Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Сұраныс аспектілері


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

[ Скачать с сервера (56.5Kb) ] 19.02.2014, 22:21
Сұраныс аспектілері
Сұраныс – бұл тәуелділік
Баршамыз да "сұраныс" туралы ойша пікір түйеміз: бұл белгілі бір игіліктерге деген қажеттілік. Экономикалық теорияда әдетте "төлем қабілетті" сұранымды сатып алушылардың төлей алатын ақша қаражатының көлеміне ие сұранымды айтады.
Алайда, мұндай түсінік экономистер сұраныс деп түсінетіннен қөрінетін бөлігін ғана құрайды. Қатаң экономикалық мәнінде сұраным тауарды сатып алудың мүмкін көлемі мен осы сатып алуға кететін шығын көлемі тәуелділігін сипаттайды. Бұл тәуелділікті мынадай формула түрінде көрсетуге болады:

Д - сұраным көлемі; р - баға. ;
Сұраныс
Тауарларды сатып алудың мүмкін көлемі - оны сатып алуға кететін шығын көлемі ... Отандық экономикалық теория мен тәжірибе үшін бұл -экономика тиімділігінің жаңа формуласы, себебі, нарық болмаған жағдайда, оны басқаша, мына сипатта қолданды:

Бірақ - бұл өнім өндіруші тұрғыныснан қарағандағы экономика тиімділімнің формуласы. Бұл формулада тұтынушы толық ескерілмей қалады, олай болатыны мұнда тиімділік өлшемі өндірістің ғана шеңберінде тұйықталып қалған. Ал, сатып алу, яғни алғанда сатып алушының шығындар мөлшері мен сапасы жағынан өнім өндірушінің шығындарынан бөлекше болып келеді.
Кешегі Кеңес экономикасы тұтынушы емес, дәл осы енім өндірушіге бағдарланғаны, тарихта бұрың болып көрмеген "шығындық" экономика жасағаны құпия емес. Осыдан да отандық саяси экономия сөз жүзінде экономиканың төрт сатылы құрылымын ("өндіріс" - "бөлу" - "айырбас" -"тұтыну") мойындап, ал іс жүзінде өндірістік процестерді талдаумен шектелді, айырбас тіпті тұтынудағы айырбас туралы "үн шығаруды" артық санады. Осыған қарамастан экономикалық тиімділіктің жалпы формуласы ("нәтиженің" және "шығындардың" ара қатынасы) экономика салаларына тәуелді түрде өзгеріп отырады. (5 тақырыпқа арналған сызбаны қараңыз).
Бұл формулаға ортақ нәрсе: "бөлгіш" (қорытынды) қаншалықты аз болса тиімділік те, өндіріс те, тұтыну да соншалықты жоғары болмақ.
Экономика тиімділігінің өсуі өндірілген өнімнің саны сатып алған тауарлардың санымен, ал өнім өндіруге кететін шығындар көлемі - тауар сатып алуға жұмсалатын шығындар көлемімен дәл келетін беталыспен (тенденция) сипатталынады. Сөз бұл жерде жалпы экономикалық сипаттағы  "беталыс"     туралы     ғана     екені     түсінікті.
Шындығында да коғамдық өндірістін әрбір жаңа сатысы осы екі формуланың - алымы да (және "бөлгіш" де) барынша көп сәйкес келуін білдіреді. Бірақ, тәжірибеде өндірілген өнімнің саны әрқашанда сатып алынған тауарлардың санынан асып түсетін болады, себебі, кез келген тауар өндірілген өнім болып табылады, бірақ, кез келген өнім өндіруге кеткен шығын көлемі әрқашан да тауарды сатып алуға кеткен шығындар көлемінен асып отыратын болады.
Осыдан да өндірісті де, тұтынуды да келістіріп, біріктіретін экономикалық тиімділіктің нарық жағдайындағы формуласы қоғам жұмсаған барынша шығындардың ең аз нәтижелерге қатынасы болып табылады. Нарықтық экономикада "ең аз нәтиже" - бұл сатып алынған тауарлар саны, ал, "барынша шығындар" - бұл өнім өндіруге кеткен шығындар көлемі осыдан да.


Қаралып отырылған категориялардың барлығы -тиімділік те, сұраным да, әлдеқандай бөлектелінген, дербес қөлемдер емес - тәуелділіктер, байланыстар, қарым-қатынастар екенділігінін ұғыну маңызды. Осының өзі экономика ғылымына математикалық аппаратты кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.
Сұраныс деп   тұтынушылардың   белгілі   бір   өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. "Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты   көрсетеді.   Олардың   бірнеше   баламалы   мүмкіндіктерін кесте түрінде былай көрсетеді.

