Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Тайшық Кенесарыұлы


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

06.03.2014, 03:00
Тайшық Кенесарыұлы (1827-1863) - сұлтан. Кенесары Қасымұлының бәйбішесі Күнімжан ханымнан туған. Әкесінің хандық билікті қайта жаңғырту бағытын қызу қолдаған. Кенесары ханның өлімінен кейін өзінің ағайын-туыстарымен бірге Қоқан хандығының қол астындағы Қаратау өңіріне қоныс аударды. Қоқан ханына әскери қызметке кіріп, пансат басы (бес жүз әскердің басшысы) атағын алған. Өзінің әскерімен Ұзынағаш шайқасына қатысқан. Осы шайқастан кейін бауыры [[Ахмет]]пен бірге Ресейдің қол астына өтуге ұйғарым жасады. 1861 жылы қарамағындагы елмен Сырдария бойына көшіп, Сырдария шебінің бастығы ген. Дебудің қол астында болды. 1862 жылы Қоқан бекінісі Жаңақорғанды алуға қатысып, ерлік көрсеткені үшін зауряд-хорунжий шенін алды. Тайшық пен Ахмет сұлтандардың күш салуымен Түркістанға қараған қоңырат, қыпшақтардың бір бөлігі, сунақтардың бір тобы, Шу бойындағы көптеген қазақ рулары орыстардың қол астына өз еріктерімен өтті. Тайшық 1863 жылы Жөлек бекінісі маңында Телқожа батырдың қолынан ауыр жарақат алып, қаза тапқан
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 529 | Загрузок: 74 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]