Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экономика [ Добавить материал ]

Экономикалық индекстер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

19.02.2014, 22:08
Экономикалық индекстер

5.1 Статистика практикасында, индекстер орта шамалармен қатар статистикалық жиынтық бірліктерінің қорытындылама сипаттамасы болып табылады. Индекс- уақыт ішінде, кеңістікте немесе жоспармен кез-келген әлеуметтік – экономикалық құбылыстардың шамасының қатынасын көрсететін қатысты шама. Сонымен қатар индекстер бір көрсеткіштердің мәнінің өзгерісінің басқалардың динамикасына әсерінің деңгейін анықтайды, нақты бағадан салыстырмалы бағаға макроэкономикалық көрсеткіштердің  ауысуының  мәнін есептецді, әр аймақ бойынша көрсеткіштер қатынасын өлшейді және т.б.
Индекс сөзі көрсеткіш деген мағынаны береді. 
Үйреншікті жағдайда салыстырмалы көрсеткіштер әртүрлі элементтерден тұратын құбылыстарды сипаттайды, оларды өлшеу мүмкін еместігінен қосуға болмайды.
Индекстер қатысты санмен көрсетіледі. 
Индекстер мәні мынада:
- ұлттық экономиканың дамуын толық және жеке салалары бойынша сипаттайды;
- кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижесін талдайды;
- маңызды экономикалық көрсеткіштерді құруда жеке факторлардың ролін зерттейді;  
- өндіріс резервтерін айқындайды және т.б.
индексті әдістің өзінің символикасы мен терминологиясы бар:
q-натуралды формадағы кез-келген бір өнімнің саны (көлемі);
p-тауар бірлігі бағасы;
z- өнім бірлігінің өзіндік құны;
T- уақыттың жалпы шығыны (Т=p*q) немесе жұмысшыларды саны
П- егіс көлемі
У- егіншілік
p*.q- берілген түрдің өндірілген өнімнің жалпы құны
z.*q- барлық өнімді өндіруге кеткен шығындар
5.2 Индекстер топтамасы:
құрастыру формасы бойынша:
- агрегатты;
- орташа;
салмағы бойынша:
- тұрақты салмақпен;
- ауыспалы салмақпен;
зерттейтін объектінің сипаты бойынша:
- сандық көрсеткіштер индексі;
- сапалық көрсеткіштер индексі;
құбылыстың құрамы бойынша:
- ауыспалы құрам индекстері;
- тұрақты құрам индекстері;
Индекстерді есептеуде салыстырмалы деңгейді және базисті деп аталатын салыстыру жүргізілетін деңгейді бөліп қарайды. Салыстыру базасын таңдау зерттеу мақсатымен анықталады.
5.3 Бір аттас құбылыстардың динамикасын зерттеу салыстырудың, динамикалардың  және жоспарды орындаудың  белгілі қатысты шамалары  болып табылатын жеке индекстер (і) көмегімен зерттеледі.
Салыстырылмайтын элементтерден тұратын жиынтықтарды өлшеу топтық немесе жалпы индекстер көмегімен зерттеледі.
Соңғылары құрастыруәдісі бойынша агрегатты индекстер және жеке индекстерден орташа салмақталған  болып бөлінеді.
5.4 Негізгі индекстердің арасында өзара байланыс бар, олар бір индекстің негізінде басқа индекстерді алуға мүмкіндік береді:
- өнім құны индексі- бағалар мен өнімдердің физикалық көлемінің индекстерін шығару,
- өнім шығыны индексі дегеніміз өнімнің өзіндік құнының индексін шығарылған өнімнің физикалық көлемінің индексіне шығару;
- тауарайналым индексі – баға индексі мен тауарайналымның физикалық көлемінің индексін шығару.
Егер сапалық көрсеткіштер индексі ағымдық кезең деңгейінде  алынған салмақтар негізінде құрастырылған болса, онда қарастырылған жоғарыдағы агрегатты индекстер, с.қ. олардың элеметтері бір-бірімен өзара байланысты.
Негізгі ұғымдар:
Жеке индекстер- әртүрлі элеметтердің жиынтығын өлшеуді сипаттайды, оны құратын бөлік тікелей өлшенбейді.
Индекс салмағы – индекстелетін шамалардыөлшеу мақсатына қызмет ететін шама.
Базисті индекс – салыстыру базасы болып  саналатын кезең деңгейі мен ағымдық деңгейді салыстыру арқылы алынатын индекс.
Тізбекті индекс – ағымдық деңгей мен алдыңғы деңгейді салыстыру жолымен алынатын индекстер.
Орташа индекс – жеке индекстерден орташа шама үстінде шығарылып алынатын индекс.
Өзгермелі құрамның индексі - әр түрлі уақыт кезеңдеріне жататын зерттелетін құбылыстың орташа деңгейінің қатынасын көрсететін индекс.
Тұрақты құрам индексі -  индекстелетін шамалардың өзгеруі есебінен зерттелетін құбылыстың орташа мәнінің өзгеруін көрсететін индекс.
Құрылымдық қозғалыс индексі – зерттелетін құбылыстың құрылымының өзгеруі осы құбылыстың орташа деңгейінің динамикасына әсерін сипаттайтын индекс.
Ласпейрестің құн индексі - өнімнің көлемі және құрылысы өзгермеуі кезінде өнімге бағаның өзгеруін көрсетеді. 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экономика | Добавил: Admin
Просмотров: 1301 | Загрузок: 66 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]