Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 15.11.2018
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Биология [ Добавить материал ]

В категории материалов: 389
Показано материалов: 371-380
Страницы: « 1 2 ... 36 37 38 39 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам

Жалған буын , псевдоартроз (грек. pseudos — жалған, arthron — буын) — бітіспеген сынық орнында немесе организмнің дұрыс қалыптаспауынан пайда болатын сүйектің қалыптан тыс "ойнақшып” қозғалып тұруы. Ж. б-ның іштен туа біткен және жүре пайда болатын түрлері бар. Ана құрсағындағы нәресте сүйегінің дұрыс қалыптаспауынан болатын — іштен туа біткен Ж. б. — жас сәбилерде болады және сирек кездеседі. Жүре пайда болған Ж. б. сүйектің жарақаттануынан (иық, қол, сан сүйектері сынғанда, остеотомия), остеомиелит, мешел, цинга, т.б. аурулардың салдарынан болады. Сынық дұрыс бітпегенде, сынған жердің арасында шеміршек не тыртық пайда болады. Бұл сынықтың бір-бірімен жанасып өсуін (бітісуін) тежеп, соның салдарынан орнына барып түспеген сүйек "ойнақшып”, қозғалып тұрады. Мұндай жағдай болмау үшін сынған сүйекті бір-бірімен дұрыс жанастырып, қозғалмайтындай етіп бекіту керек. Ж. б-ды, негізінен, хирургиялық жолмен емдейді. Кей жағдайда сынған сүйекті металдан не пластмассадан жасалған арнайы пластиналар арқылы жалғап, өз орнына салады. Сынық әбден жазылғаннан кейін, жалғаған заттардың кейбіреуі сүйек тіндерімен бірігіп, бітіп кетеді де, қалғанын дәрігер алып тастайды. Сондай-ақ, Ж. б-ды емдегенде ортопедиялық аппараттар да пайдаланылады.

Биология | Просмотров: 1147 | Загрузок: 99 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Дистония — қан тамырлары тонусының шамадан тыс төмендеуінен немесе жоғарылауынан организмде болатын өзгерістер.

Биология | Просмотров: 1106 | Загрузок: 70 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Даун синдромы (21 хромосоманың трисомиясы) – 21-жұп хромосомалардың қалыпты екі көшірменің орнына 3 көшірмесімен (трисомия) көрінетін геномдық патологиялардың бір түрі, сондықтан адам кариотипі қалыпты 46 хромосома орнына 47 хромосомадан тұрады. Берілген синдромның басқа 2 формасы белгілі: 21 хромосоманың басқа хромосомаларға транслокациясы (жиі 15, сирек 14, өте сирек 22, У хромосомаға) - 4% жағдайда, синдромның мозаикалық нұсқасы – 5 % жағдайда кездеседі. Синдром ауруды 1866 жылы алғашқы рет сипаттаған ағылшын дәрігері Джон Даунның есімімен аталған. Туа біткен синдромның себебі хромосомалар санының өзгеруіне байланысты екенін 1959 жылы француз генетигі Жером Лежен анықтаған. «Синдром» сөзі белгілер мен қасиеттердің жиынтығы деген мағына береді. Бұл терминді қолданғанда «Даун ауруынан» көрі «Даун синдромы» сөзін қолданған дұрыс. Даун синдромымен ауыратын адамдардың Халықаралық күні алғаш рет 2006 жылдың 21 наурызында өткізілді. Мерекенің күні мен айы жұп хромосоманың реттік номері мен санына байланысты таңдалған болатын.
Биология | Просмотров: 4783 | Загрузок: 455 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Бартолинит (bartholіnіtіs) — әйелдің қынап сағасындағы үлкен бездердің (бартолин бездерінің) қабынуы. Бұл ауруды гонококк, стрептококк, стафилококк микробтары қоздырады. Бартолиниттің жедел және созылмалы түрлері болады. Бартолинит соз ауруымен ауыратын әйелдерде жиі кездеседі. Бартолин бездері қабынған жағдайда оның айналасында тығыз ісік қалыптасады. Егер ауру уақытында емделмесе, ол қатайып, іріңді ісікке айналады (кейде іріңді ісік өз бетінше жарылып да кетеді). Сондықтан ауру әйел ісіктің белгісі білінісімен дереу дәрігерге көрінуі қажет, себебі ол ретенционды кистаға айналуы мүмкін. [1]

Пайдаланылған әдебиеттер

 

↑ Қазақ Энциклопедиясы

Биология | Просмотров: 1115 | Загрузок: 117 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Балантидиаз (balantіdіosis) — балантидиаз [Balantіdіum colі, грек. balantіdіum – қап], адам және жануарлар ағзасында, қоздырғышы Balantіdіum colі ауыз-нәжіс механизмі арқылы берілетін, тоқ ішектің зақымдалуымен және дизентерияға ұқсас белгілері бар, ұзақ және созылмалы түрде өтуімен сипатталатын зооноздық антропургиялық қарапайымдылар тудыратын инвазиялық ауру. Қоздырғышы инфузориялар класына жатады. Бірінші рет іші өтетін аурудан паразитті бөлген швед дәрігері P.Malmsten (1857).

Вегетативтік түрі – созылыңқы, көбінесе жұмыртқа тәрізді, өлшемі 30-150х30-100 мкм. Әртүрлі тағам бөлшектерімен, ішек бактериялары және саңырауқұлақтар, қанның элементтері ж.т.б. қоректенеді. Вегетативтік түрлері және цисталары қоршаған ортада өте төзімді, нәжісте 5-6 сағат 2 айға дейін сақталады, қалың екі қабатты, 50-60 мкм циста құрайды. Карбол қышқылының 5% су ертіндісінде 3 сағатқа дейін, формалиннің 10% ертіндісінде – 4 сағатқа дейін өмір сүреді.

