Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 20.1.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

В категории материалов: 108
Показано материалов: 21-30
Страницы: « 1 2 3 4 5 ... 10 11 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

ЖҚТБ – ғасыр дерті

 

ЖҚТБ - дегеніміз  Жұқтырылған Қорғаныш Тапшылығының Белгісі деген мағынаны білдіреді. Бүгінгі таңда адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышынан (АҚТҚ) туындайтын аса қауіпті дерт. АҚТҚ, ең алдымен организмнің әр түрлі ауруға қарсы тұруын қамтамасыз ететін имундық жүйесін зақымдайды. Имундық жүйе клеткаларының өлуі біртіндеп адамды сырқаттану факторларының алдында өорғанышсыз етеді. ЖҚТБ- мен ауыратын науқастардың өлімі әдетте өкпенің, нерв жүйесінің, қатерлі ісіктердің зақымдалуынан туындайды. Инфекцияның көзі ЖҚТБ- мен ауыратын науқас немесе АҚТҚ - ны жұқтырушы адам. Вирус қанда, спермада қынап сұйықтықтарында, омырау сүтінде көп болады.  Адамның түкірігінде, терісінде, көз жасында, нәжіс жолдарында және басқада физиологиялық сұйықтықтарында аздап қана кездеседі. АҚТҚ адам организіміне түскен кезінде ауру жұғады.  АҚТҚ бұдан бұрын АҚТҚ - ны жұқтырған адам пайдаланған зарасыздырылмаған шприцтерде, инелерде, соның ішінде таңба салуға арналған инелерде тұрып қалған қан қалдықтарымен бірге, сау адамның организіміне түсуі мүмкін. Бұл ауру қанмен ластанған кесетін заттарды, мысалы: ұстараның жүзін, ұстараны, пышақты, қайшыны падаланған кезде организмге енуі мүмкін. Қанның бөлшектері аспаптарда немесе олардың ішкі жағында көзге көрінбей қалып қоюы мүмкін. АҚТҚ  қан құю үшін пайдаланатын жұқтырылған қан мен кейбір қан өнімдері арқылы берілуі мүмкін.   Алайда біздің елімізде донорлық қанды мұқият тексеру мен өңдеудің арқасында жолмен жұқтыру қаупі жоқтың қасы. Егер инъекциялық есірткіні тұтұнушылардың әрбіреуі жеке шприцпен болсын бір сауыттан алып толтырған болса, оларға АҚТҚ - ны жұқтыру өаупі төнеді. Егер қан есірткіні дайындау процессінде пайдаланылса, АҚТҚ - ны жұқтыру қаупі өте жоғары болады. 

Экология | Просмотров: 12346 | Загрузок: 0 | Добавил: Admin | Дата: 12.06.2014 | Комментарии (0)

Жоспары: 

1. Эволюциялық ілімнің дамуы, Дарвинге дейінгі кезең 

2. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы 

3. Дарвиннің өзгергіштік формалары, заңдылықтары және себептері жайлы көзқарастары. 

4. Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігін дәлелдеу Дарвиннің эволюциялық теориясы 

 

 

Эволюциялық ілім – тірі организмдердің эволюциялық дамуының себептері мен қозғаушы күштері, олардың механизмдері және жалпы заңдылықтары туралы ілім. Эволюциялық ілім биология ғылымының барлық салаларының жетістіктерін қорытындылай отырып, оның теориясы негізі болып саналады. Эволюциялық ілімнің дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастырудағы маңызы зор. Ерте заманғы, орта ғасырдағы және қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар. Жер бетінде тіршіліктің болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың сан алуандығы мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы — адам баласын саңдаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді. 

Экология | Просмотров: 28387 | Загрузок: 78 | Дата: 23.04.2014 | Комментарии (1)

Ядролық қару – жаппай қырып-жою қаруы.


Дүние жүзіндегі ең бірінші атом бомбаларының бірі, салмағы 20т (1950 жылдар)
Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.[1]


Ядролық қару орталығы
Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.

