Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Экология [ Добавить материал ]

Халықаралық табиғат қорғау ынтымақтастығының тарихы реферат


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

20.01.2015, 21:20

Халықаралық ынтымақтастықтың тарихы

Халықаралық табиғат қорғау ынтымақтастығының тарихы

Халықаралық табиғат қорғау ынтымақтастығының тарихы әлемдегі жануарлар әлемін сақтау және пайдалануды реттеу жөніндегі келісімді жасаудан басталған. Бұдан 127 жыл бұрын 1875 жылы Австро – Венгрия және Италия құстарды қорғау декларациясына қол қойған. 1882 жылы бірнеше Европа мемлекеттері Париж қаласында ауыл шаруашылығына пайдалы құстарды қорғау жөніндегі бірінші конвенцияға қол қойды. Халықаралық келісім көбінесе балық, кит және теңіз жануарларын қорғау үшін жасалады. Солтүстік мұхиттағы балық аулауды реттеу жөніндегі тәртібі 1882 жылы жасалып, қазіргі таңда осы сала бойынша 70-тен астам келісімдер бар. 
1954 жылы теңіз суларының ластануы проблемасы жөнінде Лондонда 20 ел қойған конвенция, теңізді мұнай өнімдерімен ластауды болдырмауға қол қойды. Келісім бойынша мұнай және мұнай қоспаларын қол қойған елдердің жағалауларына 80-250 километр қашықтық аралығында тастауға рұқсат етілмейді. Кейіннен осы сферада жаңадан конвенцияларға (1972, 1973 ж.ж.) қол қойды, онда суларға шайынды және радиоактивті қалдықтарды тастауға қатаң шаралар қарастырылған. Қазақстан әлемнің дамыған елдерімен ғарышты бірігіп пайдалану жөніндегі келісім – шартқа отырған. Каспий теңізіндегі экологиялық тепе – теңдікті және ондағы табиғи ресурстарды қорғау жөнінде Иран, Ресей, Өзбекстан, Түркменстан елдерімен ынтымақтастық шарттарға қол қойған.Айнала қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың ең алғашқы қадамдары бұдан 32 жыл бұрын басталған болатын. 1970 жылдардың басында, қоғам мен табиғат арасында жеткілікті экология – экономикалық проблемалар адамзатқа әлемдік қауіп туғызатын, оның салдарынан планета биосферасына үлкен өзгерістер болатындығы белгілі болды.

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Экология | Добавил: Admin
Просмотров: 604 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]