.
Экономика | Просмотров: 3534 | Загрузок: 316 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

Табиғатты аграрлық мақсатта пайдалану экономикасы

Жоспар


Кіріспе
1.1. Аграрлық секторда топырақ ресурстарының маңызы.
1. 2.  Экономика жағдайында жел және су эрозиялары.
1.3.  Жерді рекультивациялау.
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер


1.1.  Аграрлық секторда топырақ ресурстарының маңызы.
Лтосфера – (грекше – Iithos – тас + sphair – ifh) – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30 – 80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.
Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмесфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер микроорганизмдер мен жануарлар арасвндағыайналымы- кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір – бір мен тығыз байланысты.
Топырақтың табиғи ландашфаттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекелеген экожүйе деп қарастыруға болады. 
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғ басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін - өзі реттеуге қаблиетті табиғи – тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихы мен тау жыныстармен, климатымен, өсімдіктерімен, тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен.
Экономика | Просмотров: 1138 | Загрузок: 231 | Добавил: Admin | Дата: 19.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 121-130 131-140 141-150 151-152