Экология | Просмотров: 3545 | Загрузок: 737 | Добавил: Admin | Дата: 18.03.2014 | Комментарии (0)

Тайшық Кенесарыұлы (1827-1863) - сұлтан. Кенесары Қасымұлының бәйбішесі Күнімжан ханымнан туған. Әкесінің хандық билікті қайта жаңғырту бағытын қызу қолдаған. Кенесары ханның өлімінен кейін өзінің ағайын-туыстарымен бірге Қоқан хандығының қол астындағы Қаратау өңіріне қоныс аударды. Қоқан ханына әскери қызметке кіріп, пансат басы (бес жүз әскердің басшысы) атағын алған. Өзінің әскерімен Ұзынағаш шайқасына қатысқан. Осы шайқастан кейін бауыры [[Ахмет]]пен бірге Ресейдің қол астына өтуге ұйғарым жасады. 1861 жылы қарамағындагы елмен Сырдария бойына көшіп, Сырдария шебінің бастығы ген. Дебудің қол астында болды. 1862 жылы Қоқан бекінісі Жаңақорғанды алуға қатысып, ерлік көрсеткені үшін зауряд-хорунжий шенін алды. Тайшық пен Ахмет сұлтандардың күш салуымен Түркістанға қараған қоңырат, қыпшақтардың бір бөлігі, сунақтардың бір тобы, Шу бойындағы көптеген қазақ рулары орыстардың қол астына өз еріктерімен өтті. Тайшық 1863 жылы Жөлек бекінісі маңында Телқожа батырдың қолынан ауыр жарақат алып, қаза тапқан
Экология | Просмотров: 686 | Загрузок: 86 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

«Тайсойған» полигоны - бүрынгы КСРО Қорғаныс мин-лігі мен Атом өнеркәсібі мин-лігінің сынақ аймағы . Полигон 1952 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында қүрылған. Сынақ ауданының жалпы аумағы 7,5 мың км², зымырандардың түсу ауданының аумағы 12,55 мың км². Полигонды стратег. мақсаттағы зымырандық әскери бөлімдер және әскери- әуе күштерінің бөлімдері пайдаланған. «Тайсойған» полигоны сынақ жұмыстарының түріне қарай 3 телімге бөлінген. 1-телімде («Мақат» алаңында) 40 жыл ішінде әр- қайсысы 5,3 т болатын 300-дей СС-20 баллистик, зымыран- дар сыналды.
Экология | Просмотров: 1155 | Загрузок: 90 | Добавил: Admin | Дата: 06.03.2014 | Комментарии (0)

Аристотель (грекше: Ἀριστοτέλης Aristotélēs) (б.з.д. 384 – б.з.д. 322 жылдар) — грек пәлсапашысы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.
Сократ және Платонмен бірге Аристотель батыс пәлсапасының ең маңызды, оның негізін қалаушы тұлғалары ретінде қарастырылады. Ахлақ, эстетика, логика, ғылым, саясат және метафизика сияқты мәселелерді қамтитын ең алғашқы жан-жақты пәслапалық жүйені құрған — Аристотель. Аристотельдің физикалық көзқарастары ортағасырлық ғылымның қалыптасуына терең әсер етіп, оның ықпалы Ағарту дәуіріне дейін созылды. Бірақ кейін ол қазіргің заманғы физикаға орын беруге мәжбүр болды. Биологиялық ғыцлымдарда, ол жасаған кейбір бақылаулардың дұрыстығы тек 19-шы ғасырда ғана расталды. Оның еңбектерінде ең алғашқы логикалық зерттеулер жасалған, соның негізінде 19-шы ғасырда қазіргі заманғы формалды логика ғылымы қалыптасты. Аристотельдің метафизикалық ілімі яһуди және мұсылман пәлсапаларына зор ықпал жасады. Ал оның мәсіхшілік пәлсапаға әсері, әсіресе Шығыс православ шіркеуінің пәлсапасына және Рим католик шіркеуінің пәлсапалық схоластика мектебіне қазір де жалғасып келе жатыр. Аристотельдің пәлсапасының барлық қырлары әлі де терең зерттелуде.
Аристотель кезінде көптеген өте көркем шығармалар мен диалогтар (Цицерон оның әдеби стилін «алтын өзен» деп атаған) жазса да, оның жазбаларының көпшілігі бізге дейін келіп жетпеген. Оның кейбір еңбектері біресе табылып, біресе қайта жоғалып отырды. Кейбір пайымдаулар бойынша, оның жазбаларының тек бестен бірі ғана сақталған.
Экология | Просмотров: 2905 | Загрузок: 125 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:
1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімлі пайдалану;
2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;
3. Жел тұрғанда аспаннан тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу;
4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету;
5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.
Бұл шаралардың теңізді бұрынғы қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға тартуға болар еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды. 
АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген. 
Каспий теңізінен деңгейі бір кезде көтеріліп, бір кезде төмендеп кететіні, яғни ғасырлық тербелісі бұрыннан белгілі құбылыс.
Экология | Просмотров: 3605 | Загрузок: 157 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