Сұраныс заңы
Егер де қандай да болмасын қажеттілік, тек қана тиісті тауарды (қызмет түрін) төлеу арқылы қанағаттандырылса, онда бұл төлеудің (тауар бағасының) көлемі сатып алынатын тауарларды тандауға да, оларды сатып алу көлеміне де тигізеді.
Шартты мысалды қарастырып көрейік. Сатуға тауардың алты (дана) бірлігі ұсынылды делік. Төлем қабілетті сұраным да алты ақша бірлігіне тең деп есептейік. Сонда біз ұсынымның көлемі сатып алынған тауарлардың көлеміне сәйкес  келеді  деп  айта   аламыз  ба?  Бұлай  деп  айтуға болмайды - бәрі де баға деңгейіне тәуелді.
Шынында да, егер тауар бірлігінің бағасы алты ақша бірлігіне тең болса онда сатып алушылар тауардың бір бірлігін ғана сатып ала алады (үш, екі және бір ақша бірлігі бағасы жағдайында тиісінше екі, үш және тауар бірлігі сатылып алынады).
Бір тәуелділіктер қатарын көрнекті түрде көсетіп көрейік:
Тауар ұсынымы (тауар бірлігі) Бағасы Төлем қабілетті сұраным (ақша бірлігі) Сатып алынған тауарар саны
6 1 6 6
6 2 6 3
6 3 6 2
6 6 6 1

Осы мысал арқылы сұраным заңын түйіндеп айта аламыз. Бірақ алдын-ала біздің тәуелділікті сызба түрінде бейнелейік (5 тақырыпқа арналған I - сызбаны қараныз), тік сызық осы бойынша бағалар деңгейіне "Р" әрпімен белгілей отырып (ағылшының "рrісе" - "прайс", яғни баға деген сөзінен шыққан) ал, көлбеу сызық бойынша - сатып алынған тауар санын, яғни өткерілген сұраныс көлемін "Q" әрпімен белгілейміз (ағылшынның "Quantity" "квонтити", яғни сан сөзінен шыққан және оны "d" бас әрпімен (ағылшынның "demand" - "дәмандн", яғни сұраныc сөзінен шыққан) қоса белгілейміз, себебі, "Q" символы сұраныс көлемін ғана емес, ұсынымның келемін де білдіре алады, сонда оған "S" (ағылшының "Suррlеу" - ''съплай" (яғни ұсыным сөзінен шыққан) қосылады. "Бұл символды "Qs" келесі тақырыпта пайдаланатын бoламыз.
1 - сызбадан көрініп тұрғандай баға мен тауарларды сатып алу сандары арасындағы кіріс (немесе ұнамсыз) тәуелділік бар. Бұл сұраныc заңы формуласын " " математикалық белгісі ("дельта" - "өзгеру", мұнда бұл белгінің барлық өзгерістерді: өсу мен кемуді де білдіретінін есте ұстау манызды) қолданнып жаза аламыз:


Сұраным заңының мәнін қарапайым тұрде баяндауға болады: тауардың бағасы қаншалықты төмен болса, оның соншалықты көп саны сатып алынатып болады (немесе көрісінші). Сызбадан қисық сызық шындығында да сұраным көлемінің баға деңгейіне тәуелділігін бейнелейді. Бұл заңды шын мәнінде "игілікті" деп есептеп, мұндай кері функционалды тәуелділіктің метематикалық көрінісін жазамыз:

демек баска жағдайда:

деп, сұраныс заңы деп атауға болады, себебі, әрқашанда бағаның кез-келген төмендеуіне сергек жауап қайтарады.
Сұраныс заңымен бірінші рет танысқан адамның таңдануын көзге елестетуге болады, ол "бұл дегеніңіз айқындылық қой" деп ойлайды. Әйткенмен, біздің алдымызда тұрғаны шынында да нарықтық экономиканың ең елеулі заңдарының бірі, экономикаға нарықтық сипат беретін, тұтынушының аса қуатты қорғанышы. Міне, осы себептен де бұл заңды талдауға кез-келген оқулықта жетекші орын берледі.
Сұраныс заңын түсіну үшін тәуелділіктің "неден", "неге" байланысты екендігінің, мұнда бағаның сұранымнан, немесе сұранымның бағадан тәуелділігінің  қандайлығы  бейтарап калдырар   нәрсе   емес.   Сұраныс   заңы   -   бұл   сұраныс бағамен   тек  қана   бағамен   анықталатын  экономикалық нұска болып табылады. Сұраныс заны-.бұл сұранымның баға деңгейіне үн қатуының тәуелділгінің заңы, бағаның сұраным көлеміне ықпалы туралы заң. Және тағы бір жағы: - сұраныс заңы сұранымның көлемінен түсетін   ұсыным   жағдайында   ғана   әрекет ететіндіктен нарықтық заң болып табылады.     
Сұраныс көлемі - сұраныска әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.
2.1-кестеде    берілген    көрсеткіштерді    координаттар осіне  түсіріп,  бейнелеуге  де  болады.   Бұл  қисықты әрпімен белгілеп, оны сұраныс қисыгы деп атаймыз. 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 479 | Загрузок: 169 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]