Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Қоршаған орта туралы БҰҰ-ның бірінші конференциясы реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

20.01.2015, 21:11

Стокгольм 1972

Қоршаған орта туралы БҰҰ-ның бірінші конференциясы

 

Қоршаған орта туралы БҰҰ-ның бірінші конференциясының декларациясы (Стокгольм, 1972). БҰҰ –ның Адамды қоршаған орта мәселелері бойынша алғашқы коференциясы Стокгольм қаласында 1972 жылы өтті. Бұл коференция барысында маңызды 3 халықаралық бағдарламалар, 7 үкім және 26 принцип қабылданды. Бағдарламалар: 1. M&B – Адам және Биосфера; 2. GKP – Бүкіләлемдік климатық бағдарлама; 3. GBGP – Бүкіләлемдік биосфера-геосфералық бағдарлама. Конференция декларациясында басты назар қазіргі қоғамның барлық шаруашылық, өндірістік, ғылыми – техникалық бағыттарын эколоияландыру мәселесіне ауысқан болатын. 7 үкімнің тоқетерін айтқанда, бұл сатыға шығу үшін адам өзінің биосфераның қорын тек пайдаланушы ретіндегі ролін сол ресурстарды қайта қалпына келтіруші негізгі күш немесе механизм роліне алмастыру керек. Конференцияның 1-ші принципі: - Адам тек қана таза ауа, таза қоршаған ортаға және берекелі өмірге құқылы ғана емес, сонымен қатар сол ортаны қайта қалпына келтіруге, бұзбауға міндетті. Рио-де-Жанейродағы (1992) және Йоханнесбургтегі (2002) бүкіләлемдік саммиттер. БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау мен дамыту проблемаларына арналған екінші Конференциясы мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өтті. Бұл маңызды конференцияда 114 елдің басшысы мен 178 елдің дипломаттары, 1600 мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері болды. Осы конференцияда қоршаған ортаның проблемалары мен дамуын бір бірінен бөліп қарауға болмайтыны атап көрсетілді, елдің экологиялық, кедейлік және даму деңгейінің бір-бірімен байланыстығы айтылды, сол сияқты әлемдік қоғамдастықтың ХХІ ғасырда тұрақты түрде даму жолына түсу керектігіне шешім қабылданды. Конференцияда 6 бағдарламалар, 27 принциптер қабылданды. Бағдарламалар: 1. Қоршаған орта мен оның дамуы туралы Рио декларациясы; 2. ХХІ ғасыр күн тәртібі; 3. Орманның барлық түрінің тұрақты даму, басқарылу мен сақталу принциптері туралы Өтініш; 4. Климаттың өзгеру проблемаларының Рамалық Конвенциясы; 5. Биоәртүрлілік бойынша Конвенция; 6.Тұрақты даму концепциясы. 2002 жылы Йоханнесбургте (Оңтүстік Африка) өткен тұрақты даму бойынша жоғарғы деңгейдегі Дүниежүзілік кездесудің Декларациясы мен шешімдерін орныдау жоспарында қайта білім берудің негізгі факторларының бірі ретінде білім беру жүйесінің барлық тұрақты дамыту тұжырымдамасын енгізу қажеттігі атап көрсетілді. Бұл жоғарғы деңгейдегі кездесу қызығушылық танытқан жақтардың үлкен тобын ұйымдастырды. 22 мыңнан астам қатысушы болды, соның ішінде 100 – ден астам мемлекет басшылар, 8000-нан астам ҮЕҰ (үкіметтік емес ұйымдар)-ң белсенділері, бизнесмендер, 4000-нан астам БАҚ қызметкерлері есептелді. Мемлекет-жақтастар Тұрақты даму бойынша Йоханнесбург Декларациясын және Шешімдердің орныдалу Жоспарын талқылап, қабылдады. Бұл кездесу тұрақты дамудың халықаралық күн тәртібіндегі маңызды сұрағы екенін тағы бір дәлелдеді. Тұрақты даму концепциясы құжатына толықтырулар мен өзгертулер енгізіліп, жаңа әлемнің сипатына сай жасалды.Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияда Киото хаттамасына қол қойды. Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктей отырып, І қосымшаның Тараны болады. Қазақстанның Киото хаттамасын бекітудің мақсатқа лайықтығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердіңң Қазақстанның экономикасына әсері туралы зерттеулер жүргізу қажет. Талассыз экологиялық тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістік энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар жөніндегі перспективалары ашады. Киото хаттамасын біткеннен кейін нақты жобалар мен іс-шараларды іске асыруды көздейтін Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама әзірленетін болады. Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады. Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сананы қалыптастыру қажет. Әрбір экономикалық табысымыз үшін табиғат бізден кек алады. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 3911 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]