Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 8.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

«Тайсойған» полигоны


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

06.03.2014, 02:59
«Тайсойған» полигоны - бүрынгы КСРО Қорғаныс мин-лігі мен Атом өнеркәсібі мин-лігінің сынақ аймағы . Полигон 1952 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданында қүрылған. Сынақ ауданының жалпы аумағы 7,5 мың км², зымырандардың түсу ауданының аумағы 12,55 мың км². Полигонды стратег. мақсаттағы зымырандық әскери бөлімдер және әскери- әуе күштерінің бөлімдері пайдаланған. «Тайсойған» полигоны сынақ жұмыстарының түріне қарай 3 телімге бөлінген. 1-телімде («Мақат» алаңында) 40 жыл ішінде әр- қайсысы 5,3 т болатын 300-дей СС-20 баллистик, зымыран- дар сыналды. Зымырандар- дан калган аса қауіпті деп са- налатын 600 кг-дай жанармай (НДМГ) жэне 1200 кг-дай азотты тотықтырушы (АК-27И) зат- тар сол аймақтағы 100 км²-дей жерді ластаған; әскери техника мен құралдардың 1,5 мың г-дай сыньщтары әлі жатыр. 2-телімде, 929 - жазғы сынақ алаңында (ГЛИЦ) әскери-әуе кұштері Сағыз өз-нің батысы мен Үшоба а-ның солт-нде сынақтар жүргізген. 3-телімде қанатты зымырандар 1991 жылдың қыркүйек айына дейін сыналған. Мұндағы сынақ жұмыстары Сағыз өзенінің шығысында жүргізілді. Бұл жерлердегі әскери техниканың сынықтары 2000 т-дай және зымырандардан қалған аса қауіпті жанармай қоршаған ортаға қауіп төндіруде. Полигон аймағында жанармайдың әсерінен пайда болған улы заттар топырақ пен өсімдіктер жамылғысын, жануарлар мен су құбырларын ластады. Су құрамындағы қорғасын, кадмий, талий, мыс жэне темірдің мөлшері шектеулі деңгейден 10-15 есе жоғары болған. Сонымен қатар зымырандар түскен жерлердегі топырақ құрамындағы көптеген элементтердің (қалайы, магний, кальций, марганец, хром, сынап, қорғасын, кобальт, т.б.) мөлшері айтарлықтай жоғарылаған. Қызылқоға ауданындағы қоршаған ортаның ластануынан жергілікті түрғындар арасында өкпе, жүрек, қан тамырлары мен қатерлі ісік аурулары жыл сайын көбейіп отырған. Нәрестелердің өлі тууы, 1-2 жастағы сәбилердің өлімі жоғарылаған
Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 810 | Загрузок: 81 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]