УДК 398.22 (574)
А 61
«АЛПАМЫС БАТЫР»  ЖЫРЫНЫЊ ЗЕРТТЕЛУІ

А. Аманбаева, А. М±ќашева
Тараз мемлекеттік педагогикалыќ институты, Тараз қ.

Батырлар жыры - ќазақ ауыз әдебиетінің өте ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі. Батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес.Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып, даму процесінде көптеген өзгерістерге ұшыраған. XIX ғасырда батырлар жыры жазылып ала бастады. Бұл кезеңде көптеген ғалымдар қазақ эпостарын зерттеп, қағаз бетіне түсіре бастаған. Мысалы, Ш.Уәлихановтың, В.Радловтың, Н.Ильминскийдің, Г.Потанинннің, А.Васильевтің, Ә.Диваевтың,т.б. ғалымдардың жинап бастырған еңбектерін ерекше атауға болады.  
Экология | Просмотров: 4272 | Загрузок: 122 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Алматы қаласының экологиясы
Жалпы Алматы қаласы географиялық тұрғыдан алып қарағанда бірқатар экологиялық қолайсыз орын тепкен. Ол негізінен ауа айналымының жоқтығымен түсіндіріледі. Бұл қаладағы жүздеген мың машинаның қала әуе  аймағын улы түтінмен ластауға мүмкіндік туғызып отыр. Бұл қалада өкпе ауруларының өршуінің негізгі факторы болып табылады.  Қалада әсіресі желсіз күндері демалу қиын, мұндай қиыншылықтармен күресу қазір қала билігінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі.  
Сонымен қатар  қалада көптеген өндіріс орындарымен жылу қазандықтары да жағдайды қиындата түсуде.  Осындай жағдайларды ескере отырып жақында бірқатар шаралар белгіленді. Соларға тоқталып өтсек:
27 желтоқсанда Алматы қалалық әкімшілігі ғимаратында қалалық құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 2005 жылды қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатын өткізді. Олар өз салалары бойынша жыл бойы атқарылған жұмыстар жайында әңгімелеп, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
Экология | Просмотров: 6197 | Загрузок: 481 | Добавил: Admin | Дата: 23.02.2014 | Комментарии (0)

Экологиялық индикация (орыс. Экологическая индикация) — экология ғылымы салаларының бірі. Экологиялық индикацияға өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, көліктің, басқа да әр түрлі салалардың мұқтаждарымен және адамның тіршілік ортасын сақтау қажеттілігімен тығыз байланысты теориялық және практикалық мәселелердің үлкен тобы кіреді. Экологиялық индикацияның міндеті — ландшафтың кейбір құрауыштары мен элементтерінің ерешеліктерін анықтау және олардың өзгеру бағытын нақты жағдайда тіршілік етуші организмдердің түр құрамы арқылы айқындау. Экологиялық индикация топырақ типтерін диагностикалау және топырақ түзу процесі бағытының өзгеруін, су мен ауаның сапасын анықтау үшін, пайдалы қазба байлықтарды, әсіресе шашыраңқы орналасқан, әдеттегі геологиялық және геофизикалық әдістермен табылмайтын кендерді іздеуде кеңінен қолданылады.[1]
Экология | Просмотров: 1620 | Загрузок: 87 | Добавил: Admin | Дата: 21.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 ... 91-100 101-108