Биология | Просмотров: 1314 | Загрузок: 129 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

БАДЫРАҚКӨЗ, экзофтальм (грек. ex — сыртқы және ophtһalmos — көз) — көздің ұясынан сыртқа ығысуы түрінде байқалатын сырқат. Бадырақкөз шын және жалған болып ажыратылады. Шын Бадырақкөзге көз бен көз ұясының аурулары, ал жалған Бадырақкөзге көздің нашар көруінен болатын аурулар жатады. Шын Бадырақкөз тұрақты, ауыспалы, солқылдақ болып үшке бөлінеді. Тұрақты Б-дің басты себептері: жалпы организм аурулары (лейкемия, тиреотоксикоз, т.б.), бас аурулары (ми ісігі, қан тамырларының кеңеюі), мұрын қуысы ісігінің немесе қабынуының көзге шабуы. Ауыспалы Бадырақкөз тамырдың варикозды кеңеюінің салдарынан пайда болады. Венадағы қан қысымы көбейгенде көз ұясынан алға қарай ығысып, қайтқанда — ішіне түсіп, шүңірейіп тұрады. Солқылдақ Бадырақкөз кезінде ішкі ұйқы артериясы мен көз қуысының арасында қосымша қан тамыры (жалғама) пайда болады. Мұндай жалғама іштен немесе қан тасу аурулары, бастың жарақаттануы салдарынан пайда болады. Бадырақкөзді негізінен операция жасау арқылы емдейді.[1]

Пайдаланған әдебиеттер

 

↑ Қазақ Энциклопедиясы, 1 том

Биология | Просмотров: 1245 | Загрузок: 115 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Ауыз уылуы

Ауыз уылуы (стоматит) — ауыздың кілегей қабығының қабынуы.

Оның бірнеше түрі болады. Олар: ауыз кілегей қабығының жай ғана қызаруы; екіншісі — жас балаларда кездесетін — ауыз кілегей қабығының күлбіреуі; үшіншісі — ауыз ойылуы.

Ауыздың кілегей қабығы қатты қабынғанда адамның қызыл иегі қатты ісініп, қанай береді, ұрттың кілегей қабығы қабынғанда тістің батқан ізі көрініп тұрады, сілекей ағады, кейде мүңкіген сасық иіс шығады.

Биология | Просмотров: 1249 | Загрузок: 124 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Аутизм - (гр. autos - өзім) - адамның сырткы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл күйі. Бұл терминді 1912 жылы Э. Блейлер адамның ішкі эмоциялық кажеттіліктерімен реттелетін және шынайы әрекеттерге тәуелділігі шамалы аффективтік саланың айрықша түрін белгілеу үшін енгізген. Аутист балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Математика және музыкадан дарынды, бірнеше тілдерді меңгеруі де мүмкін. Бірақ бұл қасиеттер әдеттегі жастан кейінірек байқалады. Сондықтан да бұндай балалар арнайы интернаттарда емес, кәдімгі жанр ортасында тәрбиеленуі қажет.[1]
Биология | Просмотров: 3210 | Загрузок: 114 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Арахноидит — ми мен жұлынның тор қабығының қабынуы салдарынан пайда болатын созылмалы ауру. А., көбінесе, жұқпалы аурулардың асқынуынан, бассүйек пен омыртқа жотасының бітеу жарақат алуынан және уланудан болады. Мидың А-ты кезінде науқастың басы қатты ауырып құсады. Есту, көру т.б. қабілеттері нашарлап, кейде есінен тануы да мүмкін. Жұлын А-ты болғанда науқастың аяғы, қолы қатты сырқырап, ұйиды. Дертті анықтау үшін неврологиялық тексерулер жүргізіледі, жұлын сұйығының құрамын, қысымын анықтайды. Көптеген жағдайда бас сүйегіне компьютерлік томография жасайды. Орталық ми қабығының қабынуын анықтау кезінде көздің көру қабілетіне, әсіресе көз түбі қан қысымының өзгеруіне ерекше көңіл бөлінеді. А-ны оташылық жолмен және дәрі-дәрмектер беру арқылы емдейді.

Биология | Просмотров: 1081 | Загрузок: 118 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

Альвеококкоз (alveococcosіs; синонимі: көп камералы эхинококкоз — эхинококк тектес таспа құрттардың (echіnococcosіs alveolars) әрекетінен болатын ауру. Қазақтар кейде оны "бауыр құрт” деп атайды. Құрт иттің, қасқырдың, түлкінің ішектерінде арамтамақ (паразит) ретінде өмір сүреді. Көбінесе бауырда, өкпеде, кейде бүйректе және жүректе де орналасады. Құрт дернәсілі өсе келе сол орналасқан ағзаның бөліктерін біртіндеп зақымдайды. Ауру көп жылдар бойы адамға еш белгі бермеуі мүмкін. Құрт өсіп, көбейе, келе А. белгісі пайда болып, паразит орналасқан органның көлемі ұлғаяды. Егер құрт бауырда орналасса, ол ұлғайып, қатаяды, науқас тез жүдеп, терісі сарғыш тартады, қан құрамында эозинофилдер көбейеді. А-ды толық анықтау үшін рентген сәулесі, ультрадыбыс пайдаланылады және лабораториялық зерттеулер жүргізіледі. А-дың негізгі емдеу жолы — хирур. жолмен алып тастау.

Биология | Просмотров: 1538 | Загрузок: 123 | Добавил: Admin | Дата: 11.12.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 351-360 361-370 371-380 381-389